I. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет3/4
Дата03.03.2016
өлшемі405.37 Kb.
#35080
1   2   3   4

2012 жылы ағымдағы нысаналы  трансферттер есебінен аудан бюджеттіне ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, ҰОС жылдары қаза болған жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне, Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы концлагердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына, мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған еңбеккерлеріне сауықтыруға біржолғы материалдық көмекке және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 6 айдан кем емес еңбек еткен еңбеккерлеріне коммуналдық қызметтерді өтеуге 41 740 мың. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде:



Бірінші бағыт  «Оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге» 37 254 мың теңге қарастырылған, сонын ішінде:

- кәсіптік даярлау және қайта даярлауға – 225 адам;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 110 адамға – 27 702 мың теңге;

- жастар тәжірибесі   50 адам жолданады – 9 552 мың теңге, .



Екінші бағыт. «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасауға» – 115 324 мың теңге қарастырылған, оның ішінде:

-  кәсіпкерлік негіздеріне  50 адам оқытылады – 2 824 мың теңге;

-  шағын несиелендіруге 75 адамға – 112 500 мың теңге,;

Осы бағыт бойынша 2011 жылы 24 млн теңге шағын несиелендіруге қаралған, сонғы қарызгерлерді несиелендіруі ағымдағы жылдың ақпан айында басталған. Қазіргі таңда 10 жұмыссыздарға 24 млн.теңгесі берілді. Шағын несиенін орташа көлемі 2,0 млн. теңгені құрайды, жылдық несиелендіру ставкасы соңғы қарызгерге 8 пайыз көлемінде анықталды.



        2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына үшінші бағыт қосылды. 

       Үшінші бағыт. Бағдарламаның үшінші «Елді мекендерді аббаттандыру және дамыту» бағыты аясында республикалық бюджеттен М.Нәлібаев ауылдық округіне ауыл ішілік жолдарды орташа жөндеуге 53064 мың теңге, Ақүйік ауылдық округіне ауыл ішілік жолдарды орташа жөндеуге 29257 мың теңге бөлінді.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кенісі
Қазіргі таңда аудан бойынша халыққа 31 мәдениет үйлерімен клубтар,
36 кітапханалар, 1 мұражай, 1 мұрағат, 1 стадион, 1 өнер мектебі қызмет көрсетуде.

2012 жылы аудандық бюджеттен

* Жаңақорған аудандық мәдениет үйі (13661 мың теңге) мен Алмалық (9295 мың теңге) ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 22 956 мың теңге;

* Аудандық мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге 2000 мың теңге;

* М.Нәлібаев елді мекеніндегі клуб үйінде күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге 631 мың теңге;

* 10 ауылдық клубтарға аппаратура алуға 5000 мың теңге;

* Мәдени іс-шараларға 2000 мыңтеңге;

* Ұлттық киімдер алуға 4000 мың теңге бөлінді.

* Орталық кітапхананың күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге
1496 мың теңге;

* Спорттық тауарлар алуға 12 175 мың теңге;

* Орталық стадионның футболға арналған алаңына жасанды төсеніш алуға 23845 мың теңге;

* Он ауылдық округке кіші спорт алаңқайын сатып алуға 50 000 мың теңге

қаржылар бөлінді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
2012 жылы аудандық бюджеттен "Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет ету" бағдарламасына 15 000 мың теңге қаржы қаралды.

«Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы және сатып алу» бағдарламасына тұрғын үй салу үшін ЖСҚ әзірлеуге 700 мың теңге, ауылдық округтер әкімі аппараттарының типтік жобадағы кеңсе ғимаратының құрылысына жасалған ЖСҚ қайта жасатуға 670 мың теңге бөлінді.

Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау,дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу бағдарламасына 5000 мың теңге;

2012 жылы республикалық бюджет есебінен облыстық бюджеттен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру үшін ауылдық округтарды жайластыру мәселелерін шешуге Бесарық ауылдық округіне 2871 мың теңге, Аққорған ауылдық округіне 3642 мың теңге, Төменарық ауылдық округіне 3905 мың теңге;


Ауыл шаруашылығы
Аудандағы егін шаруашылығы саласын субсидиялауға 2012 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлық бағыттар бойынша 259 900 мың теңге бөлінді, оның ішінде 25 шаруашылық құрылымдарының берген өтініміне сәйкес 23700 мың теңгеге
2847 тонна азот, 325 тонна фосфор минералды тыңайтқыштары, 179 шаруашылық құрылымдарына көктемдегі егіс егу мен күзгі жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май мен басқа да сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтарды арзандатуға 168 200 мың теңге, «Түгіскен ТШ» ЖШС-не күріш тұқымын дайындап сатқаны үшін
38 200 мың теңге, су жеткізіп беру қызметін арзандату үшін 29 800 мың теңге субсидия берілді.

Соңғы жылдары басым ауыл шаруашылығы дақылдарын қолдау шараларының негізінде күріштің, майлы дақылдардың, жем-шөптік дақылдардың, жеміс-жидектің, бақша дақылдарының, қорғалған топырақтағы көкөністердің егіс көлемі мен өндірілген өнім көлемі артып, елді отандық өнімдермен қамтамасыз ету мәселесін шешілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 27791 гектарға орналастырылды, оның ішінде аймақтың негізгі дақылы күріштің егіс көлемі 8694 гектарды құрады.

2012 жылдың есепті мерзіміне ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі
2 998 800 мың теңгені құрайды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша аудандағы мал шаруашылығы саласына 2012 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден 53000 мың теңге субсидия берілді.



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау
2012 жылға «Мал көмiндiлерiнiң (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына 7456 мың теңге, «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасына
2 675 мың теңге, «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасына 1 605 мың теңге, «Эпизоотияға қарсы iс-шаралар жүргiзу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 74306 мың теңге бөлінді.

Ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк саласының мамандарын әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру үшiн бюджеттiк кредиттерге 126 204 мың теңге қаралды.

  «Ауылдық елдi мекендердегi әлеуметтiк сала мамандарын әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру» бағдарламасына республикалық бюджеттен 21501 мың теңге, жергілікті бюджеттен 39 мың теңге бөлінді.

Көлiк
Аудандық бюджеттен көлік инфрақұрылымын дамытуға қаржы бөленген, оның ішінде:


  • Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге кентішілік көшелерді жай жөндеуге 3000 мың теңге;

  • Нахипов көшесін жалғастырып Байкенжеев көшесіне дейін жаңадан жол салуға
    15 873 мың теңге;

  • Амангелді мен Қорасан-ата көшелерін жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 4500 мың теңге;

  • Талап бекеті жолдарына тас төсеу жұмыстарына 1000 мың теңге;

  • Аққорған ауылдық округінде Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов, Аққорған көшелерінің 800 метріне тас төсеу жұмыстарына 1000 мың теңге;

Облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер:



  • "Самара-Шымкент-Сүттіқұдық" автомобиль жолына, Қожакент ауылының көшелеріне, Қыркеңсе ауылының көшелеріне, Қосүйеңкі ауылының көшелеріне, Сүттіқұдық ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 191 211 мың теңге;

  • Әбдіғаппар-Төлек ата - Қорасан ата автомобиль жолын орташа жөндеуге 79396 мың теңге;

  • Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету бағдарламасына бағдаршамдарды күтіп-ұстау шығындарына 3426 мың теңге бөлінді.


Басқалар
2012 жылы аудандық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтерге қаржы бөлінді:

* Мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің оқу ақысына 3599 мың теңге, мекеме есепшілерін қаржылық есептіліктің жаңа жүйесін оқыту ақысына 3126 мың теңге;

* 2013 жылдан бастап электронды қазынашылық жүйесі енгізілуіне байланысты барлық мекемелерге ұйымдастыру техникаларын алуға 18125 мың теңге;

* электронды қазынашылық жүйесі енгізілуіне байланысты мегалайн байланысы жоқ


4 ауылдық округтерге 660 мың теңге;

2012 жылға жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларға ауданның әскерге шақыру пунктіне 3510 мың теңге бөлінді.

"Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" бағдарламасына кент көшелерін күл-қоқыстан тазарту жұмыстарына 9482 мың теңге, орталық стадионның айналасын күл-қоқыстан тазарту жұмыстарына 3100 мың теңге;
Аудан бойынша «Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру» бағдарламасына аудандық бюджеттен қаржылар бөлінді:

* М.Көкенов, Ақмешіт көшелеріне жарық бағаналарын орнату үшін 6000 мың теңге;

* С.Қожанов, Амангелді көшелеріне жарық бағаналарын орнату үшін 3000 мың теңге;

* Құттықожа ауылына трансформатор орнатуға 1500 мың теңге;

* Кейден ауылына трансформатор орнатуға 1500 мың теңге.

* Бесарық бекетіндегі Бесарық-Ақтас көшелеріне жарық бағаналарын орнату үшін 1647 мың теңге;

* Ақсуат елді мекенінің көшелерін жарықтандыруға 1000 мың теңге

* Жаңарық аулы көшелерін жарықтандыруға 1254 мың теңге;



* Еңбек елді мекеніндегі Ә.Молдағулова көшесін жарықтандыруға 1739 мың теңге;

* Сунақата ауылына трансформатор орнатуға 1500 мың теңге;

* Аққорған ауылы Сырдарья көшесінің 1200 метріне 27 электр бағаналарын орнатуға 2980 мың теңг, көшелерін жарықтандыруға 1700 мың теңге;

* Сүттіқұдық ауылы көшелерін жарықтандыруға 1500 мың теңге;

* Қыркеңсе ауылы Төлеби көшесінің (1,5 шақырым) жарықтандыру жұмыстарына 2000 мың теңге;

* Бесарық елді мекенінен М.Бердуалиев көшесінің 1,8 шақырымын және Кеңес елді мекенінен И.Топышев көшесінің 1,7 шақырымын жарықтандыру мақсатында ЖСҚ әзірлеуге, орнату жұмыстарына 985 мың теңге;

* Байкенже ауылы көшелерін жарықтандыруға 1000 мың теңге;

* Екпінді ауылы көшелерін жарықтандыруға 1000 мың теңге;


«Елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасына қаржылар бөлінді:

* Елдi мекендердi абаттандыруға 7 181 мың теңге;

*Кенті абаттандыру жұмыстарына 5000 мың теңге, Тайпақкөл өзенін сумен қамтамасыз ету жұмыстарына 1200 мың теңге, орталық Ипподромнан көкпарға арналған 2 қазандық жасауға 486 мың теңге;

* Құттықожа елді мекенін абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына 2000 мың теңге;

* Ақүйік ауылын абаттандыруға 11 000 мың теңге;

* Ақсуат елді мекенінің бағының қоршауын ауыстыруға 400 мың теңге;

* Қожамберді ауылы М-2 каналының қашықтығы 400 метр жері ернеуін кеңейтіп тазалау үшін 557 мың теңге;

* Қыраш ауылды абаттандыруға 1300 мың теңге;

*М.Нәлібаев ауылын абаттандыруға 15 000 мың теңге;

* Қандөз ауылын абаттандыруға 4500 мың теңге;


2011-2012 жылдарға республикалық бюджеттен мақсатты трансферттердің және бюджеттік кредиттредің бөлінісі
мың теңге



Атауы

2011 жылға нақтыланған жоспар

2012 жылға бекітілген жоспар

2012 жылға нақтыланған жоспар
(01.09 жағдай бойынша)


 

Нысаналы трансферттер түсімдер, барлығы

407 965




481609

I

Ағымдағы нысаналы трансферттер

283 977




355405

1

Жалпы білім беру (негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердегi физика, химия, биология кабинеттерiн оқу жабдығымен жарақтандыруға) (р.б.)


20350

-

12291

2

Мектеп алды даярлықпен балалардықамтуды көбейту мақсатында елді мекендерді мектеп жанынан шағын орталық ашуға( Рб)


37270

-

36370

3

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

60560

-

67260

4

Республикалық бюджеттен берiлетiн нысаналы трансферттер есебiнен жалпы үлгiдегi, арнайы (түзету), дарынды балалар үшiн мамандандырылған, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар үшiн балабақшалар, шағын орталықтар, мектеп интернаттары, кәмелеттiк жасқа толмағандарды бейiмдеу орталықтары тәрбиешiлерiне бiлiктiлiк санаты үшiн қосымша ақының мөлшерiн ұлғайту


25979

-

54897

5

Қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшін ай сайын ақша қаражатын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

5643

-

10116

6

Республикалық бюдеттен берілетін трансферттер есебінен үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету


9735

-

10727

7

Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту


-

-

9552

8

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер,

12870

-

27702

9

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету


5293

-

5545

10

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету


11429

-

14720

11

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іскасыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

23356

-

21501

12

Эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

71492

-

74306

13

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлердiң экономикалық дамуына жәрдемдесу жөнiндегi шараларды iске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

-

-

10418

II

Кредиттер

123988

-

126204




Ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк саласының мамандарын әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру үшiн бюджеттiк кредиттер


123988

-

126204


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет