«Транспорттық шина қою техникасы».
Мақсаты: зақымдалған түпкілікті уақытша тасымалдау.
Көрсетілім: зақымдалған түпкілік.
Әрекет алгоритімі:
1.Шина сөзсіз екі шектес буынды басып тұруы керек, кейде үш.
2.Түпкілікке тасымалдау кезінде мүмкіндігінше физиологиялық қалып беру.
3.Транспорттық шина қою кезінде киіммен аяқ киім шешілмейді.
4.Ашық сынық кезінде жарақатқа стерильді таңғыш қою керек.
5.Қатты шинаны ашық теріге қоюға болмайды, астына жұмсақ төсеніш қою.
6.Науқасты зембілден ауыстырған кезде, зақымдалған түпкілікті көмекші ұстап тұруы керек.
7.Шина сау түпкілікпен өлшенеді.
Ескерту: түпкілік шығулары, сынықтарын жеке орнына келтіруге болмайды. Дұрыс емес көрсетілген көмек нервті зақымдап, жарақатты ауырлатуы мүмкін. Резеңке жгутті киіміне жапқыш астына қоюға болмайды. Салқын уақыттарда шина қойылған түпкілік жылытылады. Комалық жағдай комаға қарсы әрекеттерге кедергі болмайды.
«Иық сынығында Крамер шинасын қою техникасы».
Мақсаты: Иық сынығында транспорттық тасымалдау.
Көрсетілім: Иық шығуы, сынуы.
Қоры: Крамер баспалдақты шинасы, дәке, мақта, сезімсіздендіруші зат,шприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тынышталдырыныз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
3.Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.
4.Жансыздандыру жасаңыз: 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.
5.Жарақат орнын қараңыз.
6.Сынық не шығу бар- жоғын анықтаныз.
7.Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.
8.Қолды бүгіп кеудеге қарай әкеліңіз.
9.Ұзыны 120см ені 11см баспалдақты Крамер шинасын таңыңыз.
10.Шинаны сау түпкілікке қойып, саусақ басынан шынтақ буынына дейінгі аралықты белгілеңіз.
11.Шинаны алып, айқындалған буын орнын тік бұрышта бүгіңіз.
12.Шинаны сау түпкілікке қойып, шынтақ буынынан иық буынына дейінгі аралықты белгіленіз.
13.Шинаны алып айқындалған буын орнын бүгіңіз.
14.Шина түбі арқадан сау күрекшеге өтетіндей етіп қойыныз.
15.Шинаны сау түпкілікте өлшеңіз.
16.Шинаны зақымдалған түпкілікке қойыңыз.
17.Дәке көмегімен сау күрекшеге дейін бектіңіз.
18.Түпкіліктің жақсы тіркелуі үшін бекітпе бау қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |