Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Педагогикалық технологиялар құрылымы



бет7/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

2.2 Педагогикалық технологиялар құрылымы

Педагогикалық технологияның негізгі құрылысын былай тұжырымдауға болады:


1.Концептуалдық негізі.
2.Мазмұндық бөлігі:

  • жалпы және нақты оқыту мақсаттары;

  • оқыту материалдарының мазмұны.

3.Процессуалдық бөлігі – технологиялық процесс:

  • оқыту процесін ұйымдастыру;

  • оқушының оқу әрекетінің әдістері мен түрлері;

  • ұстаздың оқу материалын меңгеру процесін басқару әрекеті;

  • оқу процесін диагностикалау.

Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технология негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек (Г.К.Селевко ).


Педагогикалық технологияға қойылатын методологиялық талаптар:
Концептуалдық негізі. Қандай технология болса да философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми тұжырымдамаға негізделуі тиіс.

  1. Жүйелілігі. Педагогикалық технологияда жүйенің белгілері – процестің логикасы, барлық бөліктердің өзара байланыстығы және бүтіндігі болуы шарт.

  2. Басқаруға оңтайлығы. Диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға, нәтижені өңдеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі болуы керек.

  3. Тиімділігі. Білім беру стандартын қанағаттандыруы тиіс.

  4. Қайталауға жарамдылығы. Басқа ұжымда да дәл осы күйде қолдануға мүмкіндіктің болуы.

  5. Өзектілігі. Дидактикалық, методологиялық және ұйымдастыру мәселелерін шешу.

«Педагогикалық технология» ұғымы үш деңгейде қолданылады (Селевко Г.К.):
1.Жалпы педагогикалық (жалпы дидактикалық) – педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен объектілерінің әрекет алгоритмінің кіруі
2.Салалық (пәндік) – бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы
3.Локальдік (модульдік) – оқу-тәрбие үрдісінің жеке әрекеттер технологиясы (ұғымды қалыптастыру; жеке қасиеттерді қалыптастыру, сабақ технологиясы, жаңа материалдарды меңгеру технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, өзіндік жұмысты ұйымдастыру технологиясы және т.б.).





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет