Холедохолитиаздың еміндегі ашық хирургиялық ЖӘне эндоскопиялық Әдістерді салыстыруды жүйелі шолу



бет2/6
Дата12.11.2022
өлшемі436.24 Kb.
#464649
1   2   3   4   5   6
Хоедохолитиаз диагностикасы.41-2 топ

Зерттеу мақсаты: Жалпы өт жолдарындағы тастарды емдеудің әртүрлі тәсілдерінің тиімділігін жүйелі түрде қарастыру. Шетелдік рецензияланған ресми журналдарда жарияланған жалпы өт жолдарындағы тастарды емдеу тақырыбын қамтитын зерттеулерге жалпы шолу жасау; Холедохолитиаз еміндегі қолданылатын емдеу тәсілдерін, ашық холецистэктомия және ашық жалпы өт жолы ревизиясы, лапроскопиялық холецистэктомия және лапроскопиялық жалпы өт жолы ревизиясына (LP+LCBDE) көрсеткіштерді анықтау; Холецистэктомия кезіндегі жүргізілетін эндоскопиялық ретроградтты холангопанкреатографияны (ERCP) холецистэктомияға дейін немесе кейін жасау әдістерінің тиімділігін салыстыру; Холедохолитиазды емдеу бойынша ұсыныстар беру.

Зерттеу материалдары: Біз Кохрейіндік реестрдегі гепатобиллиарлы топтағы бақыланатын зерттеу жұмыстары тізімін, Кохран кітапханасындағы Бақыланатын сынақтардың орталық тізілімін (орталық, 2020 жылғы 12 № 7 шығарылым), MEDLINE (2019 жылдан 2021 жылдың тамызына дейін), EMBASE (2019 – 2021 жылдың тамызына дейін) және Expanded Science Citation Index (2018 жылдан 2022 жылдың ақпанына дейін). Іздеу жүргізу барысында ешқандай тілдік шектеу қоймадық (аударылым үшін Google Translate, medRxiv, Яндекс Аудармашы секілді қызметтерге жүгіндік).

  • Зерттеу материалдары: Біз Кохрейіндік реестрдегі гепатобиллиарлы топтағы бақыланатын зерттеу жұмыстары тізімін, Кохран кітапханасындағы Бақыланатын сынақтардың орталық тізілімін (орталық, 2020 жылғы 12 № 7 шығарылым), MEDLINE (2019 жылдан 2021 жылдың тамызына дейін), EMBASE (2019 – 2021 жылдың тамызына дейін) және Expanded Science Citation Index (2018 жылдан 2022 жылдың ақпанына дейін). Іздеу жүргізу барысында ешқандай тілдік шектеу қоймадық (аударылым үшін Google Translate, medRxiv, Яндекс Аудармашы секілді қызметтерге жүгіндік).
  • Сонымен қатар АО «А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО»-да №3 хирургиялық бөлімшесінде: «холедохолитиаз» клиникалық диагнозымен (К80.3, К80.4, К80.5, К80.8) 2018-2022 жылдар аралығында емделген 100 науқастың ауру тарихына шолу жүргіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет