Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


Информатика пәні және мақсаттары



бет2/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

1 Информатика пәні және мақсаттары


1.1 Информатиканың пайда болуы және дамуы

Информатика термині 60 жылдарда Францияда электронды есептеуіш машина көмегімен автоматтандырылған ақпаратты өңдеумен айналысатын саланы атау үшін пайда болған. Informatigue (информатика) француз термині information (ақпарат) және automatigue (автоматика) сөздерінің бірігуіменен пайда болды және "ақпараттық автоматиканы немесе автоматтандырылған ақпаратты өңдеуді" білдіреді. Ағылшын тілдес мемлекеттерде бұл терминге computer science (компьютерлік техника туралы ғылым) синонимі сәйкес келеді.

Ақпаратты адам қызметінің жеке саласы ретінде бөлу ең алдымен компьютерлік техниканың дамуымен байланысты. Сонымен бірге, негізгі еңбек микропроцессорлық техникаға жатады, өйткені 70-ші жылдардың ортасында оның пайда болуы екінші электрондық революцияға әкеп соқтырды. Осы уақыттан бастап есептеуіш машинаның элементтік базасы ретінде интегралдық схемалар мен микропроцессорлар болды, ал компьютерлерді құру және қолдануымен байланысты сала өз дамуында түрткі күш алды.


1978 жылы информатика бойынша халықаралық конгрессте былай айтылды: «Информатика түсінігі ақпаратты өңдеу жүйесін құрастыруымен, құруымен, қолдануымен және материалды-техникалық қызмет көрсетуімен байланысты салаларды, сонымен қоса машиналарды, құрылғыларды, ұйымдастырушы аспектілерді, сонымен бірге өнеркәсіптік, коммерциялық, әкімшілікті және әлеуметтік әсерлерінің кешенін қамтиды».
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дердi пайдалану мүмкiндiктерi мен олардың жұмыс iстеу принциптерiн түсiндiрiп қана қоймай, қоғамдық өмiрде және адамдар арасында ақпаратты кеңiнен тарату заңдары мен тәсiлдерi туралы түсiнiктерді беру.
Информатика екi бөлiкке бөлiнедi теориялық және қолданбалы информатика. Теоретикалық информатика автоматтандырылған ақпараттық жүйенi өндеудiң барлық аспектiлерiн қарастырады. Қолданбалы информатика арнайы ақпараттық жүйе арқылы қалыптасатын ақпараттық технологияның түрлерiн қарастырады (медицина, бухгалтерия).
Информатика iс-әрекеттiң негiзгi сегiз бағыттарын қамтитын ғылыми техникалық пәндердiң кешенi:
  1. теориялық информатика


  2. есептеуіш техника


  3. программалау


  4. ақпараттық жүйелер


  5. жасанды зерде


  6. кибернетика


  7. табиғаттағы информатика


  8. қоғамдағы информатика.


Бұл бөлімдерді оқу үшін бірнеше жыл кетуі мүмкін және олардың әрқайсысы жеке бір пән ретінде саналады. Информатика ортақ зерттеу объектісімен біріктірілген осы ғылымдардың конгломераторы болып табылады.


Информатика – компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы.
Өте жиі "информатика" мен "кибернетика" түсініктерін шатастырушылық пайда болады. Сондықтан олардың ұқсастығы мен айырмашылығын қарастырайық.
Кибернетиканың негізін қалаушысы Н. Винер алғаш рет жанды, жансыз және көптеген жасанды жүйелердегі басқару жүйелерінің көптеген ортақ жақтары бар екені туралы идея айтты. Кибернетика қолданбалы информатика ретінде объектілерді басқарудан бастап өте күрделі бүтін өндіріс салаларын, банк жүйелерін, байланыс жүйелерін, әуелі адамдар қоғамдастығын басқару жүйелеріне дейін автоматтық немесе күрделілігі әртүрлі дәрежедегі автоматтандырылған басқару жүйесін жасау және қолдану саласында қарастырылуы мүмкін.
Кибернетика — техникалық, биологиялық, әлеуметтік және т.б. жүйелердегі басқарудың жалпы принциптері туралы ғылым.
Информатика кибернетика сияқты әр түрлі объектілердің басқару міндеттерін шешпей-ақ, жаңа ақпаратты құру мен өзгерту процестерімен кеңірек айналасады. Сондықтан кибернетикаға қарағанда информатика сыйымдылығы мол пән деген пікір бар. Бірақта, бір жағынан информатика компьютерлік техниканы қолдануымен байланысты емес проблеманы шешуімен айналаспайды.

Информатика компьютерлік техника дамуының арқасында пайда болды, оған негізделеді және олсыз болуы мүмкін емес. Кибернетика әр түрлі объектілермен басқару моделдерін құра отырып, өз бетімен дамиды және компьютерлік техниканың барлық мүмкіншіліктерін өте белсенді қолданады. Кибернетика және информатика бір- біріне ұқсас пәндер, тек олар акценттерді орналастырумен айрықшаланады :


  • информатикада — ақпарат қасиеттерінде және оларды өндеудің аппараттық-программалық құралдарында;


  • кибернетикада — концепцияны өңдеуде және ақпараттық тәсілді қолдана отырып, объектілер моделін құруында.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет