Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері



бет17/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

4.2 Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері

Компьютерді қолдана отырып, ақпараттық технологиялардың дамуына бірнеше көзқарастар бар. Олар әр түрлі бөлу белгілерімен анықталады.

Дербес компьютердің пайда болуымен ақпараттық технологияның жаңа кезеңі пайда болды. Негізгі мақсаты кәсіптік, сондай-ақ тұрмыстық салалар үшін адамның дербес ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру.




    1. Бөлудің белгісі – ақпаратты өңдеу процесі мен есептің түрі.


1-ші кезең (60-70-ші жж.) – ұжымдық пайдаланушы режимінде есептеу орталықтарында мәліметтерді өңдеу. Ақпараттық технология дамуының негізгі бағыты адамның операциялық кері тартпалыққа негізделген әрекеттерді автоматтандыру.

2-ші кезең (80-ші ж. бастап) – стратегиялық есептерді шешуге бағытталған АТ–ларды құру.


    1. Бөлудің белгісі – қоғамды ақпараттандыру жолында тұратын мәселелер.


1-ші кезең (60-шы ж. аяғына дейін) – аппараттық құралдардың мүмкіншілігі шектелген жағдайда үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу мәселелерімен сипатталады.

2-ші кезең (70-ші ж. аяғына дейін) – IBM/360 сериялы ЭЕМ-ды таратумен байланысады. Бұл кезеңнің мәселесі – бағдарламалық жасақтаманың аппараттық құралдардың даму деңгейінен артта қалуы.

3-ші кезең (80-ші ж. басынан бастап) – компьютер кәсіби емес пайдаланушылардың құралы, ал ақпараттық жүйелер – оның шешімін қабылдауды қолдау құралы. Мәселелер – пайдаланушының қажеттілігін максималды қанағаттандыру және компьютерлік ортада жұмыс істеудің сәйкес интерфейсін құру.

4-ші кезең (90-шы ж.басынан бастап) – ұйым аралық байланыстардың және ақпараттық жүйелердің жаңа технологиясын құру. Осы кезеңнің мәселелері өте көп. Олардың маңыздалары мыналар:
  • келісімдерді жасау және компьютерлік байланыстар үшін стандарттарды, хаттамаларды белгілеу;


  • стратегиялық ақпаратқа кіруді ұйымдастыру;


  • ақпараттың қорғауы мен қауіпсіздігін ұйымдастыру.




    1. Бөлудің белгісі – компьютерлік технология беретін артықшылықтары.


1-ші кезең (60-шы ж. басынан бастап) есептеуіш орталықтардың ресурстарын орталықтандырылған ұжымдық қолдануға бағытталған керітартпалық операцияларды орындау кезінде ақпаратты тиімді өңдеуімен сипатталады. Құрылған ақпараттық жүйелердің тиімділігін бағалаудың негізгі критериі араларындағы өңдеуге жұмсалған және енгізу нәтижесінде қаражатты үнемдеудің айырмашылықтары болды. Бұл кезеңдегі негізгі мәселе ақпараттық жүйелері құрылып жатқан пайдаланушылардың психологиялық – жаман өзара әрекеттестігі және құрастырушылардың көзқарастары мен шешілетін мәселелерді түсінуінің айырмашылығы. Бұл мәселенің салдарынан пайдаланушылар нашар қабыл алатын жүйелер құрыла бастады және олардың үлкен мүмкіншілігіне қарамастан толық көлемде қолданбады.
2-ші кезең (70-ші ж. ортасынан бастап) – дербес компьютерлердің пайда болуымен байланысты. Ақпараттық жүйелерді құруға көзқарас өзгерді – бағыт қабылданатын шешімді қолдау үшін жеке пайдаланушы жағына ауысады. Пайдаланушы жүргізілетін өңдеуде қызығушылық білдіреді, құрастырушымен байланысы жақсарады, екі топ мамандарының өзара қарым – қатынасы пайда болады. Бұл кезеңде бірінші кезеңге тән мәліметтердің ортақтастырылған өңдеуі, сонымен қатар жергілікті есептерді шешуге және пайдаланушының жұмыс орында жергілікті мәліметтер базасымен жұмыс істеуге негізделген мәліметтердің ортақтастырылмаған өңдеуі пайдаланылады.


3-ші кезең (90-шы ж. басынан бастап) – бизнестегі стратегиялық артықшылықтарды талдау түсінігімен байланысты және ақпараттың таратылған өңдеуінің телекоммуникациялық технологияр жетістіктерінде негізделген. Сәйкес ақпараттық технологиялар ұйымға бәсекелестік күресте тұруға және артықшылықтарды алуға көмектесу қажет.


    1. Бөлудің белгісі – технологияның құрал-саймандар түрлері


1-ші кезең (XIX ғ. екінші жартысына дейін) – «қолмен» ақпараттық технологиясын құрайтын құралдар: қауырсын, сия, кітап. Коммуникациялар хаттарды, пакеттерді пошта арқылы жіберу жолымен қолдық тәсілімен жүзеге асырылды. Технологияның негізгі мақсаты – ақпаратты қажет түрде ұсыну.

2-ші кезең (XIX ғ. аяғынан бастап) – «механикалық» технологиясын құрайтын құралдар: жазу машинкасы, телефон, диктофон, поштаны жеткізудің ең жетілген құралдарымен жабдықталған. Технологияның негізгі мақсаты – ақпаратты қажет түрде өте ыңғайлы құралдармен ұсыну.

3-ші кезең (ХХ ғасырдың 40-60 жж.) – «электрлік» технологиясын құрайтын құралдар: үлкен ЭЕМ-дер мен сәйкес бағдарламалық жасақтама, электрлі жазу машинкалары, ксерокөшірмелер, портативті диктофондар. Технологияның мақсаты өзгереді. Ақпараттық технологиядағы ерекше көңіл ақпаратты ұсыну түрінен оның мазмұнын қалыптастыруына ауысады.

4-ші кезең (70-ші ж. басынан бастап) – «электрондық» технология, негізгі құралдарына үлкен ЭЕМ –лар мен олардың негізінде құрылған кең базалық спектормен және мамандырылған бағдарламалық кешендерімен жабдықталған автоматтандырылған басқару жүйелері мен ақпараттық-іздеу жүйелері жатады. Көптеген объективті және субъективті факторлар ақпараттық технологияның жаңа концепциясының алдына қойылған міндеттерді шешуге рұқсат берген жоқ. Бірақ, басқарушы ақпараттың мазмұнды жағын қалыптастыру тәжірибесі алынды және технология дамуының жаңа кезеңіне өту үшін кәсіптік, психологиялық және әлеуметтік базасы дайындалды.

5-ші кезең (80-ші ж. ортасынан бастап) – «компьютерлік» («жаңа») технология, негізгі құрайтын құралға әртүрлі міндеті бар стандартты бағдарламалық өнімдерден тұратын кең спектірлі дербес компьютер жатады. Бұл кезеңде нақты мамандармен шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесін құруда пайда болатын, АБЖ –нің жекешелендіру процесі жүргізіледі. Мұндай жүйелерде басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін кірістірілген зерде мен талдау элементтері бар, дербес компьютерде жүзеге асырылады және телекоммуникацияны пайдаланады. Микропроцессорлық базаға ауысуына байланысты тұрмыстық, мәдениеттік және басқа да міндеті бар техникалық құралдар өзгерістерге ұшырайды. Жалпы және жергілікті компьютерлік желілер әртүрлі салаларда кең қолданыла бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет