Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері


Өте улы және радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру



бет23/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Лекция ОХББ1

Өте улы және радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру.
Өте улы қалдықтарды залалсыздандыру стадиясы соңғы стадия болып табылады , және пайдалы компонентерді қалдықтардан бөліп алу бірге жүргізіледі. Қалдықтарды физикалық-химиялық әдістермен өңдегенде жаңадан қатты немесе шламтәрізді қалдықтар түзіледі және олардың ешқандай құндылығы болмайды . Сондықтан оларды өте улы қалдықтар ретінде жою қажет. Өте улы қалдықтарды жою әдістерінің ішінде көбірек тарағандары көму полигондары, шламсақтағыштар, терең жерасты скважиналарына көму, немесе айдау және жағу.
Қалдықтарды көму полигондары жер бетінде жасалған құрылыстар болып табылады және мұнда жоғарғыулы қалдықтарды алдын-ала дайындап, жермен жауып көму кіреді. Полигонның құрамына жылуды утилизациялап, қалдықты жағатын пеш кіреді.
Залалсыздандыру әдістерінің кең тарағаны бейтараптандыру және бір қалдықты екінші қалдықпен өңдеу нәтижесінде қиын еритін қосылыстар алу. Бұл әдіспен құрамында мышьяк қосылыстары бар қалдықтарды сульфидті қалдықтармен өңдегенде ерімейтін мышьяк сульфидін алады.
Өте улы қалдықтарды залалсыздандыру үшін қатыру әдісін қолданады, бұл әдісте улы компонентерді қатыру арқылы ерімейтін қосылыстарға, агломераттарға айналдырады. Бұл әдісті ауыр металдарды, сынап, және улы шламдарды және қалдықтарды залалсыздандыру үшін қолданады. Қалдықтарды қатыру үшін цемент, известь, битум, органикалық полимерлер, силикатты материалдарды қолданады.
Капсулдау әдісі. Улы қалдықты инертті материал пленкасымен қаптайды (әйнектеу) Капсул материалы тотығуға өте тұрақты болу қажет.
Қалдықтарды терең горизонттарда көму үшін, бар скважиналарды немесе оларды 4000 м дейінгі тереңдікте бұрғылайды. Скважинаны бұрғылағанда жердің геологиялық сипаттамаларын ескереді. ( кеуектілігі, өткізгіштігі, герметикасы). Сонымен қатар артизан суларын қорғау, скважиналарды пайдалануды бақылау формаларын жасайды.
Жағу және пиролиз әдісімен сұйық және қатты өте улы қалдықтарды залалсыздандырады. Қалдықтардың көлемі 85% дейін азайады. Жағу үшін конструкциялары әр түрлі пештерді қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет