Хирургия стандарт. Асептика және антисептика


«Гиппократ шапкасы таңғышын қою техникасы»



бет12/36
Дата30.09.2022
өлшемі205.89 Kb.
#461675
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Хирургия стандарт. Асептика және антисептика

«Гиппократ шапкасы таңғышын қою техникасы».
Мақсаты: басқа таңғыш қою.
Көрсетілім: Бас жарақаты.
Қоры: ені 20см екі дәке, қайшы, лейкопластырь.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қарама-қарсы отырғызыңыз, манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.
2.15 см–ге жайылған дәке алыңыз.
3.1 дәке ұшын 2-дәке ұшына қойыңыз, 2 ұшы бар дәке шығады.
4.2 ұшы бар дәкені сол және оң қолыңызға алыңыз.
5.Дәкені маңдай бөлігіне қойып, дәкенің 2 ұшын желкеге қарай өткізіңіз.
6.Шүйде аймағында қиыс а жасаңыз:
1- ші дәке ұшын шүйдеден маңдайға бассүйектерін жауып, 2-ші дәке ұшын басты айналдыра ораңыз.
7. 1 -ші дәкемен маңдайдан шүйдеге қарай ораңыз,2-ші дәкемен маңдайда қиыспа жасаңыз. 2-ші дәке бастың қара құс аймағынан өтеді, 1-ші дәке айнала оралады.
8.Қарақұс аймағы толық қамтылып жабылғанша ораңыз.
9.Бас жіктері жабылғанша дәкелеуді жалғастырыңыз.
«Желкеге Х тәріздес таңғыш қою техникасы».
Мақсаты: Желке мен мойын артына таңғыш қою.
Көрсетілім: желке аймағындағы жарақат, мойын аймағындағы отадан кейінгі кезең.
Қоры: ені 10-12см дәке.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тынышталдырыңыз.
2.Науқасты қарап, жарақат түрін анықтаңыз.
3.Манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.
4.Ені 10-12см дәке алыңыз.
5.Дәкені маңдай аймағына қойып екі бекітуші айналым жасаңыз.
6.Таңғышты желкеге қарай түсіріп, мойынның алдыңғы бөлігіне өтіңіз.
7.Қарама–қарсы беттен таңғышты құлақ үстінен алыңыз, тағыда желке мен басты айналдыра бекітіңіз.
8.Бірнеше рет қайталаңыз.
Вельпо таңғышы
Мақсаты: бұғана және иық жарақатында бекітіп тасымалдау
Қоры:ені 20 см.бинт қайшы,түйрегіш.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қарама қарсы отырғызып , оның колын шынтақ буынында бүгіп алақанды сау иықтың үстіне қоямыз.
2. Қолтық астына валикты қоямыз.
3. Қолтық астынан иыққа қарай бинтпен қиғаш ораймыз.
4. Қолтық астынан иыққа қарай бинтпен қиғаш ораймыз.
5. Бинтпен иықтан төмен қарай шынтаққа қарай ораймыз.
6. Шынтақтын алдынан қолды көкірекке қосып айналдыра ораймыз.
7. Осылайша бинт біткенше орап кеуде тұсында бекітеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет