сияқты. Олай болғанда анықтауыш сөз бен анықталушы сөздің екеуі қосылып бір
сөз болып санала беруге керек сияқты. Міне, жалғыз мағынаға сүйенгенде айырып
алу қиын болатыны осыдан. Сондықтан, мағынаны өлшеу қылуға алып тұрып,
бірақ жалғыз мағынаның өзіне ғана сүйенбей, басқа
өлшеулерді де қосып қарау
керек болады.
Екінші, кіріккен сөз болу үшін мұның ішіндегі жеке сөздердің әрқайсысы
сөйлемде өз алдына бір-бір мүше болмай, бәрі жиналып барып, сөйлемнің бір-ақ
мүшесі болу керек.
Мысалы,
қолғап, қарақұс деген сөздердің қол, қара дегендері өз алдына,
қап,
құс дегендер өз алдына бір-бір мүше емес,
сөйлемде қол мен
қап-тың екеуіне
қосылып бір-ақ мүше, қара мен құстың екеуі қосылып бір-ақ мүше. Үйткені,
бұларда
қол, қара деген сөздер анықтауыш емес:
«қандай қап?» –
қолғап, «қандай
құс?» –
қара құс деп айыра алмаймыз. Ал, қара жылқы, ала қап деген сөздерде
қандай жылқы? – «қара жылқы», «қандай қап?» – «ала қап» деп аша аламыз.
Бұларда
қара, ала деген сөздер анықтауыш.
Қарақұс деген тіркестің өзі де құстың
белгілі бір түсінің аты болмай, бір құстардың түсін ашу үшін айтылған болса, онда
екі
сөз болып,
қара мен
құстың екеуі сөйлемде екі мүше бола алады. Мысалы,
қарға – қара құс десек,
қандай құс деп сұрауға болады. Сонда,
қарға ақ құс емес,
қара құс деп түсін ашып беруге болады. Ал,
қарақұс дегендегі
қара-ны бұлайша
бөліп ала алмаймыз. Үйткені, мұндағы
қара әуелде құстың түсін көрсету үшін
жұмсалғанмен,
бірде онысынан қалып,
құс деген сөзбен қосылып, құстың белгілі
бір атасының ұлын атайтын сөз болып кеткен. Сондықтан
қара құс деп, кейде, түсі
қара болмайтын құстарды да атай береміз. Мысалы,
қара құстың қазақ тілінде
ақсары деп аталатын түрі бар. Мұның түсі қара емес, сары болады. Солай да болса,
оны да
қарақұс дейміз. Сондықтан, қарға, қара құс болғанмен де, «қара құс» емес,
ақсары,
қара құс болмағанмен де,
«қара құс» деуге болады. Міне, бұл арада қара
деген сөз өзінің бұрынғы мағынасын жоғалтып,
құс деген сөзбен қосылып барып
бір мағына алып кеткенін көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: