Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Интеграциялық процестің ұстанымдары



бет28/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Интеграциялық процестің ұстанымдары:
объективті алғы шарттар (онтологиялық, гносеологиялық, әлеуметтік-практикалық);
бұрынғы бөлінген бір немесе әр түрлі компоненттер;
бұрын бөлінген компоненттердің бірігуі;
біртұтастық.
Интеграцияның қозғаушы күшін анықтап алайық. Оны жүзеге асыру үшін қандай шарттарды міндетті түрде орындау керек? Оқу пәндерінің интеграциясының құндылықтары қандай?
Оқытудың өмірмен байланыстылығы – дидактикалық негізгі қағидаларының бірі болып табылады және ол педагогтар мен психологтар еңбектерінде арнайы зерттелген. Психологтар оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуін, олардың танымдық және психикалық процестерін дамытатындығын (қабылдау, ойлау, қиял) дәлелдеген болатын.
Сол сияқты зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның білім, икемділікті меңгеру дәрежесі және оларды әр түрлі практикалық әрекетте қолдануы, тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Химияны оқыту барысында оқушылар жеке білімдерін практикада қолдана алатындығы, өзін қоршаған дүние туралы ұғымдарды, олардың жүйесін талдай, оларға қорытынды жасай білетіндігі, білімді жаңа жағдайға көшіре алатындығын көрсетті. Бұл химия пәнін оқитын оқушыларда өзіндік және жүйелік ойлаудың қалыптасатындығының дәлелі.
Оқушылардың жүйелік ойлауы, танымдық әрекеттің шығармашылық тәсілдері, оқушыда құндылық бағдардың қалыптасуына, білімнің жеке элементтері арасында байланыс орнығуына жағдай туғызады.
Қиылысатын іскерліктерді жетекші, жалпы ғылыми идеяларға сәйкес пәндік білімдерді таңдау және біріктіру негізінде оқу бағдарламаларын жүйелеу. Содан соң, әр түрлі пәндерді оқытуды келістіруден оларды терең өзара кіріктіруге көшіру әр түрлі деңгейде жүзеге асырылады:

  • пәнішілік интеграция, пәнаралық интеграция, пәндер мазмұнын жақындастыру, жаңа түзілім пайда болуына әкелетін мүшеленген бөліктердің толық бірігуі – синтез деп аталады;

  • бастапқы деңгейі: бір пән бойынша ұғымдарды, бейнелерді басқа пәндерден алу, яғни «басқа аймаққа кіру» принципі;

  • тереңірек деңгей: қазіргі жаратылыстану, мәдениеттану, т.б. әдіснамалық негізін құрайтын жалпы принциптерді әр түрлі пәндер бойынша сабақтарда қолдану;

  • өз ерекшеліктері бойынша әр түрлі пәндік білімдерді қажет ететін мәселелер мен құбылыстардың кешенін қарастыру.

Зерттеліп отырған проблема тұрғысынан және жоғарыдағы факторларды есепке ала отырып, біздің көзқарасымыз бойынша интеграцияның мүмкін болатын жолдары анықталды:

  • пәндердің бір курсқа толық бірігуі, синтезделген курстарды оқыту – толық интеграция;

  • өзектік бағыттары бойынша жеке пәндердің бірігуі;

  • оқу бағдарларында объектілер бойынша блок құру.

Біз бүгінгі күнгі зерттеулерде қол жеткізіп отырған негізде оның соңғы екі жолы жүзеге асырылуы қажет деп есептейміз.
Кірігу негізіне объективті шарттар себеп болады:

  • онтологиялық (бүтін мен бөлшектің, жеке мен жалпының бірлігі);

  • гноселогиялық (таным процесіндегі синтездеу әдісі);

  • әлеуметтік-практикалық (қазіргі заманғы күрделі ғылыми, қолданбалы-практикалық, өндірістік-практикалық, әлеуметтік мәселелерді шешу).

Интеграциялық (кіріктірілген) процестер заңдылықтарының ұстанымы− біртұтастылық. Оларға ең алдымен қажетті, негізгі, қайталанатын процестердің арасындағы байланыс жатады . Атап айтсақ:

  • химия пәнінің жүйетүзгіш логикасы;

  • адам баласы жасаған табиғи заттар мен материалдардың бірлігі және олардың техникада, технологияда, тұрмыста қолданылуы;

  • заттардың бір-бірімен құрамы, құрылысы, қасиеттері бойынша өзара байланысы мен тәуелділігі;

  • химияны және басқа объектілерді (биологиялық, физикалық, географиялық, экологиялық және т.б.) оқытудағы біртұтастылық;

  • интеграциялық процестер мен білім беру процестерінің біртұтастығының өзара себептері.

Интеграциялық процестер жүру барысында интеграциялану механизмін анықтап алған жөн. Интеграциялану механизмі деп бұрын бөлініп кеткен көптеген компоненттердің біртұтастыққа белгілі бір логикалық буындардың бірінен кейін бірінің бірігу жүйесін айтады. Бұлай кіріктіру көп сатылы болады.
Кірігуге дейінгі сатыға жататындар:

  • оқу пәндерінің мазмұны мен оның компоненттерін–дидактикалық жолмен сараптау;

  • оқу материалдарындағы функционалды, дидактикалық және кәсіби байланысқан компоненттерді жалпылап қорыту.

Кіріктіру сатысына:

  • құрылымы реттелген, бірақ бөлініп кеткен оқу материалдарын абстракциялау;

  • функционалды байланысқан компоненттерді одан әрі жалпы қорытындылау;

  • компоненттерді пәнаралық, конгломерат және синтез түрінде біріктіру (интеграциялау);

  • интеграцияланған компоненттер мазмұнын жүйелеу.

Интегративтеуден кейінгі сатыдағы жүзеге асырылуы керек шаралар:

  • оқу материалының интегралдық құрылымын құру;

  • жоғары деңгейде құрылымы реттелген интегративті оқу материалының болуы.

Білім берудің интеграциялану мазмұны мынадай әлеуметтік және дидактикалық факторлармен қамтамасыз етіледі:

  • әлеуметтік тапсырысты іске асыру;

  • ғылымда, білімде, техникада, технологияда және өндірістік экономикадағы интеграциялық процестерді бейнелеу;

  • мектеп курсындағы химияның озық идеяларын іске асыру;

  • дидактикалық және кәсіби маңызды пәнаралық маңызды объектілерді оқу;

  • әрекеттің тұтас жүйелігін іске асыру;

  • ғылымаралық жаһандық проблемаларды бейнелеу;

  • дидактиканың озық заңдылықтары мен принциптерін іске асыру.

Кіріктірілген процестер дидактикалық шарттарға байланысты әр түрлі болады:

  • компоненттердің мазмұнына (фактілер, ұғымдар, теориялар, методтар, заңдар, проблемалар және т.б.), жалпылау дәрежесіне;

  • пән мазмұнының көлеміне (пәнішілік интеграция, пәнаралық интеграция, категориялық синтез);

  • интеграциялық процестердің аяқталу дәрежесіне;

  • кірігетін пәндердің басымдылығына (гуманитаризациялау, фундаментализациялау, техникаландыру, технологияландыру, экологияландыру).

Қолдану деңгейіне қарамастан интеграциялық процестердің жалпы құрылымы бар және жалпы методика бойынша көпсалалы механизм түрінде іске асады.
Кіріктірілген технологияны іске асыруда инновациялық тәжірибелердің елеулі маңызы бар. Бұл технологияны ары қарай дамыту арқылы білім берудің жаңа сатысына шығаруға болатынын алдын-ала болжауға нақты сенім бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет