ІІІ – тарау. Ақша қаражаттарының есебі мен аудитін жүргізуді жетілдіру жолдары. («ИНК» ЖШС материалдары негізінде)
3.1 Ақша қаражаттар есебінің талдауы
“ИНК” ЖШС-ның есеп саясаты осы қоғамның құрылған уақытында дайындалған. Оны дайындаумен “ИНК” ЖШС-ның бас бухгалтері айналысады. Дайындалған есеп саясатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысы өзінің бұйрығымен бекіткен.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылында қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық алынып жазылған. Сонымен қатар әр пункте тоқтала келіп, нормативтік құжаттар бойынша, заң негізінде есеп саясаты дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда қоғамның ішкі құжаттары негізге алынған.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы қоғамның басқару құжаттарымен рғсімделген. Есеп саясатына өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жғне қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да басқа;
Есеп саясаты есеп процесінің барлық талаптарын қамтылға, яғни әдістемелік, техникалық, ұйымдық.
“ИНК” ЖШС-ның бухгалтерлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру.
“ИНК” ЖШС-ның бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға бас бухгалтер басшылық етеді. Бас бухгалтер активтердің, меншік капиталының, міндеттемелерінің және олармен жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлама немесе екі жақты жазылатын жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарымен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есепті жүргізеді.
Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты субъектіні жедел басқару үшін қажет ақпараттармен, субъектінің қаржылық нғтижесі мен шаруашылық процестері туралы дұрыс және толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторларға, жабдықтаушыларға, сатып алушыларға, кредиторларға, мемлекеттік органдарға, банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде мына жағдайларды қамтамасыз ету керек:
есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтіндігі;
қаржылық міндеттемелері мен мүліктерді түгендеу нәтижесінде және есептік кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен көрініс табуы;
аналитикалық есептің айналымымен сәйкес түрде сақталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |