Қхр-ның экономикасын реформалаудың теориялық аспектілері


Сурет-4 ЖІӨ динамикасы, 1991-2003 жж. (%)



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#124345
1   2   3   4   5

Сурет-4 ЖІӨ динамикасы, 1991-2003 жж. (%)

Қайнар көзі: Дорога в Поднебесную: Made in China - http://k2kapital.com


Осындай көлемді оң жетістіктерге әкелген негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады:

  • Қытай бар күшін өткенді бұзу мен сынауға емес, жаңаны құруға бағыттады.

  • Реформа әуелбастан адам мен оның қажеттіліктеріне бас бұрды. Халықтың азық-түлік пен кең қолданыс тауарларына деген негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті жаңадан құрылған шаруашылық жүргізу құрылымының қызметінде басымды болды. Бұл халықтың реформалардың бас кезеңдерінде-ақ оны қолдауын қамтамасыз етті.

  • Реформалаудың басты әдісі экономиканы жаппай либералдау емес, эволюциялық, сатылы, эксперименталды тексерістер арқылы нарыққа көшу болып танылды.

  • Реформаның алғашқы жылдарының тәжірибесіне қарағанда, нарыққа апаратын табиғи жол – меншік формасы бойынша түрлі шаруашылықтарды дамыту: коллективті, жеке тұлғалық, жеке, бірлескен (шетел қатысуымен). Бұл жолмен жылжу арқылы нарық субъектілерінің тез өсімін қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ ұлттық шаруашылық құрылымын меншік формалары бойынша өзгерту арқылы инвестиция мен өндірістің құрылымын экономика мен әлеуметтік саланың нақты талаптарына қарай реттеуге болады;

  • Нарық субъектілері бар мемлекеттік құрылымдарды жою арқылы емес, негізінен бос тетіктерді жаңа коммерциялық құрылымдармен толтыру арқылы қалыптасты, яғни бастапқы қадамдардан бастап реформа экономиканың дефицитін азайтуға жұмыс жасады. Бұл мақсаттар үшін тек ішкі резервтер ғана мобилизацияланған жоқ, сонымен қатар шетел капиталы да белсенді түрде тартылды;

  • Микро деңгейде шаруашылық бастамаларды ынталандырып, мемлекет басшылары экономиканы макро реттеуді қолдан жібермеді және оның тепе-теңсіздігінің қауіпті өсуі кезеңінде бірден қарсы шаралар ұйымдастырды;

  • Өздерінің және шетел тәжірибесін зерттеп, үкімет реформаны өзгелердің әдістері арқылы жасамау керек деген тұжырымға келді. Қытай өз ерекшеліктеріне сүйене отырып, “социализмді қытай ерекшеліктерімен құру” жолына түсті. Бұл шектелген ресурстар жағдайында халық санының көптігі сияқты маңызды факторды ескерді.

Қытайдың жоспарлы шаруашылықтан нарықтық жүйеге көшудегі негізгі стратегиясы біртіндеп шешім қабылдауды орталықсыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік емес экономиканы либерализациялау болды.

“Екі торапты” әдіс – жоспарлы бағытпен қатар нарықтық бағытты құру – бұл барлық салалардағы шешім қабылдауда қолданылады: экономика секторындағы реформа, бағаның мемлекеттің араласуынсыз орнатылуы, кәсіпорындарды реконструкциялау, аймақтық даму, сауданың дамуы, валюта айырбасын басқару, орталық және жергілікті басқару органдарының арасындағы фискалдық қатынастар, ұлттық валютаны шығару. “Екі торапты” бағытқа ауысудың әдеттегі үрдісі келесілерден тұрады:



  • Жоспарлы төмен бағамен мемлекеттік жеткізудің көлемін өзгертпей ашық нарықты құру;

  • Нарықтық баға деңгейіне жету үшін бірте-бірте жоспарлы бағаларды өзгерту. Жоспарлы бағалармен жоспарланған жеткізулерге, егер олардың уақыт өте келе көлемі өзгермесе, әдетте квота орнатылады. Әдетте, екі түрлі бағаның іспеттестігінің “шок” тудыруы байқалмайды. Мұндай жол 1978 жылдың соңында ауыл шаруашылық секторын тез, әрі жалпы либерализациясы кезінде енгізілді. Ал бұл кезде өнеркәсіптік сектор дәстүрлі орталықтан жоспарлы басқару жағдайында қала берді.

1978 ж.(алғашқы реформалар жүргізілген кезең) елеулі субсидиялар алған Қытайдың мемлекеттік секторында жұмыс күшінің аз бөлігі жұмыс істеген – 18%, ал сол кезде мемлекеттен субсидия алмаған ауыл шарушылығында 75% болды. Мемлекеттік кәсіпорындар қомақты әлеуметтік қызмет пакетімен қамтамасыз ете алды, оның ішінде: еңбекақы және әлеуметтік қорғау, зейнет ақы, елеулі дотациялармен сүйемелденіп отыратын тұрғын үй, медициналық қызмет көрсету, мектепке дейінгі балаларға арналған оқу орындары және демалыс орындары. Бұл қызметтер шаруаларға қолданбаған және қазіргі таңға дейін олар қалалық тұрғындардың алатын субсидияларының шамамен үштен бірін алады.

Қытайлық “екі тораптық” әдістің жағына қолдайтын аргумент келесідей болып келеді. Экономикалық өзгерістер елеулі жылжулармен байланысты, сондықтан өтпелі кезеңде ұлттық шаруашылықтың басына келетін соққылар күшін амортизациялаған жөн. Нарық либерализациясымен байланысты жаңа мүмкіндіктер пайда болмайынша, экономиканың бұрынғы секторларын қорғаған жөн. Бұрынғы секторлар тиімділігі аз болғандықтан бәсекелестік нәтижесінде жаңалары оны ығыстырады. Бірақ бұл жұмысшылар өз еркімен ескі кәсіпорындардан жаңа және тиімділігі жоғарырақ мемлекеттік емес кәсіпорындарға көшуіне қарай бірте-бірте жүзеге асады.

Қытай экономикасы құрылымының “артта қалу артықшылықтарына” толықтыру ретінде басқада факторлар болды. Олар динамикалық өсім көрсеткіштеріне ықпал еткен. Олар:


  • Реформаның басы терең макроэкономикалық кризис пен қатал үнемдеу тәртібін ұстануды талап ететін елеулі сыртқы қарыз кезеңіне сай келмеді;

  • Қытайдағы жинақтау нормасы тіпті шығысазиялық стандарттар бойынша өте жоғары болып келеді. Отбасылық жинақтардың жоғары нормасы Қытай экономикасын тұрақтандыруда маңызды роль атқарады.

  • Екі радикалды науқан – “алға жылжудың үлкен серпілісі”(1958-1962 жж.) және “мәдени революция”(1966-1976 жж.) – марксистік догмаға сенімді жойып, мемлекеттің административті әсерін әлсіретті және мемлекеттік жоспарлау саясатының беделін түсірді. Бұл екі апаттың салдары Дэн Сяопинге, ол билік басына үшінші рет 1978 ж. келген кезде экономика және ресурстарды үлестіру саласында провинцияларға формальді және формальді емес билік тізгінін беруге мүмкіндік берді. Орталық үкімет пен партиялық аппарат орталықсыздандыру саясатына қарсы тұру үшін өте әлсіз және беделі төмендеп кеткен болатын.

  • Отанда және шетелде тұратын қытайлықтардың арасындағы отбасылық байланыстың болуы бизнестің дамуын жеңілдетті. Оңтүстік Қытайда арнайы экономикалық аймақтардың тез дамуы (ЕЭА) Гонконг пен Тайваньнан, бұл өнеркәсіп салаларында басымдықтарын жоғалтқан еңбек сыйымдылығы жоғары кәсіпорындарды жаппай көшірудің нәтижесі болып табылады. Қытай жақын орналасқан, жалақы ол жерде төмен болған және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты балама орындарға қарағанда тіл проблемасы туындамаған. Менеджерлер ЕЭА-та орналасқан өздерінің фабрикаларындағы жұмыс барысын бақылауға мүмкіндіктері болды. Сенімді жергілікті инспекторлардың болуының, жергілікті ережелер мен жергілікті билікпен байланыстардың арқасында отбасылық байланыстар қаржылық операциялардың инвестицияларымен байланысты құнды елеулі қысқартты. Қытайдың тез қарқынмен дамуына басты себеп – экономикалық саясат сипаты. 1979-1999 жж. Мемлекетте реформалар біртіндеп және кезекпен жүзеге асты. Олардың либералдығы мен радикалдық дәрежесі әлем тарихында баламасы жоқ. Тәжірибеде либералды экономикалық модельді қолдану нәтижесі барлық бағыттардағы мемлекеттік ауыртпалықтың масштабын төмендетті. Бұл Қытай экономикасының рекордты өсім қарқынын қамтамасыз етті.

Бізге белгілі болғандай Қытайдағы реформа 1978 жылдан бастау алды. Бұл уақыт ішінде (21 ғасыр басына таман) мемлекеттің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ), инфляцияны ескергенде нақты шамамен 8 есеге артты (шамамен жылына 10 пайыз). Мақта, көмір, цемент, әйнек, азық-түлік тауарлары, болат және тағы басқа сияқты базалық тауарлар өндірісінен Қытай әлемде бірінші орынға шығып үлгерді.

Халықтың нақты табысы жыл сайын 7,7 пайызға өсіп отырды (бұл 9 жыл сайын өмір сүру деңгейінің екі еселенуі). Ал мұндай «тоғызжылдықтардың» үшеуі өтті, сондықтан қытайлықтардың қаншалықты өмір сүру деңгейлері өскендігін есептеу қиын емес. Шамамен 6 есе.

Мүлкі жоқ халықтың саны 1980 жылғы 300 млн-нан 21 ғасырдың басына таман 40 млн-ға дейін азайды.

Ауыл шаруашылығында өте үлкен алға жылжу болды. Аграрлық өнім реформа уақытында 4 есеге дейін өсті. 1990 жж. бірінші жартысында өнімдік карточкалар жоқ болды. Оған қоса, Қытай көптеген ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын өсіре бастады.

Аграрлық сектордың құрылымы да жақсара бастады. Алқап шаруашылығының дәстүрлі жоғары үлесі құлай бастаса, мал шаруашылығының көлемі шамамен 6 есеге, балық аулау шамамен 4 есеге, орман шаруашылығы шамамен 3,6 есеге өсті.

Алқап шаруашылығының үлесі жалпы ауыл шаруашылық өнімінде 80-нен 58 пайызға төмендесе, мал шаруашылығы 15-тен 28,5 пайызға, балық шаруашылығы 1,6-дан 10,3 пайызға өсті.

Өнеркәсіптегі табыстар да елеулі болды. 1990 жж. өнеркәсіпке құйылған инвестиция көлемі шамамен 7 есеге өсіп, 17 трлн. юаньді құрады. Реформа жылдары кезінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 19 есеге өсті. Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіптің үлесі ауыр өнеркәсіппен теңесті. Реформа басынан бастап жеңіл өнеркәсіптің өнім көлемі 25 есеге өсті, ал ауырдікі 15 есете өсті. Көмір өндірісі 627-ден 1100 млн т-ға өсті(әлемде тұрақты бірінші орын). 1960 жылға дейін тұрақты лидер КСРО болатын.

Элктр энергиясын өндіру 256,6 млрд кВт/сағаттан (1978ж) 1166,2 млрд-қа 20 ғасыр аяғында өсті, яғни 5 есеге өсті.

Өңдеуші өнеркәсіп елеулі түрде модернизацияланды. Қытай қазіргі таңда көптеген заманауи технологияларды өндіруден әлемдік лидер болды. Электроника, компьютер, ақпараттық құрал жабдықтар өндіруде биік шыңдарға жетті. Авиақұрылыс, космос өнеркәсібі, атом өнеркәсібі маңызды рольдерге ие бола бастады.

Көлік пен байланыс дамуында елеулі алға жылжулар байқалды. 21 ғасырдың басына таман темір жол ұзындығы 57,9 мың км., автомобиль жолы 1352, су жолы – 116,5, әуе жолы – 1522 мың км.,оның үштен бірі сыртқа әуе жолына келеді. Мұнай және газ құбырларының ұзындығы 25 мың км-ге жетті.

Бүкіл мемлекет бойынша әлемдік ең мықты магистральдарына дес бермейтін жоғары жылдамдықты автомагистральдар жүйесі құрылды.

Телекоммуникация саласында нағыз революция орын алды. 1980 ж. 100 адамға 0,43 телефон аппараты келді. Қазір шамамен – 15[1].

Жалпы қорыта айтқанда Қытай Халық Республикасының әлемдік деңгейде жетістікке жетуіне оның кемшілігі себепкер болып отыр десек қателеспейміз.

Елдегі жұмыссыздықтың салдарынан, жұмыс күшінің ұсынысының көп болуы, шетел инвесторларының қызығушылықтарын тудыруда. Мысалы, түрлі бағалаулар бойынша, Қытайдағы өндірістік салада орташа жалақы сағатына 0,6-дан 1,2 долларға жетеді. Бұл көрсеткіш басқа дамушы елдердегі көрсеткіштермен салыстырғанда аз. Мексиканың өзінде бұл көрсеткіш 2 долларға тең. Осылайша, жұмыс күшінің арзандығы шетел инвестицияларының ағылып келуінің басты факторы болып келеді. Бұл өз кезегінде елдегі өндіріс пен басқа да салалардың дамуына өзінің оң әсерін беруде. Қытай экономикасының әлемдік нарықты жаулап алуының тағы бір басты құралы ұлттық валюта юаньнің төмендетілген бағамы болып отыр. Экономикалық заңдылыққа сәйкес елдің валютасы бағамының төмендігі, ол елдің тауарларының сыртқы нарыққа төмен бағамен шығуын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор. Қазіргі таңда АҚШ және Еуроодақ елдері Қытай елімен юаньнің валютасын төмен бағамын жоғарлату төңірегінде келіссөздер жүргізуде. Алайда Қытай бұл қадамға баруға асығыстық танытып отырған жоқ. Сонымен Қытай экономикалық жетістіктері басқа ешбір елде жоқ бағытта дамып, салыстыруға келмейтін саясат ұстанғандығын байқауға болады.



2.2 Қытай экономикасының қазіргі проблемалары

Қытай экономикасынның қазіргі ең басты мәселелерінің бірі энергетикамен байланысты. Қытайдағы энергия көздеріне деген сұраныс жылдан жылға өсуді сондықтан бұл бөлімдегі негізгі көңіл осы салаға бөлінбек.

Энергоресурстарды тұтынудың әлемдік тенденциялары келесідей, жақын онжылдықта әлемдік қауымдастық экономикалық даму әсерінен мұнай, табиғи газ және тас көмір сияқты негізгі энергетикалық ресурстарды қарқынды өндіріп, тұтынатын болады. Осыдан бірнеше уақыт бұрын мамандар адам отынның мұнай сияқты дәстүрлі түрлерінен бас тартып, күннің, желдің, биомассаның және т.б. көздердің энергияларын қолданатын альтернативті энергетиканың қарқынды өсуін болжаған. АҚШ-ң энергетика министрлігінің Энергетикалық ақпараттық әкімшілігі зерттеулері бойынша бұл болжам әлі орындалмайды. 2020 жылдың өзінде мұнай, табиғи газ және мұнай әлемдегі басты энерготасушылар болып қала береді. Ал экологиялық таза электр энергиясының құны аса қымбат болып қала бермек, сондықтан оның жалпы әлемдік энгергетикалық жүйеде үлес салмағы өспей қоймай, азаюы да ғажап емес.

Қытай экономикасының қарқынды дамуы және оның өнеркәсіп пен қызмет салаларына миллиондаған құйылымдары энерготасымалдаушыларға, әсіресе мұнайға деген қажеттілікті өсіруде. Мұнай тұтынуынан біртіндеп табиғи газ тұтынуына ауысу сияқты әлемдік тенденцияларға қарамастан Қытай негізгі көңілді мұнай өндірісімен қатар оның тұтынуына да бөлуде.

Қазіргі таңда Қытай экономикасы 75%-ға тас көмір өндірісне тәуелді. Қытайдағы зерттелген көмір қоры 100 млрд. т құрады. Бұл шамамен 30 млрд. т мұнайға тең, сондай-ақ бұл мұнайдың өзіндік құны 1 баррельге 15-17 АҚШ долл. құрайды. Үкімет көмірді альтернативті энергиятасушылармен алмастыру мәселесін шешуге тырысқанына қарамастан, көмір ел экономикасында әлі ұзақ уақыт бойы динамикалық рольге ие болады. Көмір өндірісі мен тұтыну үлесі 64 %-ға дейін төмендегенімен, оның өндірісі 2277 млн. т-ға өсуі керек, яғни ҚХР экономикалық дамуында тас көмір маңыздылығын төмендету үшін Қытай экономикасына ұзақ уақыт пен қосымша шетел капиталын тарту қажет. Белгілісі, ҚХР мұнай мен газдың бай қорларына ие.

Мұнай. Қытайдың негізгі ішкі мұнайы (120 млн. т.) елдің солтүстік-шығыс кен орындарында өндіріледі. Сондай-ақ мұнай Тибетте бар, алайда ол жерде қажетті транспорттық инфрақұрылым жоқ. Қазіргі таңда ҚХР-дағы маңызды мұнай кәсіптері Дацин (Хэйлунцзян провинциясы), Ляохэ (Ляонин провинциясы), Шэнли (Шаньдун провинциясы), Хуабэй (Хэбэй провинциясы) және Даган (Тяньцзинь провинциясы), сондай-ақ Карамай (ШҰАР) болып табылады. Зерттелген және потенциалды мұнай қорларының нақты бағалауын алу қиын болғандықтан көптеген мамандар шамамен 70 млрд. барр. (9,52 млрд. т.) санын меңзейді, оның ішіне 40 млрд. барр. құрлықтағы қорлар, 30 млрд. барр. теңіздегі қорлар. Теңіздегі қорлар келесідей болып үлестіріледі: 40 % - Шығыс- Қытай теңізі және 30% - Оңтүстік-Қытай және Сары теңізде. Бұл мәліметтерден шекаралық аймақтардың даулы болғандығы себебінен потенциалды бай аймақтар шегерілген, оларды Қытай ресми емес түрде өзінің құзырына кіргізеді[10].

1980-1984 жылдары Оңтүстік Қытай теңізінде жасалған зерттеулер жұмыстары (120 мұнай кен орнынан тек 39-ы өндіруге болатын 100 млн барр-ден кем емес мұнай мен газ берді) көңілге қонарлық нәтиже бермегенімен, Қытай Спартли архипелагы айналысындағы даулы аймақтардағы мұнай мен газ қорлары Ирак қорларымен тең деп сеніп отыр.

Бастапқы көңіл барлау мен шельфтегі сынақтық эксплуатациялық жұмыстарға бөлінді, ол жерлерде жылына шамамен 3 млн. т. өндіріледі. Қытай шельфтеріндегі мұнай барлау жұмыстарының ең перспективтісі Оңтүстік Шығыс Азияда болып отыр, қазіргі таңда Бохай шығанағында (оның мұнай қоры 14 млн. т. деп бағаланады) қытай мұнай компанияларымен бірлесіп батыстың Chevron, Texaco, BP, Kerr McGee және Ultra Petroleum сияқты компаниялар жұмыс жасауда. Оңтүстік Қытай теңізінің шельфтің жекелеген аймақтарына Филиппин, Вьетнам, Малайзия және Бруней мемлекеттері таласуда.

Мұнай іздеуде Қытай Оңтүстік Қытай теңізімен қатар, көп көңілді Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына бөліп отыр, әсіресе ШҰАА-ң Тарим және Карамай мұнай аудандарына. Шыңжаңдық мұнай кен орындарын жасақтау 1955 жылы басталған болатын, ал қазір Жоңғар ойысында мұнай өндірісі 20 мұнай-газ пластында жүргізілуде, олардың ішіндегі ең ірісі Карамай. Мұнайшылардың айтуынша 40 жыл ішінде бұл кен орнынан барланған мұнайдың 20 %-ы өндірілді. 1996 жылы Карамайдағы мұнай өндірісінің жылдық көлемі 8,3 млн-ға жетті және осы күнге дейін сол деңгейде сақталды. Егер бұл көрсеткіш мемлекеттік квотлармен шектелмегенде, ол одан да жоғары болатын еді. Бұл мұнайдың көбісін Карамай мен Душаньцзының МӨЗ-тары өңдейді, ал қалғаны Қытайдың басқа шалғай аймақтарына кетеді. Карамайдағы бір баррель мұнайдың өзіндік құны 5 пен 9 АҚШ доллары арасында құбылып тұрады, бұл Карамай мұнайының салыстырмалы арзан екендігін көрсетеді.

Үш жағынан таулармен қоршалған Тарим кен орнының аса қатал шарттары (биіктігі 150 метрден асатын қозғалмалы бархандар желді ауа райы кезінде бірнеше минут ішінде жолдар мен техниканы басып қалады), аса күрделі геологиялық құрылымдары бұрғылауды өте қымбат етеді (бұрғылаудың бір метрі 2700 АҚШ дол. болады). Мұнайды теңіз жағалауындағы өнеркәсіптік орталықтарға жеткізу үшін құны 10 млрд. АҚШ долларлық 3,5 мың км.-ге созылатын және биік таулардан өтетін мұнай құбыры қажет. Сондықтан бұл кен орынының потенциалды мұнай қорлары 147 млрд барр.(20 млрд т.) деп бағаланғанына қарамастан, оның күндік өндірісі 33 мың барр. көлемін құрайды. Осы ресурстарды игеру үшін Қытайға 15 млрд. АҚШ долларынан аса инвестиция көлемі қажет. Жалпы Қытайда мұнайдың 80 %-ы солтүстік-шығыс жағалау территорияларында өндіріледі, теңіз өндірісі шамамен тек 3 %-ды құрайды. Шыңжаңдағы жалпы барланған көмірсутек қорлары шамамен 500 млн. т. құрайды.

ҚХР қомақты табиғи ресурстарға ие болғанына қарамастан, жан басына шаққанда әлемдік орташа жан басына шаққандағы деңгейден елеулі аз. Белгілі минерлады шикізат қорлары жеткіліксіз. Мәселенің мәні келесіде – бай кен орындарының аздығы, геологиялық барлаудың төмен деңгейі, өндіру және пайдаланумен байланысты спецификалық қиындықтар, олардың тиімсіз орналасуы (негізгі қажеттілік елдің шығысында, ал қорлар батыста), өндіру мен тұтынудың рационалды емес құрылымы, энергияның көп шығындалуы, оны пайдаланудағы төмен ПӘК (30%), жан басына шаққандағы аз тұтыну. Осылайша болашақта Қытайдың энергиятасушыларға деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды, бұл салыстырмалы түрде қоршаған ортаға зиянсыз отын-энергетика жүйесін құру қажеттігін білдіреді.

90-шы жылдардағы Қытайдағы мұнай өндірісі мен тұтынылуы бойынша мәліметтері мұнайдың орташа жылдық өндірісінің өсімі 1,9%-ды құрады, яғни 2,75 млн. т. Осындай тенденциялар тұсында мұнайға деген сұраныс жыл сайын өседі, 2010 жылға таман 350 млн. т мұнайды құрайды.



Қайнар көзі: Современная ситуация в нефтегазовой промышленности Китая Рахимов Р.К. /АльПари-2003 жыл- №3-4 -125 бет

ҚХР құрылғалы бері мұнай өндірісі біртіндеп өсті, алайда соңғы жылдарда 160 млн т-да тұрақтап қалды. Мұндай көлеммен ҚХР-ң XXI ғасырдың бірінші жартысына арналған ірі жоспарларын жүзеге асыру мүмкін емес болады. Қытайдың мұнай болашағы, тиісінше оның индустриалды дамуының басты анықтаушы факторы болып ішкі сұраныс пен тұтынудың арақатынасы табылады. Бұл екі көрсеткіштің тарихи қалыптасқан арақатынасы 1:1,42. Мұнайдың жетіспеушілігі бүгінгі күннің өткір мәселесі. Қытай МӨЗ-ң жиынтық қуаты 240 млн. т-ға тең, алайда 2000 жылы олар тек 190 млн. т. өңдеді. Бұған қоса ВР компаниясының 1998 жылы жасаған есептеулері бойынша, барланған Қытай мұнай қорлары 21 жылға жетеді. Қытай басшылығы қол жеткізілген деңгейді ұстап қалу үшін бар күшін салуда. Ішкі қажеттілікті өздері қанағаттандыру мақсатында олар мұнайды шамамдан тыс өндіруге тырысты, бұл арқылы қорлардың сарқылуына және кен орындарына зиян келтіру қаупін тудырды. Үкіметтің пайымдауынша, 2005 жылдың аяғына таман 2 апталық тұтынуға жететін мұнайдың стратегиялық қорларын құру керек, бұл үшін 1 млрд. долл. көлемінде инвестиция керек.

2000 жылы Қытай 70 млн. тонна мұнайды негізінен Таяу Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азиядан импорттады. Қазіргі таңда импорт көлемі 30%-ды құрайды, жақын онжылдықта жалпы тұтынудың 50-70%-ын құрайды. Мамандардың пікірінше, өзіндік өндірістің көлемі өзгермеген жағдайында 2010 жылға таман Қытайдың мұнайды импорттаудағы минималды қажеттілігі 90-100 млн. т-ға дейін өседі , ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 130-150 млн. т-ға өседі.

Осылайша Қытайдың өспелі экономикасы мұнайға мұқтаж: 8%-дық экономикалық өсу қарқынында елге жылына 420 млн. барр. қажет, ал 10%-дық өсімде жылына 450 млн. барр. Мұнай ішкі тұтынудың орташа жылдық өсімі 8%-ды құраса, оны өндірудің өсімі тек 1%-ға тең. Қытай ішкі өспелі тұтынуды қанағаттандыру үшін мұнайға бай әлемнің барлық аймақтарынан, яғни Таяу Шығыстан, Оңтүстік шығыс және Орталық Азиядан, Сібірден және т. б. аймақтардан көмірсутектің тиімді импортын қарастыруда[10].

Газ өнеркәсібі. Энергия тасушы ресурстарға сұраныстың қарқынды өсуі және Қытай экономикасының өсуімен байланысты мұнай мен тас көмірден басқа Қытай басшылығы басқа қуат көзі ретінде табиғи газды пайдалануды қарастыруда. Қазіргі таңда ҚХР-да бірініші ретті энерготасушыларды пайдалану құрылымында табиғи газдың алатын үлесі көмірмен (75%) және мұнаймен (20%) салыстырғанда елеусіз аз: 2%-дан кішкене асады. Көмірдің қазіргі бар қорлары қазіргі өндіру көлемін ұстап тұру үшін 100 жылға жеткенімен, оның елдің энергобаланстағы онсызда өте жоғары үлесін ескерсек, Қытай энергетикасының көмір бағыты бойынша дамуы мамандардың пікірінше орынсыз болып табылады. Бұл экономиканың болжанған өсу қарқынында табиғи газға сұраныстың өсуіне жақсы алғышарт жасайды.

Түрлі болжамдар бойынша 2020 жылы энергия тұтынудағы газдың үлесі 8-10%-ға өсуі мүмкін. Осы мақсатта газ саласын біршама либерализациялауды жүзеге асырып, тиісті инфрақұрылым құру қарастырылуда. 2000-2010 жылдар барысында Қытайдағы газ тұтынудың орташа жылдық өсімі 20%-ды құрауы мүмкін. Қытайда энергия тұтынуда газдың үлесі 2010 ж – 7, ал 2020 ж – 10%-ды құрайды деп күтілуде. Қытай климатын ескере отырып, жуырдағы 10 жылдықта коммуналды-тұрмыстық секторы (әсіресе ғимараттарды жылыту) Еуропа мен АҚШ деңгейіне жетуі екі талай, алайда жалпы алғанда осы сектордағы газды тұтыну екі еселенуі мүмкін деп күтілуде.

ҚХР газ өнеркәсібі дамудың бастапқы сатысында тұр. Соңғы 10 жылда Қытайда газды тұтыну шамамен 50%-ды құрап, 2000 жылы 24,2 млрд. куб м-ге тең болды. Бұл аса көп өсім емес, себебі бұл периодта азиялық елдерде газды пайдалану 80%-ға өсті. Қытайдың экономикалық бағдарламасы басымды бағыт ретінде елдегі газ тұтынуын 2000 жылдағы 24,2 млрд. куб м-ден 2010 жылы 70-80 млрд. куб м-ге дейін кеңейту және энергетикалық баланстағы газдың үлесін 2,5-тен 7%-ға өсіруді қарастырады.



Қайнар көзі: Современная ситуация в нефтегазовой промышленности Китая Рахимов Р.К. /АльПари-2003 жыл- №3-4 -127 бет


Қытай мамандарының бағалауы бойынша, Қытайдағы табиғи газдың потенциалды геологиялық ресурстары 46,2 трлн. куб м-гек жетеді, оның ішінде 39,5 трлн. куб м-і құрлықтық кен орындарының үлесіне тиеді. Газ қорлары ел территориясында орналасуы бірегей емес: барлық қордың шамамен 80%-ы елдің орталық және батыс аймақтарында, сондай-ақ теңіз шельфтерінде орналасқан. Басты кен орындары Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық аймағындағы Тарим бассейнінде, Цинхай, Сычуань провинцияларында және Шэньсу, Ганьсу провинцияларының түйіскен жерінде және Нинься-Хуэй автономиялық ауданында, сондай-ақ Шығыс Қытай және Оңтүстік Қытай теңіздерінің шельфтерінде шоғырланған. 2001 жылдың басында Ішкі Монғолия автономиялық аймағында елдің солтүстігінде Сулигэ ірі газ кен орны ашылды. Оның болжамды қоры 700 млрд. куб м. Шетел мамандарының кейбір бағалауы бойынша, Қытайдағы ашылмаған дәстүрлі табиғи газдың геологиялық ресурстары 22-ден 37 трлн. куб м-ді құрайды.

Қытай жер қойнауы жеткілікті дәрежеде зерттелмегендіктен, шамамен 150 кен орнында шоғырланған қазіргі елдегі газдың қорлары (дәлелденгендері, мүмкіндері), 1,7-2,0 трлн. куб м. деп бағалануда. Бұл ағымдағы тұтыну деңгейінде елдегі газ отынына деген елдегі қажеттілікті 74-120 жыл бойы қанағаттандыру үшін толығымен жеткілікті. Сондай-ақ өндірілген газ қорларымен аймақтардың қамтамасыз етілуі әртүрлі: мысалы, солтүстік шығыс Қытай – 30 жыл, Сычуань провинциясы - 65 жыл, батыс Қытай – 243 жыл.

Жақын арада газ өндіретін Қытай ұлттық мұнайгаз компаниясы дәлелденген қорларды 2,8 трлн. куб м-ге жеткізбекші. Негізгі геологиялық барлау жұмыстары Шэньси провинциясында, елдің орталығының солтүстік аудандарында, жиынтық газ сұранысының жартысы тиесілі Сычань провинциясында, елдің солтүстік батысындағы Цинхай провинциясында жүргізіледі. Қытай геологтарының бағалауы бойынша, Шэньси провинциясының өзінде дәлелденген қорлар 1,4 трлн. куб м-ге дейін өсуі мүмкін. Қытай шельфіндегі дәлелденген қорлар 320 млрд. куб м-ді құрайды.

Соңғы 5 жылда 1996 жылдан бастап Қытайда газ өндірісі өсуде, 2000 жылы 27,7 млрд. куб м-ді құрады. Қытайдың негізгі газ өндіруші аудандары болып Сычуань провинциясы, елдің бірқатар солтүстік шығыс провинциялары (қосалқы газ), Хайнань аралы ауданындағы Оңтүстік Қытай теңіз шельфі, сондай-ақ елдің солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясы табылады. Ірі өндіруші болып (шамамен өндірілетін газдың жартысы) 10 млрд. куб м-ден аса өндіретін Сычуань провинциясы. Бұл провинцияда елдегі газ құбырларының шамамен үштен бірі шоғырланған. Оңтүстік Қытай теңізінің континентальді шельфінің кен орнын жасақтау барған сайын үлкен маңызға ие болып отыр. Ол жерден газ Гонконгқа және Хайнань провинциясына жеткізіледі. Жақын жылдарда Қытайдың континентальді шельфіндегі газ өндірісі 10 млрд. куб м-ге жеткізіледі, ал 2005 жылы шельфте өндірілетін газ ұлттық өндірістің 23%-ын құрайтын болады.

ҚХР-ң 10-шы бесжылдық әлеуметтік-саяси дамудың жоспары (2001-2005жж.) газды өндіру 2000 жылғы 27,7 млрд. куб м-ден 2005 жылы 40 млрд. куб м-ге өсуі қарастырылып отыр. ИНЭИ РАН мамандарының бағалауы бойынша, Қытайдың ресурстық қорлары оған 2010 жылы 70 млрд. куб м, ал 2020 жылы 100 млрд. куб м газ өндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ газды дәстүрлі емес көздерден өндіру (ең бастысы көмір метаны) 2010 жылы 10 млрд. куб м-ге, ал 2015 жылы 15-20 млрд. куб м-ге жетуі мүмкін.

Қазіргі кезеңде Қытайдың алдында тұрған басты міндет газға деген сұранысты кеңейту болып табылады. Қазіргі кезге дейін Қытайдың газ саласы екінші орында тұр және басты қолданысы тыңайтқыш және мұнайхимиясы өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету болды. ҚХР үкіметі газды тыңайтқыш өндірісіне, сондай-ақ басқа да секторларда, оның ішінде коммуналды- тұрмыстық және коммерциялық секторларда шикізат ретінде пайдаланудағы шектеулерді алып тастауда. Қытайдың көптеген қалаларында экологиялық және ауа бассейнінің жағдайын жақсарту мақсатында, сондай-ақ өмір сүру деңгейін жоғарлату мақсатында табиғи газды пайдалану аясы кеңейтілуде. Пекин, Тяньцзинь, Шэньянь, Шанхай және Сиянь сияқты ірі қалалар осы экологиялық таза энергия тасушыны пайдалануға көшті.

ҚХР экономикасындағы қазіргі таңдағы табиғи газды пайдалану оның өндірісінің аз көлемімен анықталады. Қытайдағы газ тұтыну нарығын қалыптастыру процесі барысында коммерциялық-тұрмыстық секторда табиғи газды пайдаланудың үлесі ҚҰМК мамандарының болжамы бойынша елеулі өседі: 1998 жылғы 10%-дан 2010 жылы 25-30%-ға дейін. Электрқуаты саласында газ үлесі сол периодта 15-тен 30%-ға өседі, химия өнеркәсібінде 35-тен 15-17-ге төмендейді, өнеркәсіптік отын ретінде мұнайгаз өндірісінде 28-ден 25%-ға азаяды[10].

Халықаралық қуат агенттігінің бағалауы бойынша Қытайда 2010 жылға таман газға сұраныс 100 млрд. куб м-ге өседі (ал газдың ішкі дефициті 50 млрд. куб м-ді құрайды), ал 2020 жылы 140 млрд. куб м-ге жетеді. Есептеулер бойынша 2010 жылы газ тұтынуын 140 млрд. куб м-ге өсіру үшін 50 млрд. АҚШ доллары көлемінде капитал салымы қажет. Жалпы алғанда мамандардың есептеулері Қытайдағы табиғи газдың қорлары келесі 10 жылдағы газға деген өсіп келе жатқан сұранысты өзіндік өндіру арқасында қанағаттандыруға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді.

Ұлттық экономиканың газ саласын ілгері дамыту мақсатында ҚХР үкіметі ішкі нарықтағы газға өспелі сұранысты қанағаттандырудың 3 басымды бағыттын анықтады:


  • Өзіндік газ өндірісін өсіру

  • Газ тұтыну нарығын қалыптастыру үшін газ инфрақұрылымын құру, ең алдымен елдің шығыс аудандарында

  • Газ дефицитінің орнын толтыруға қажетті табиғи газдың көлемін импорттау, яғни көрші мемлекеттерден газ құбырлары арқылы жеткізу және СПГ импорты

Қытайдың жаңа газ кен орындарын игеру мен газ тұтынуын өсіруді ұстап тұрған негізгі фактор қажетті инфрақұрылымның болмауы, ең біріншіден газ транспорты. Қытайда жалпы ұлттық газ құбыр жүйесі жоқ, ал тұтыну өндіру аймақтарында шоғырланған, сондай-ақ газ өндіруші аймақтар географиялық жағынан елдің индустриялды дамыған аудандарымен сәйкес келмейді. Мысалы, Қытайдың оңтүстігі мен шығысының (ЖҰӨ-ң 70%-ы) үлесіне ұлттық өндірістің 30%-ы келеді, ал батыс пен оңтүстік батысқа – 47% (бұл аудандардың елдің ЖҰӨ-дегі үлесі 12 %-ды құрайды). Осы себептерден қазіргі таңда газды Қытайдың солтүстік және батыс аймақтарынан шығыс Қытайдың өнеркәсіптік дамыған аудандарына тасымалдау мүмкін емес.

Қытай жылына 150 млрд. куб м. өткізу мүмкіншілігі бар ұлттық газ тасымалдаушы торапты, газ жинақтаушы орталықтар мен қоймаларды құруды жоспарлап отыр. Ұлттық тасымалдау жүйесі елдің территориясын солтүстік-оңтүстік және батыс-шығыс бағыттарында бөліп өтетін тораптардан тұрады деп ұйғарылуда, сондай-ақ ол Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінен келетін экспортты құбырларына қосылу мүмкіндігіне ие болмақ. «Батыс-Шығыс» газқұбырының құрылысы қазіргі таңда шамамен 15-18 млрд. АҚШ доллары көлемінде бағаланып отыр, оның ішіне газ құбыры құрылысы, сондай-ақ барлау, өндіру және газификациялауға кететін шығындар кіреді. Құрылыс жұмыстары барысында үкімет газ жеткізілуіне қызығушылық білдіретін Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерді, сондай-ақ ресейлік газ компанияларынан шетелдік инвестициялар тартпақ. Осылайша Қытай салыстырмалы төмен бағамен бүкіл елді газбен қамтамасыз ете алатын бірегей ұлттық газтасымалдау жүйесінің құрылысын жаңадан бастауда. Қытайдың ішкі табиғи газ қорларын, газдың басқа энергия көздерімен салыстырғанда аз мөлшерде қолданылуын, сондай-ақ ҚХР нарығының дайын еместігін ескере отырып, елдің кейбір аймақтарында ұлттық газ қолданысына деген елдің жоғары экономикалық белсенділігіне қарамастан, Қытай жақын 10-20 жылда газ жеткізудің сыртқы көздеріне жүгінбейді. Қазіргі таңда Қытайдағы газ өндірісі деңгейі тез дамып жатқан индустрия сұранысын қанағаттандырмайды, сондықтан бұл жағдай болашақта құбырлар арқылы тасымалданатын газдың, сондай-ақ СПГ-ң үлкен көлемде импорталуына әкеп соқтырады. Қытайдағы газға деген потенциалды сұраныстың үлкендігі сонша, болашақта газдың екі түрі де тез қолданыс табады.

Қытай экономикасы қарқынды дамығанымен шешілмей келе жатқан проблемалар мен экономиикадағы қарама-қайшылықтар жетерлік. Оларға көз жүгіртсек.

Экономикалық өсім көбіне ресурстар мен қоршаған ортаға байланысты. 2003 жылы экономика 9,1 пайызға өсті, алайда бұл өсім қарқыны үлкен шығындар негізінде тіркелді. 2003 жылы Қытайда 260 млн. тонна болат пен прокат, 1,5 млрд көмір, 820 тонна цемент шығыс болды, бұл тиісінше әлемдегі осы ресурстардың жалпы шығыстарының төрттен бір, 30 және 50 пайызын құрайды. Ал Қытай экономикасының өсімі тек әлемдік ЖІӨ-ң 3,9 пайызын құрады. Мұндай шаруашылық жүргізудің экстенсивті шаралары ұзаққа созылмайды. Ғылым жетік дамымай бұл мәселеден арылу қиын.

Халық табысындағы айырмашылық үлкеюде. Шаруалардың табысы баяу өсуде. Ал бұл құбылыс ауыл шаруашылығының дамуы мен ауылдағы тұрақтылыққа кері әсерін тигізуде. Халықтың сатып алу қабілетінің төмен дәрежесі сақталуда, бұл экономикалық өсімнің қарқынына кедергі келтіруде. Яғни ашып айтсақ, жоғарыда аталған екі фактор экономикада көптеген қарама-қайшылықтар туғызуда. Олардың бастысы капитал құйылымдары мен тұтыну арасындағы дисбаланс. Соңғы жылдары Қытай экономикасының өсімі инвестициялау масштабын өсіруге тәуелді болды. Алайда тұтыну тиісінше өспейтіне болса, мұның салдарынан өнеркәсіптің барлық салаларында шамадан тыс өндіру орын алуы мүмкін. Инвестициялаудың коэффициенті жылдан жылға өсуде. Мысалы, 2001 жылы ол 38 пайыз, 2002 жылы 39,4 пайыз, 2003 жылы 45 пайызды құраған. Ал соңғы тауарды тұтыну коэффициенті төмендеуде, 2001 жылы 59,8 пайыз, 2002 жылы 58 пайыз, 2003 53 пайыз. Қытайдағы инвестициялау коэфициенті әлемдік орташа деңгейден, екі есе жоғары, ал соңғы тұтыну коэфициенті әлемдік орташа деңгейден 24 пайызға төмен. Мұндай қарам-қайшылықтарға себеп болып отырған жоғарыда атап өткен, шаруалардың төлем қабілеттілігінің болмауы және қоғамдық байлықты үлестірудің үлкен айырмашылығы. «Цинхуа» университетіндег Социология институтының жүргізген зерттеулеріне қарағанда, халықтың 20 пайызын құрайтын Қытайдың ең бай адамдарының үлесіне қоғамдық байлықтың 53 пайызы келеді екен, ал халықтың 20 пайызын құрайтын ең кедей халықтың үлесіне қоғамдық байлықтың тек 3 пайызы ғана келеді. Бұл жағдай зиянды десек те болады. Себебі бай халық төлем қабілеті болғанымен, көп тұтынуға ынталы емес, ал басқаларында керісінше[1].

Сондай –ақ келесідей проблемаларды да атап өткен жөн:




  • Реформалау қарқыны баяу жүріп жатқан экономиканың салаларының болуы. Бұл әсіресе мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты. Сондай-ақ қазіргі өндірістің алдында көптеген қиындықтар тұр. Себебі коммерциялық кәсіпорындар толық аяғына тұрған жоқ және саны көп емес.

  • Өсімнің жоғары қарқынымен қатар экономикалық тиімділктің төмен дәрежесі мен өндірілетін өнімдердің төмен сапасы қатар жүруде. ЖІӨ жан басына шаққанда салыстырмалы түрде аса жоғары емес. Өндірістің құрылымына артта қалуышылық тән. Үлестірудің құрылымы рационалды емес, ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық өсімге әсері салыстырмалы түрде үлкен емес.

  • Ішкі нарық динамикалық түрде кеңеюде. Дегенмен шетел өндірушілері тарапынан да қатал бәсеке туындап жатыр. Қытай тауарлары көбіне сапасы жағынан шетел өнімдерімен бәсекеге түсе алмайды. Кейбір ұлттық салалардың шетел капиталының арқасында жойылу қаупі бар. Мұндай жағдайда әлемдік экономикаға кіру оңайға соқпайды.

  • Экспорттың қарқынды дамуы мен отандық өндірушілердің эффективтілігінің төмендігі әсерінен Қытай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі төмен болып келеді.

  • Батыс және шығыс аймақтардың айырмашылығы өсуде.

  • Экономика масштабының үлкеюіне қарамастан, жұмыссыздық өсуде, мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмыс орындары қысқаруда, ауыл халқының қалаға жаппай көшуі байқалады, мұның салдарынан көптеген әлеуметтік проблемалар туындауда. Бұл қоғамдағы тұрақсыздықты ушықтыруда.

  • Көптеген экологиялық проблемалар шешілмеген. Олардың үстіне жаңалары қосылуда.

  • Қытайдың еңбек нарығы үлкен, алайда оның сапалық жағы нашар.

  • Келесі нарықтар дамымаған: қаржы-валюталық, жылжымайтын мүлік және маманданған кадрлар

  • Білім беру жүйесінде олқылықтар көп.

Жоғарыда аталған мәселерді Қытай үкіметі барынша шешуге тырысуда және болашақта Қытай халық республикасының көшбасшы елге айналуына толық мүмкіндік бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет