Холедохолитиаздың еміндегі ашық хирургиялық ЖӘне эндоскопиялық Әдістерді салыстыруды жүйелі шолу



бет5/6
Дата12.11.2022
өлшемі436.24 Kb.
#464649
1   2   3   4   5   6
Хоедохолитиаз диагностикасы.41-2 топ

АО «А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО»-да №3 хирургиялық бөлімшедегі холедохолитиаз клиникалық диагнозымен (К80.3, К80.4, К80.5, К80.8) 2018-2022 жж. аралығындағы іріктелген 100 науқастың ауру тарихын, диагностикалау тәсілін анықтау мақсатымен жүргізілген шолу жұмысы холедохолитиаз кезіне отандық мамандар өт жолдары ревизиясын холецистэктомияға дейін, яғни алғашқы этаппен жасайтындығы анықталды. Оның ЭРХПГ-ға 38%-ы, ЭПСТ 34%, холедохолитэкстракция 28%-ы тиесілі екендігі белгілі болды.

  • АО «А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО»-да №3 хирургиялық бөлімшедегі холедохолитиаз клиникалық диагнозымен (К80.3, К80.4, К80.5, К80.8) 2018-2022 жж. аралығындағы іріктелген 100 науқастың ауру тарихын, диагностикалау тәсілін анықтау мақсатымен жүргізілген шолу жұмысы холедохолитиаз кезіне отандық мамандар өт жолдары ревизиясын холецистэктомияға дейін, яғни алғашқы этаппен жасайтындығы анықталды. Оның ЭРХПГ-ға 38%-ы, ЭПСТ 34%, холедохолитэкстракция 28%-ы тиесілі екендігі белгілі болды.

Қорытынды:

  • Лапароскопиялық жолмен өт қабын алу және өт жолдарының ревизиясы қазіргі кездегі таңдаулардың негізгі әдістерінің бірі болып табылады, дегенмен ашық операцияға (лапротомияға) арнайы көрсеткіштер бар. Лапароскопиялық холецистэктомияның мүмкіндігінше қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін көптеген қауіпсіздік шаралары әзірленді. Жалпы өт жолындағы тастарды диагностикалауда эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография (ERCP) маңызы жоғары. Холедохолитиазды хирургиялық емдеу – жалпы өт жолдарының қайта қарау арқылы лапароскопиялық холецистэктомия жасау болып табылады. LCBDE-нің операция алдындағы, операция ішілік, операциядан кейінгі ERCP топтарымен және ашық хирургиялық ем (лапротомия+ERCP) тиімділіктерін салыстыруда айтарлықтай айырмашылық болмады.
  • АО «А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО»-да 100 пациенттердің ауру тарихын емдеу тәсілін анықтау мақсатымен жүргізілген шолу жұмысы холедохолитиаз кезіне отандық мамандар өт жолдары ревизиясын холецистэктомияға дейін, яғни алғашқы этаппен жасатйтындығы анықталды, және оның 38%-ы ЭРХПГ тиесілі. Нәтижесінде ЭРХП-ны алғашқы этаппен жасау өт жолдары ревизиясында тиімділігі жоғары процедура екендігі анықталды. Сонықтан эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатографияны отандық медициналық мекемелерде кеңінен қолдануға және мамандардың біліктілігін арттыруға ұсыныс береміз.
  • Стационардан шығарылған пациенттердің процедурадан кейінгі ары қарайғы өмір сапасы және процедуралардың құны жайында анализдер деректердің болмауына байланысты орындалмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет