Дт 1030,1070 Кт 6160
Кем шыққан қаражаттары мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебінен шығарылды:
Дт 2160 Кт 1030, 1070
Ақша қаражаттарының аудиті
Заң күшіндегі актілеріне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер ақша қаражаттарын қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі сәйкес шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылықтың банк мекемелері арқылы ақша қаражаттарының есеп айырысу операциялары есеп айрысу, валюталық, ағымдағы, ашылған аккредитивтерге және басқада шоттарда сақтауға, ұзақ және қысқа мерзімде несиелер алуға, олардың төленуіне және қайта толықтыруларына міндеттемелер жөніндегі басқа заңды тұлғаларға ақша аудару жолымен жүзеге асырылатын төлемдерге, шоттардағы жаңылыс немесе қате жазылған жазулар бойынша қызмет көрсететін банк мекемелеріне шағым талап жасауға байланысты туындайды.
Банктерден шот ашу, оны рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ нақты ақшасыз есеп айрысуға байланысты операцияларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі анықтаған нормативті құжаттарында белгіленген тәртіптің негізніде реттеледі. Яғни, Ұлттық Банк ақша несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің кассалық орындалуын жүзеге асырып жиынтық валюта жоспарын қалыптасытруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, заңды тұлғаларға несие беруді, оның қойылымын анықтауды, қаржыландыруды және есеп айрысу қызметін атқарады. Шаруашылықтың ақша қаражаттарының айналымына олардың мақсаты жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Банктегі ашылған шоттар арқылы шаруашылықтың тапсырмасы өтініші бойынша нақты ақшасыз жүзеге асыратын операцияларға аудиторлық тексеру жүргізерде, аудитордан банк операцияларын ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып, бағдарлама жасау талап етіледі. Бағдарламада қаралатын басты мәселелер түгелдей қамтылуға тиіс. Тексеру барысында бағдарламаға толықтырулар және өзгерістер енгізіліп отырылады. Банк операцияларының аудиті мынадай басты мәселелерді қамтиды:
- есеп айрысу, валюталық ағымдағы және басқада шоттар қандай банк мекемелерінде ашылғандығын анықтауды;
- есеп айрысу, валюталық ағымдағы және басқада шоттарды ашуға байланысты банк мекемелеріне табыс етілген құжаттарының шоттарды ашуға берілген өтініш; қойылатын қолдар мен мөр таңбалары үлгерім мен карточкалары, шаруашылықтың салық есебіне тіркеу дерегін растайтын салық қызметі органдарының анықтамасы; мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі; жарғы көшірмесі; құрылтайшылардың саны бірден асқан жағдайда құрылтай шартының көшірмесі; көшірмелер тігілген папканың сақталғандығын анықтауды;
-ашылған шоттардағы ақша қаражаттарының операцияларының шаруашылыққа тиімділігін, орындалығын және заңдылығын тексеруді; шоттарға келіп түскен ақша қаражаттарының уақтылы және толық кіріске алынып, субъектіге хабарлағандығын тексеруді; ашылған шоттар жүзеге асырылған есеп айрысу операцияларының кезекті реттерінің сақталғандығын анықтауды; шот иесінің өкімінсіз (келісімсіз) аударылып есептен шығарылған ақша қаражаттарын анықтауды; бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдердің уақтылы аударылғандығын тексеруді; банктегі шоттардан кассаға кіріске алынған қаражаттардың мақсатына жұмсалғандығын тексеруді; шаруашылыққа есеп айырысу ережелерін бұзғаны үшін ықпал ету шараларының қолданылғандығын .
Аудитор валюталық шоттағы операциялардың аудитінде келесілерді анықтау қажет:
Қандай банк мекемесінде валюталық шот алынғандығын;
Банк көшірмесінде сомалардың оларға тіркелген алғашқы құжаттардағы сомаларға сәйкестігін;
Сыртқы экономикалық қызмет кезінде есеп айырысулар нысандарының қолдану дұрыстығын;
Валюталық шотты ашқаны үшін сыйақы дұрыс төленуін;
Валютаны сатып алу және сату бойынша операциялардың есепте дұрыс көрсетілуін;
Бағамдық айырмашылықтардың есепте анықталуын және көрсетілуін;
Бухгалтерлік өткізбелердің дұрыстығын. Банк көшірмелеріндегі жазулардың №2 журнал-ордермен және бас кітаппен сәйкес келуін;
Резидент болып табылатын экспортер – ұйымдардың валюталық түсімдерінің олардың транзиттік валюталық шоттарын толық және өз уақытылы есептелуін және т.б.
Аудитор валюталық ресми және нарықтық бағамдардың сәйкессіздігінен пайда болған бағам айырмашылығын бағамдық қисықтың сомасынан ажырата білу қажет.
Аудитор валюталарды сатып алу үшін және сату кезінде бағамдық қисықтан алынған айналымның көп сомасы жылдық жиынтық табыс және шегеріс жасау туралы шамасына ықпал етуі керек.
Аудитор кассалық есеп жүргізу тізімінің сапалы толтырылуына ерекше назар аудару керек.
Аудитор негізгі құралдардың техникалық қалпында, белсенді бөлігінің тиімді қолданылуына – бұл шаралар экстенсивті және қарқындық күшейту жолдарымен көтерілетінін талдай отырып, жетілуіне ерекше назар аудару керек. Вексельдер қозғалысы бойынша шоттардың корреспонденциясына тиесілі бөлімдерінде көрсетіледі. Аудитор банктегі арнайы шоттардағы нақты қаражаттарға аудиторлық тексеру жүргізгенде 4223 «Банктердегі арнайы шоттардағы нақты қаражат» шотында сақталатын ақша қаражаттарының көздерін анықтауға тиісті:
үкіметтің жәрдемі ретінде бөлінген қаражаты;
жергілікті бюджеттен мектепке дейінгі балалар мекемелеріне бөлінген мақсатты қаражаттарды;
мәдени ағарту мекемелеріне демалыс үйлеріне, санаторияларға, лагерлерге бөлінген кәсіподақ ұйымдарының және басқада көздерден бөлінген қаржыларды;
ата–аналардың бала-бақша мекемелеріне балалары үшін аударған қаржыларын;
кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоғырландыруды талап ететін күрделі қаржыландыруға бөлінген қаржыларды.
Кәсіпорынның құрамына кіретін филиалдарға, құрылымдық бөлімшелерге және жеке балансқа бөлінбеген бөлімшелердің орналасқан жерінде қызмет көрсететін банктен ағымдағы шот ашуына рұқсат берілген. Аудитор ағымдағы шоттардағы қаражаттарға аудиторлық тексеру жүргізгенде мына мәселелерді анықтауға тиісті:
- өз алдына жеке балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімшелердің тұрған орнында қызмет көрсететін банк мекемелерінен ашқан ағымдағы шоттарының заңдылығын. Ағымдағы шотты есеп айрысу шотын ашуға мүмкіндігі жоқ филиалдар, өндірістік (құрылымдық) бөлімшелер және ғылыми өндірістік бірлестіктер, шаруашылықтың орналасқан жерінен басқа жерге орналасқан басқада шаруашылық есептегі бөлімшелер ашады;
- кәсіпорынның құрамына кіретін жеке өз алдына баланстағы құрылымдық бөлімшелердің баланстарын және басқада қажетті құжаттарын уақтылы тапсырғандығын;
- өз алдына жеке балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімшелердіңшығындарының негізгі өндіріс және айналым шығындарының құрамына (сада және қоғамдық тамақтандыру орындары үшін) ендірудің негізділігін;
- орын алған операциялар бойынша банктен сатып алған депозиттік сертификаттарды;
- жасалған бухгалтерлік корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін;
- баланстың көрсеткіштерін бас кітаптағы және есеп регистрлеріндегі мәліметтермен сәйкестігін.
Сондай-ақ аудитор жол үстіндегі ақшалай аударымдардың нақтылығына, бухгалтерлік корреспонденцияларының дұрыс берілгендігіне, бастапқы құжаттарындағы жазулармен есеп регистрлеріндегі, машина жазбалардағы және бас кітаптағы жазулармен сәйкестігіне назар аударуға тиіс.
Қазақстан Республикасында резиденттер мен резиденттер еместердің шетел валюталарын әкелуі шектеусіз, ал республиканың аумағына әкетуге шектеу қойылып, кеден заң талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Шетел валюталарымен жасалған операциялар валюталық кіріс және шығыс ордерін толтыру арқылы жүзеге асырылады. Банк мөрімен және кассирдің орындаушымен бақылаушының қойған қолдарымен куаландырылған банктің валюталық кіріс ордері, кассалық валюталық шығыс ордерін толтыру үшін негіз болып табылады. Тапсырмамен нақты берілген валюта валюталық шығыс ордері толтырылып, банк куаландырылған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі кассалық валюталық кіріс ордерін жазу үшін негіз болып табылады.
Аудитор шетелдерде тұратын жабдықтаушыларға аударылған валюта қаражаттарына «аударуға берілген өтініш» толтыру арқылы жүзеге асырылғандығына көз жеткізуге тиісті. Аталған және де басқада құжаттардың негізінде валюталық шоттың дербес шотына жазылған жазуларда көрсетілген банк көшірмесінің шаруашылыққа уақтылы жіберіп отырылғандығына назар аударады. Сондай-ақ, валюталық операциялар бойынша берілген есептің «валюталық қаржының қозғалысы жөніндегі есебі» үлгісінде жүргізілгендігін анықтайды.
Валюталық шот жабылған жағдайда немесе шаруашылықтың аты, шоттың номері өзгерген жағдайда шот иесінің валюталық шотындағы қаржының қалдығын растайтын құжаттарының өтінішке қоса тіркелгендігін тексеруге тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |