Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Жобалап оқыту технологиясы



бет24/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

3.6 Жобалап оқыту технологиясы



  • Жобалап оқыту технологиясының мақсаты, міндеттері және теориялық негіздері.

  • Жобалап оқытудың мәні.

  • Жобалап оқыту технологиясын жіктеу.

  • Жобалап оқытудың кезеңдері.

  • Жобалап оқыту технологиясын химия курсында қолдану мысалдары.

  • Жобалап оқыту технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктері.

Жобалап оқыту технологиясын жеке тұлғаға дербес бағдарланған технологиялардың бірі деп есептейді. Бұл технология оқушылардың дербестігін, ынталылығын, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді. Осы технология ХХ ғасырдың 20 жылдарында АҚШ-та жарық көрді және оның негізгі идеяларын Дж.Дьюи мен У.Килпатрик жасады.
Негізгі идеялар:

  • бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпен орындайды;

  • іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;

  • балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған сүйену;

  • шынайы оқыту ешқашанда бір жақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де өте маңызды.

Карл Фрей жобалау әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді. Олардың бірнешеуін келтірейік:

  • жобаға қатысушылар өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын іліп әкетеді;

  • жобаға қатысушылардың оқыту түрі туралы бір-бірімен келіседі;

  • жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамыта отырып, оны басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді;

  • жобаға қатысушылар өздерін жұмысқа дайындайды, ұйымдастырады;

  • жобаға қатысушылар бір-біріне жұмыс барысы туралы ақпараттар беріп отырады;

  • жобаға қатысушылар пікірталастарға қатысады.

Енді жобалап оқыту дегеніміз не деген сұраққа жауап іздейік.
Карл Фрей жобалау әдісін жоба жасаудағы оқушы мен мұғалім әрекетінің жүйесі деп қарастырған.
Н.Г.Чернилова жобалап оқытуды: «Базалық теориялық білімді меңгеру үшін комплексті оқу жобаларын ақпараттық үзілістермен кезектестіріп орындауға негізделген дамыта оқыту» дейді. Автордың пікірінше,жобалап оқыту - дамыта оқытудың бір түрі.
Қазіргі таңда жобалап оқытуға былай анықтама беруге болады: Жобалау әдісі деп туындалған проблеманы шешуге бағытталған оқушы мен мұғалімнің бірге атқаратын іс-әрекетін айтады.
Оқыту процесін толығымен жобалап оқытуға көшіру мүмкін емес екені мәлім. Алайда, білім жүйесінің қазіргі даму кезінде педагогикалық практиканы жеке тұлғаға бағытталған технологиялармен байыта түсу көкейкесті міндеттердің бірі.
Жобалап оқыту мақсаты:

  • жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуі;

  • танымдық және практикалық міндеттерді шешуде алған білімді пайдалану;

  • әр түрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеру;

  • зерттеу біліктерін ( проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) дамыту;

  • жүйелі ойлауды дамыту.

Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:

  • басты назар-оқушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді;

  • оқыту процесі оқу пәнінің логикасына сай емес, оқушы үшін жеке мәні бар іс-әрекет логикасына сай құрылады, бұл оның оқуға деген ынтасын арттырады;

  • жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді;

  • оқу жобасын комплексті жасау оқушының негізгі физиологиялық және психологиялық қызметінің тепе-тең дамуына септігін тигізеді;

  • базалық білімнің терең де саналы меңгерілуі оның әр түрлі жағдайларда жан-жақты қолданылуы есебінен қамтамасыз етіледі.

Сонымен жобалап оқытудың негізгі мәні не?
Оқу жобасын жасау процесінде оқушының нақты жағдайларды бастан өткізуі процестердің, құбылыстардың мәніне терең бойлауы, жаңа нысандарды жобалауы–технологияның негізгі мәні десе де болады.
Ал мұндай жетістіктерге жету үшін оқытудың ерекше түрі қажет.
Жобалаудың жіктелуі. Қазіргі кезде осы технологияны жан-жақты қарастыру мақсатында әр түрлі жіктеулер бар. Оларды жалпылай отырып, белгілі жобалардың жіктелуін 5-суреттегідей көрсетейік.
Жобалауға кеткен уақытқа байланысты оқу жобасы үшке бөлінеді:

  • қысқа мерзімді (2-6 сағат);

  • орташа мерзімді (12-15 сағат);

  • ұзақ мерзімді.

Интеграциялау деңгейіне қарай оқытылатын пән мазмұны негізінде жасалған жоба пәндік және пәнаралық болуы мүмкін. Оқушыларға пәнаралық жобалар қызығушылық тудырады.
Жобаға қатысушылардың саны бойынша жеке және ұжымдық болып бөлінеді. Ұжымдық жобаны екі оқушы орындаса қосарлы, ал егер бір топ оқушылардың қатысуымен болса оны топтық деп атайды.
Іс-әрекеттің басымдылығына байланысты жобалар шығармашылық, зерттеушілік, танымдық, ойын арқылы және практикаға бағытталған деп бөлінеді.
Зерттеушілік жобалар ғылыми проблеманы шешуге бағытталған. Мұнда тақырыптың көкейкестігін, мақсатын, міндеттерін, зерттеу нысандарын, нәтижелерді талқылау мен қорытындылау өте маңызды. Бұл жобаларды сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта жасауға болады. Мысал ретінде аймақтағы экологиялық проблемаларды шешуге, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалануға, өсімдіктерден қажетті дәрілік заттар алуға және т.б. жобаларды келтіруге болады. Кез-келген зерттеушілік жоба дайындауда оқушылардың шығармашылық қабілеті оянады.
Ойын түріндегі жобалар жасауда оқушылар өздеріне белгілі бір рөлді қабылдайды. Мысалы аймақты кешенді түрде зерттеу мақсатында ғылыми топ құру қажет.
Практикаға бағытталған жобалар практикалық нәтижелер беретін болуы қажет. Мысалы, су қоймаларын химиялық жолмен тазарту, автокөліктердің қоршаған ортаны ластауын химиялық жолмен азайту және т.б. Соңғы кездері оқушылар Интернет арқылы халықаралық жобаларға да қатысып жүр.
Дидактикалық құралдардың қолданылуына қарай жобалар классикалық,ақпараттық және коммуникативтік болып бөлінеді. Классикалыққа жататындар: басылымдар (оқулықтар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, ғылыми журналдар), көрнекіліктер (кестелер, сызбанұсқалар, суреттер) жатады. Компьютерді қолдану арқылы оқушылар ақпараттарды тез жинақтауға, талдауға, өңдеуге мүмкіндік алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет