Химияны оќытудыњ жања технологиялары


«Белоктар» тақырыбын кіріктірілген технологиямен оқыту



бет29/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

«Белоктар» тақырыбын кіріктірілген технологиямен оқыту


І. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың жоғары молекулалық қосылыстар, белок туралы білімін кеңейту.
2. Тәрбиелік: Кез келген жағдайда қорытынды жасай білуге және өзгелермен өзін салыстыра алатындай дәрежеге жетуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Қосымша әдебиетпен жұмыс жасай білуге, реактивтерді дұрыс пайдалана алуға, аудитория алдында іркілмей сөйлеуге баулу.
ІІ. Сабақтың типі: семинар сабақ.
ІІІ. Қолданылатын құрал-жабдықтар (көрнекілік):
1. Оқу кітаптары: мектеп оқулығы, анықтамалар, қосымша журналдар.
ІІІ. Көрнекі құралдар: «Белок структурасы»,«Белоктың жасушадағы синтезі» – кестелері, кодоскоп, қосымша әдебиеттер.
ІІІ. Тәжірибелік заттар: сынауықтар, су, шикі және пісірілген картоп, шикі ет, сутегі пероксиді және пипеткалар.
ІV.Сабақтың барысы:

  1. Алдын-ала дайындалған сұрақтарды оқушыларға тарату.

  2. Тәжірибелік жұмыс жасау.

  3. Сабақты пысықтауға арналған тапсырмалар тарату.

  4. Сабақты қорыту.

  5. Үй тапсырмасын беру.

Семинар сұрақтары:

  1. Белокты кім ашты? Және оның табиғатта каздесуі (Тірек белгі арқылы түсіндіру).

  2. Белоктың структуралық құрылымы мен классификациясы.

  3. Белоктың құрамы.

  4. Белоктық қорек.

  5. Ауыстыруға болатын және ауыстыруға болмайтын аминқышқылдар.

Сұрақтар таратылған соң, 1-оқушы 1-сұраққа тірек белгісі арқылы жауап береді.
1-оқушы жауап беріп болған соң , химия пәнінің мұғалімі оқушылармен тәжірибелік жұмыс жасайды.
Жұмыстың жүру реті:
1. Үш таза су құйылған сынауық дайындаңдар (судың көлемі шамамен 3 см3 болсын). Ең бірінші сынауыққа 3 үзім шикі картоп, екіншісіне 3 үзім піскен картоп, ал үшіншісіне 1 үзім шикі ет саламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет