Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері



бет21/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

Шешімдерді қабылдауды қолдаудың АТ. Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесі және оларға сәйкес ақпараттық технологиялар негізінен 70-ші жылдардың басында 80 жылдардың аяғында Американдық ғалымдардың күшімен пайда болды. Оған дербес компьютерлердің, қолданбалы бағдарламалардың стандарты пакеттерінің кеңінен таралуы, сонымен қатар жасанды зерде жүйесін құрудағы жетістіктер әсер етті.



Шешімдерді қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясының негізгі ерекшелігі адам мен компьютердің арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың жаңа әдісі болып табылады. Осы технологияның негізгі мақсаты болып табылатын шешімді өндіру итерациялық үрдістің нәтижесінде жүргізіледі. Оған мыналар қатысады:
  • есептеуіш буыны мен басқару объектісі рөліндегі шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесі;


  • адам кіріс мәліметтерді беретін және компьютерде есептеудің алынған нәтижесін бағалайтын басқарушы буыны ретінде.



Сурет 17. Итерациялық процесс ретінде шешімді қабылдаудың қолдаудың ақпараттық технологиясы
Итерациялық үрдіс адамның еркі бойынша аяқталады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйенің пайдаланушымен бірге шешім қабылдау үшін жаңа ақпаратты құру мүмкіншілігі туралы айтуға болады.
Шешімдерді қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясының осы ерекшеліктеріне қосымша бірнеше айырмашылық сипаттамаларын көрсетуге болады:

  • нашар құрылымдық (формальды) есептерді шешуге бағдарлау;


  • математикалық модельдер және олардың негізінде есепті шешу әдістерінің мүмкіншілігімен компьютерлік мәліметтерді өңдеу және кіру дәстүрлі әдістерінің үйлесімі;


  • компьютердің кәсіби емес пайдаланушысына бағыттылығы;


  • техникалық және бағдарламалық жасақтамада бар ерекшеліктеріне, сонымен қатар пайдаланушының талаптарына бейімделу мүмкіншілігін қамтамасыз ететін жоғарғы бейімделуі.


Шешімдерді қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясы басқарудың кез келген деңгейінде қолданылуы мүмкін. Бұдан басқа, басқарудың әр түрлі деңгейлерінде қабылданатын шешімдер жиі үйлестірілуі тиіс. Сондықтан жүйелер мен технологиялардың маңызды функциясы басқарудың әр түрлі деңгейлерінде, сонымен қатар бір деңгейнде шешімдерді қабылдайтын адамдарды үйлестіру болып табылады.


Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесінің құрамына басты үш компонент кіреді: мәліметтер базасы, модельдер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесінен (МББЖ), моделдер базасын басқару жүйесінен және пайдаланушы мен компьютер арасындағы интерфейсті басқару жүйесінен тұратын бағдарламалық ішкі жүйе.
Сурет 18. Шешімді қабылдауды қолдаудың ақпараттық

технологиялардың негізгі компоненттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет