Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері


Қалдықсыз өндірістер сұрақтарын қарастырғанда қолданылатын негізгі түсініктер



бет25/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Лекция ОХББ1

Қалдықсыз өндірістер сұрақтарын қарастырғанда қолданылатын негізгі түсініктер
Өндіріс қалдықтары – берілген өнімді алу кезінде шикізаттардан, материалдардан, жартылай өнімдерден түзілетін қалдықтар.
Тұтыну қалдықтары – ары қарай пайдалануға келмейтін өндірістік-технологиялық және тұрмыстық бұйымдар (ескірген пластмссса және резеңке бұйымдары, пештердегі істен шыққан кірпіштер) .
Қосымша өнімдер – шикізатты физикалық-химиялық өңдеу кезінде өндірістің негізгі өнімдерімен түзіледі. Көпшілік жағдайда олар товар түрінде болады, олардың ГОСТ және ТУ болады, бағасы болады және олардың шығарылуы жоспаланады
Екінші материалдық ресурстар – мақсатты түрде өнім шығару үшін негізгі және көмекші материалдар ретінде қолдануға болатын өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиынтығы.
Өнімдер өндіріс сферасында немесе тұтыну сферасында пайдаланылады да қайтадан қалдықтар түзіледі. Материяның сақталу заңы бойынша өндіріс пен тұтыну сфераларында баланыс құруға болады:
R = A (1 – φ m) + S
Мұндағы R – табиғи ресурстардың шығыны, кг/с; A - өндіріс және тұтыну сферасындағы түзілген қалдықтардың массасы, кг/с; φ m – қалдықтарды пайдаланудың орташа коэффициенті, кг/кг; S - өнімділіктің артуынан өндіріс және тұтыну сфераларында жинақталған заттардың массасы, кг/с
Баланс теңдеуі бойынша, пайдаланылмаған қалдықтардың меншікті мөлшеріеің төмендеуі А(1 - φm) соған байланысты табиғи ресурстардың R
меншікті жұмсалу мөлшерінің төмендеуі мүмкін:
өндіріс қалдықтарының меншікті шығымының азайуынан;
қалдықтарды пайдалану коэффициентің φ m артуынан.


Қалдықтарды минимизациялау концепциясы
Концепция қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Ол аймақтағы экологиялық жағдайлармен байланысты. Концепцияның жүзеге асырылуы бірінші кезекте шикізат және энергия ресурстарын жетілдіріп пайдалануымен байланысты. Сонымен қатар концепция мынандай шараларды да қарастырады
Шығарлымдарды санитарлық тазарту және залалсыздандру. Шығарлымдарды зиянды заттардын тазартады немесе оларды улы емес заттарға дейін залалсыздандырады, яғни нормада болады.
Қосымша материалдарды азайту және ауыстру. Мысалы, ағындарды қоршаған ортаның температурасына дейін төмендету үшін су суытқыштарын пайдаланады. Олар коррозияға ұшырап (су аппаратураны бүлдіреді ондағы еріген тұздардың және ауадағы оттегінің әсерінен), аппаттық жағдайлардың шығуына әкеліп соқтырады. Бұдан басқа суытқыш агент – суды – тазарту жүйесі, одан жылуды әкету жүйесі күрделі. Су суытқышын ауа суытқышымен ауыстыру суыту жүйесін жеңілдетіп,зиянды шығарлымдарды азайтады.
Тұйық суайналымы. Химия өндірісінде су көпшілік жағдайда қосымша материал ретінде пайдаланылады. Су технологиялық аппараттар, құбырлар арқылы өткенде ластанып оны тазалау қымбатқа түседі. Тұйық суайналымын пайдаланғанда ластанған су тазартылады.
Құрал-жабдықтардың және ХТЖ элементтерінің сенімділігін арттыру, кез келген компоненттің жүйеден шығып кетуін(утечка) және тасталуын болдырмайды. Осындай шығындардың негізгі көздері:
күштердің әсерінен (қысым, үйкеліс, салмақ күштері) құралдардың конструктивті элементтерінің бұзылуы
құрал-жабдықтардың элементтерінің коррозияның әсерінен бүлінуі
қосқыш детелдардың, тығыздағыштардың (сальники) байланыстарының бүлінуі
Олардың алдын алатын шаралар:
жетілдірілген конструкцияларды пайдалану;
механикалық, химиялық әсерлерге тұрақты конструкциялық элементтерді таңдау;
процесті жүргізу кезінде технологиялық тәртіпті сақтау;

әруақытта құралдадың жай-күйлеріне профилактикалық тұрғдан қадағалау (диагностика), және жөндеу;


диагностика негізінде мүмкін болатын бұзылулурды анықтау

ХИМИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕРДЕ ҚАЛДЫҚСЫЗ ӨНІМДЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет