Жансыздандыру
«А.В.Вишневскийдің инфильтраттық анестезиясын жүргізу техникасы».
Мақсаты: жергілікті жансыздандыру
Көрсетілім: Біріншілік хирургиялық жара өңдеу, тігіс қою, ірің қапты союда қолданылады.
Қоры: анестетиктер– 0,25 % 500мл новокаин, 0,5% 250мл новокаин, шприц 5-10-20мл, 1% йодонат, 70% этил спирті, егу инелері, стерильді таңғыш, стерильді лоток, резеңке қолғап, КБУ.
Әрекет алгоритімі:
1.Резеңке қолғап киіңіз.
2.Пинцетке қыстырылған стерильді салфеткамен теріні орталықтан переферияға қарай йодонатпен кейін спиртпен 2 рет өңденіз.
3.Шприцке новокаин ерітіндісін тартқызыңыз.
4.Егу инесін тері астына еңгізіңіз.
5.«Лимон қабығы»пайда болғанға дейін баяу еңгізіңіз.
6.Новокаинді еңгізе отырып инені тіндердің астына жылжытыңыз.
7.Инені алып 3-5 мин сайын тексеру жүргізіңіз.
8.Қолданылған қолғапты, инені, шприцты, таңғышты КБУ-ға тастаңыз.
Ескерту: Жергілікті анестезиядан кейін науқасқа күтім жүргізу:
Әрекет алгоритімі:
-Науқасты тексеруге ыңғайлы қалыпта жатқызыныз.
-Егер жүрек айну болса жастықты алып тастаңыз.
-Кері әсері болмаса жастыққа жатқызыныз.
-Науқасты 2 сағ бақыланыз: қан қысымын, тамыр соғысын өлшеңіз.
Травмотология.
«Гипс таңғышын қою техникасы».
Мақсаты: жарақат кезіндегі емдік көмек көрсету.
Көрсетілім: Түпкіліктердің механикалық жарақаты.
Қорғаныштық киімде жұмыс жасау керек: маскада, қолғаптарда, алжапқышта.
1.Гипс, дәке, кружка және мәрмәр жабындымен жеке үстелде дайындалады.
2.Гипс таңғышын қою алдында, гипстің сапасын тексеру керек.
3.Кебуін тездету үшін гипс дәкені жылы суда жібітеді.
4.Гипс дәкені судан ауа көпіршіктері бөлініп біткеннен кейін шығарады.
5.Науқасты таңатын дене аймағы жетімді болатындай етіп отырғызады.
6.Түпкіліктерге физиологиялық қалып жасайды.
7.Гипс таңғыш өлшемі сау түпкіліктен өлшенеді.
8.Терінің байлам қойылатын орнына балалар кремін немесе вазелинмен майлауға болады.
9.Шығыңқы жерлерге мақта төсенішін қояды немесе толық аймақты мақта маталы төсеніш пен алшақтайды.
10.Таңғышты мұқият қояды.
11.Қан айналымын бақылау үшін саусақтарды ашық қалдырады.
12.Таңғыш түріне қарай қосымша дәкемен бекітеді.
13.Гипс толық қатайғанша түпкіліктерді қимылдатпау керек.
14.Таңғыш қойылғаннан кейін науқасты 2 сағ бақылауда ұстаңыз, стационарлық емдеуде– 2 күн.
Достарыңызбен бөлісу: |