Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері



бет18/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

4.3 Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері


Әрине ақпараттық технологиялар ескіріледі де, олар жаңа технологиялармен ауыстырылады.
Мысалы. Есептеуіш орталықта үлкен ЭЕМ – ға бағдарламаның пакеттік өңдеу технологиясының орнына пайдаланушының жұмыс орнында дербес компьютермен жұмыс істеу технологиясы келді. Телеграф өзінің барлық функцияларын телефонға берді. Телефон ақырындап экспресс – жеткізу қызметімен сырып шығарылып жатыр. Телекс өзінің көп функциясың факсқа, электрондық поштаға және т.б. берді.

Ақпараттық технологияның пайдалану әдістемесі.
Есептеуіш орталықтардың ЭЕМ–да ақпаратты орталықтандырылған өңдеу тарихи бірінші құрылған технология болды. Үлкен ЭЕМ–мен жабдықталған ұжымдық пайдалануға арналған ірі есептеуіш орталықтар құрылды. Осындай ЭЕМ –ді пайдалану үлкен массивті ақпараттарды өңдеуге және оның негізінде кейін пайдаланушыларға берілетін түрлі ақпарттық өнімдер түрлерін алуға мүмкіндік берді.
Орталықтандырылған технология әдіснамасының артықшылықтары:
  • пайдаланушының мәліметтер базасы түріндегі үлкен массивті ақпараттар мен кең номенклатуралы ақпараттық өнімге жүгіну мүмкіншілігі;


  • оны ортақтастырылып қабылдауға байланысты ақпараттық технологияны даму мен жетілдіру бойынша әдістемелік шешімдерді оңай енгізуі.


Осындай әдіснамасының кемшіліктері :


  • пайдаланушыға ақпаратты тез алуға мүмкіндік туғызбайтын төмен деңгейлі жұмысшылардың жауапкершілігі шектеулі болғандықтан, басқару шешімдерді дұрыс өңдеуге кедіргі жасайды;


  • ақпаратты алу және пайдалану процесінде пайдаланушының мүмкіншіліктерін шектеу.


Ақпараттың орталықсыздандырылған өңдеуі 80-ші ж. дербес компьютерлердің пайда болуымен және телекоммуникация құралдардың дамуымен байланысты. Ол алдыңғы технологияны ығыстырып тастады, өйткені пайдаланушыға ақпаратпен жұмыс істеуге кең мүмкіндіктерді береді және оның ынтасын шектемейді. Мұндай әдіснаманың артықшылықтары мыналар:


  • пайдаланушылардың ынтасына кең еркіндігін қамтамасыз ететін құрылым икемділігі;


  • төменгі буындағы қызметкерлердің жуапкершілігін күшейту;


  • орталық компьютерді қолдану қажеттілігін азайту және есептеуіш орталық жағынан бақылау;


  • компьютерлік байланыс құралдарын қолдану нәтижесінде пайдаланушының шығармашылық потенциалын толығырақ жүзеге асыру;


Бірақ бұл әдіснамада өзінің кемшіліктері бар:


  • бірегей жасалымдар көп болғандықтан стандарттау қиындығы;


  • есептеуіш орталықпен ұсынылған стандарттар мен дайын бағдарламалық өнімдерді пайдаланушылардың психологиялық жағынан қабылдамауы;


  • жергілікті орындарда ақпараттық технологияның даму деңгейінің біркелкі болмауы, ең алдымен нақты бір жұмысшының біліктілік деңгейімен анықталады.


Орталықтандырылған және орталықсыздандырылған ақпараттық технологияның сипатталған артықшылықтары мен кемшіліктері, екі тәсілдің де дұрыс қолдану жолын ұсталыну қажеттілігіне әкелді. Мұндай тәсілді тиімді әдіснама деп атаймыз және осы жағдайда міндеттер қалай бөлінетінін көрсетеміз:


  • есептеуіш орталық ақпараттық технологияны пайдаланудың жалпы стратегия өніміне жауап беру керек, пайдаланушыларға жұмыста, сондай-ақ оқуда да көмектесу керек, стандарттарды орнату және программалық пен техникалық құралдарды қолдану саясатын анықтау;


  • ақпараттық технологияны пайдаланатын персонал есептеуіш орталықтың нұсқауын ұсталыну, ұйымның жалпы жоспарымен сәйкес өзінің жергілікті жүйелер мен технологиялардың жасалымын іске асыру керек.


Ақпараттық технологияны пайдалану тиімді әдіснамасы көбірек икемділікке жетуге, жалпы стандарттарды қолдауға, ақпараттық жергілікті өнімдердің сәйкестігін жүзеге асыруға және т.б. мүмкіндік береді.



Фирмаға ақпараттық технологияны енгізу нұсқасын таңдау.
Фирмаға ақпараттық технологияны енгізген кезде ұйымның бар құрылымына және онда ақпараттың компьютерлік өңдеу рөліне қалыптасқан көзқарасты бейнелейтін екі негізгі концепцияның біреуін таңдау керек.
Бірінші концепция фирманың бар құрылымына бағытталады. Ақпараттық технология ұйымдық құрылымға бейімделеді және тек жұмыс әдістерінің жетілдіруі ғана жүргізіледі. Коммуникациялар нашар дамыған, тек қана жұмыс орындары ұтымды етіледі. Техникалық жұмысшылар мен мамандар арасындағы функциялар бөлінеді. Жаңа ақпараттық технологияны енгізуден тәуекел дәрежесі аз, өйткені шығындар шамалы және фирманың ұйымдық құрылымы өзгермейді.
Мұндай стратегияның негізгі кемшілігі – нақты технологиялық әдістер мен техникалық құралдарға бейімделген, ақпаратты өрнектеу түрінің үздіксіз өзгеруінің қажеттілігі. Кез келген тез қабылданған шешім ақпараттық технологияның әр түрлі кезеңдерде “өшеді”.
Стратегияның артықшылықтарына ең аз тәуекел дәрежесі мен шығындарды жатқызуға болады.
Екінші концепция болашақ фирманың құрылымына бағытталады. Бар құрылым жетілдіріледі.
Бұл стратегия барынша көп коммуникацияның дамуы мен жаңа ұйымдық өзара байланыстардың өңдеуін болжайды. Фирманың ұйымдық құрылымының өнімділігі көбейеді, өйткені мәліметтер мұрағаты ұтымды бөлінеді, жүйелік арналар бойынша ақпараттың таралатын көлемі азаяды және шешілетін есептердің арасындағы жүйелікке жетеді.
Оның негізгі кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • жалпы концепцияны құрумен және фирманың барлық бөлімшелерін зерттеумен байланысты бірінші кезеңдегі маңызды шығындарды;


  • фирма құрылымының болжамдалған өзгерістеріне, соңын салдарынан штаттық күнтізбесі мен лауазымды міндеттерінің өзгеруіменен байланысты психологиялық қобалжушылықтың бар болуы;


Бұл стратегияның артықшылықтары мыналар:


  • фирманың ұйымдық құрылымын ұтымды ету;


  • барлық жұмысшылардың барынша көп жұмыспен қамтылуы;


  • жоғары кәсіптік деңгейі;


  • компьютерлік желілерді пайдалану арқасында кәсіптік функциялардың бірігуі.


Фирмадағы жаңа ақпараттық технология, оны өңдейтін ақпарат деңгейлері мен ішкі жүйелер өзара ақпараттың ортақ массивімен байланысатын болу керек. Осыған байланысты екі талап қойылады. Біріншіден, ақпаратты өңдіру жүйесінің құрылымы фирмадағы өкілеттік бөлуіне сәйкес келу, екіншісі, жүйедегі ақпарат басқару деңгейлерді нақты көрсете алатындай жұмыс істеу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет