Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Деңгейлеп оқыту технологиясы дегеніміз не?



бет22/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Деңгейлеп оқыту технологиясы дегеніміз не?
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты–әрбір оқушының өзінің даму деңгейіне байланысты оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп оқыту технологиясының ғылыми-теориялық негіздері:
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әр түрлі даму деңгейіндегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей–мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі деңгей. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болуы үшін:

Деңгейлеп оқыту технологиясын іске асыру кезеңдері.





Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дайындық кезең

Оқушылардың оқу материалын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгергенін анықтау.




Диагностикалық кезең

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен, әңгімелесу.

Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылықтары негізінде пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды.

Оқушыларды топқа бөлу кезеңі.

Оқушыларды топқа бөлу.Әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды айқындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.

Белгілі топты оқушының таңдауы. Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.

Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі.

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Таңдалған топта өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру.

Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтиже-лерін бағалау кезеңі.

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау. Оқу материалын толық меңгермеген оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу.

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет