Еңбекақы төлеу бөлімі
Материалдық ресурстар есебінің бөлімі
Өндірістік шығындар есебінің бөлімі
Дайын өнім және сату бөлімі
Сызба
“ИНК” ЖШС-ның бухгалтериясының құрылымы.
Еңбекақы төлеу бөлімі еңбекақыға байланысты есеп қисап жұмысының басынан бастап соңына дейін жүргізеді. Еңбекақыға байланысты тиісті қортындылау мен тексеру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық мәліметтер негізінде басқарушылық үрдісіне байланысты талдау жұмыстарын ұйымдастырады.
Материалдық ресурстар есебін жүргізуші бөлім тауарлы-материалды құндылықтар, негізгі құралдар мен материалдар емес активтер, бұларға тән есеп жүргізудін барлық барлық жолдарын пайдаланып, түгендеу мен талдау жұмыстарын тиянақты орындайды.
Өндірістік бөлім - өндіріс шығындарының есебін, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбек және материалды шығындарға тексеру мен талдау жүргізеді.
Төртінші бөлім өндірілге дайын өнімдер есебін, қолда бар дайын өнімдер қозғалысын, өнімдерді жөнелту мен сату, сатып алушымен келісім-шарт жасау, қоюшы мердігерлермен есеп айырысуды қатаң түрде бақылайды.
Нарықтық қатынастар жағдайыда бас бухгалтердің кәсіби мамандығына, бұлардың атқаратын міндеті мен іскерлік ұйымдастырушылығына деген талап қатаң қойылған. Бас бухгалтер бухгалтериясында қызмет атқарушы қатардағы мамандардың барлығына байланысты қызмет атқарудың міндеті мен өрісін белгілеген.
Ақшалар және басқа да өтімділігі жоғары активтерге ілгері бақылау жасаудың қатал жүйесі қаржылық есепті ұйымдастырушылар үшін ақшалар мен олардың баламаларына (эквиваленттерімен) жүргізілген бақылаулар дәл және сенімді ақпарат болып табылғандығына сенімділіктерін арттырады.
Ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету, яғни оны қорғау көптеген ұйымдардың ең маңызды мәселесі болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшаларға ішкі бақылау жасау мынадай функцияларды жүзеге асыруы, яғни атқаруы қажет:
ақшалардың жеке есебін жүргізу мен бөлек сақталуын бақылау;
қолма-қол есеп айырысу негізінде жүргізілген операциялардың есебін бақылау;
кассада тек қана күнделікті қажетті мөлшерде ақша сақтау, касса қалдығын белгіленген мерзімде уақытылы тексеру;
табыс өтелмейтін ақшалардың қайтарылуын қамтамасыз ету;
ақшалардың сақталуын жеке тұлғаның жауап беруі.
Ақшалардың келіп түсуін бақылау кез келген шаруашылық субъектілерде түрлі операцияларда орындауға және пайдалануға байланысты жүргізіледі. Есеп айырысу қолма-қол жүргізу, орындалған операцияларды тіркеп отыру және оны ақша қалдығымен салыстыру, сондай-ақ ақшамен есеп айырысуды белгілі бір адамға міндеттеу ақшалардың ұрлануын, орындалған операциялар үшін толтырылатын құжаттардың толтырылуында қателіктердің жібенрілуін болдырмайды. Ақшалардың үздіксіз және тұрақты банк шоттарына келіп түсуін басынан бастап бақылау мақсатымен есептеу және тіркеп жазу жұмысы үшін жауапты адам тағайындау мыналарды қажет етеді:
кешіктірмей уақытында есептеу;
кешіктірмей уақытында жазу;
алынған ақшаларды дер кезінде депоненттеу;
Ақшаларды басқару функциялармен оны тиісті құжаттарға тіркеп жазу функцияларының жүзеге асырылуын үздіксіз бақылау жасау ұйымның кассалық операцияларына күнделікті қабылданатын жіне касса арқылы төлемдер жүргізілетіндігі туралы есепті құрайды. Ұйымдар өздерінің ақшаларының жұмсалуын бақылау арнайы үлгідегі құжаттар белгілі, тғртіп бойынша толтырылған жағдайда ғана төлем, жүргізуге болатындығы белгілейді. Ұйымдар өзінің ақшаларын, банк мекемесінде сақтауға тиіс.
Ақшаларының қозғалысын бақылаудың маңызды әдісі:
ақшалардың түгелдігіне, сақталуын банк мекемесі толығымен жауап береді;
банк мекемесінің тарапынын ақшалардың жеке есебі жүргізіледі;
бұл жерде сақталатын ақшалардың ұрлану қаупі (мүмкіндігі) кәсіпорындар мен ұйымдардың өзінде сақталатын ақшаға қарағанда төмен.
“Ақша қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс)” қосымшасы
Ақша қозғалысы туралы есептің негізгі мақсаты операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтердің нғтижесінде есепті кезеңнің ішінде компанияның ақша қаражаттарының түсуі мен шығуы туралы ақпарат беру болып табылады.
Операциялық қызмет (ағымдағы қызмет) компанияның пайдасының мөлшеріне ықпал ететін шаруашылық операцияларына ақша қаражаттарының ықпалын қамтиды. Бұл санатқа тауарлар мен қызметтер үшін, берілген және алынған кредиттер бойынша проценттер үшін төлемдер мен түсімдер сияқты операциялар жатады. Жалақы және компания қызметкерлерімен байланысты басқа да төлемдер төлеу нәтижесінде ақша қаражаттарының жұмсалуы да соған жатады. Тап осы санатқа түрлі салықтар бойынша бюджетке төленген төлемдер да жатады.
Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алу жғне сату, өтелетін кредиттерді беру және алу туралы ақпаратты ашып көрсетеді. Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерін қамтитын бөлімінде көрсетіледі. Акцияларды, негізгі құралдарды және т.б. сатудан алынған кірістер мен шығыстар көрсетілетін кірістер мен шығыстар туралы бухгалтерлік есепте көрсетілетін қаржы инвестицияларына ықпал ететін операциялар да санатқа жатады.
Қаржылық қызмет меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістер туралы ақпаратты ашып көрсетеді.
Тікелей әдіспен жасалған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп болашақ ақша қаражаттароын болжамдаған кезде пайдалы болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Тікелей әдісті қолданған кезде жалпы түсімдер мен ақша қаражаттарының жалпы төлемдерінің негізгі түрлері туралы ақпарат:
а) есептік тіркелімдерден;
б) өткізуден алынған табысты, өткізудің өзіндік құнын; және есепті кезеңнің ішінде болған тауарлы-материалдық қорлардың, дебиторлық және кредиторлық берешектердің өзгерістерін;
ақшалай емес баптарын;
ақша қаражаттарының қозғалысына ықпалының нәтижесі көбінесе инвестициялық және қаржылық қызметке қатысты болатын басқа баптарды (алынған немесе берілген кредиттер бойынша проценттер және т.б.) ескере отырып, кірістер мен шығыстар туралы есептің басқа баптарын түзету жолымен алынуы мүмкін.
Операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдіспен ашып көрсетуге болады. Тікелей әдіс “Кірістер мен шығыстар туралы есеп” атты 100,31 – нысанның әр бабын түзетуді білдіреді.
Есепті тікелей әдіспен жасау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
Кезеңнің басы мен аяғындағы ақша қалдықтарының арасындағы айырманы білдіретін ақшаның таза өсімі немесе кемуі алдын-ала анықтайды.
100,31 –нысанда көрсетілген әр көрсеткішті қайта есептеу арқылы операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары алынады. Бұл жағдайда өнімдерді өткізуден түскен ақша қаражаттарынан бастайды, олардан тауарларды сатып алу, ағымдағы шығыстар, кредит үшін проценттер және бюджетке төленетін төлемдер және т.б. жөніндегі барлық ақша қаражаттары алынып тасталады. Нәтижесінде операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары сомасының жағдайы анықталады.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден түскен ақша қаражаттарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |