Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері



бет20/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

Басқарудың АТ-лары. Басқарудың ақпараттық технологиясының мақсаты шешім қабылдаумен істері бар, фирма қызметкерлерінің бірін қалдырмастан ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру. Ол басқарудың кез келген деңгейінде пайдалы болуы мүмкін.

Бұл технология басқарудың ақпараттық жүйесінің ортасындағы жұмысқа бағытталған және шешілетін есептердің нашар құрылымдығы кезінде пайдаланылады.


Басқарудың АЖ әр түрлі функционалдық ішкі жүйелердегі (бөлімшедегі) немесе фирманың басқару деңгейіндегі қызметкерлердің ұқсас ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру үшін сай келеді. Олармен жеткізілетін ақпарат фирманың өткен кездегі, қазіргі кездегі және болашақ кездегі туралы мағлұматтарды қамтиды. Бұл ақпарат жүйелі немесе арнайы басқаратын есеп беру түрінде болады.
Басқаратын бақылау деңгейінде шешімдерді қабылдау үшін ақпарат мәліметтерінің өзгеру тенденциялары, пайда болған ауытқулардың себептері және мүмкіншілік шешімдері қарастырылатындай етіп агрегарлық түрде көрсетілуі керек. Осы кезеңде мәліметтерді өңдеудің келесі міндеттері шешіледі:
  • басқару объектісінің жоспарланған жағдайының бағалануы;


  • жоспарланатын жағдайдан ауытқулардың бағалануы;


  • ауытқулардың себептерін анықтау;


  • мүмкіншілік шешімдер мен іс-әрекеттерді талдау.


Басқарудың ақпараттық технологиясы әр түрлі есеп беру түрлерін құруға бағытталған.



Жүйелі есеп берулер олардың құру уақытын анықтайтын, белгіленген кестемен сәйкес құрылады, мысалы компанияндағы сатудың айлық талдауы.

Арнайы есеп берулер басқарушылардың сұраныстары бойынша немесе компанияда жоспарланбаған бір нәрселер болған кезде құрылады.
Осы да және басқа да есеп берулер қосындылау, салыстырмалы және төтенше есеп берулер түрінде болады.


Қосындылау есеп берулерде мәліметтер жеке топқа біріктірілген, жеке өрістер бойынша аралық және түпкілікті қорытындылар түрінде іріктелген және ұсынылған.

Салыстырмалы есеп берулер әр түрлі көздерден алынған немесе әр түрлі белгілер бойынша жіктелген мәліметтерді қамтиды және салыстыру мақсаты үшін қолданылады.

Төтенше есеп берулер ерекше (төтенше) сипаттағы мәліметтерді қамтиды.
Басқаруды қолдау үшін есеп берулерді пайдалану ауытқу бойынша басқару деп аталатынды іске асыру кезінде өте тиімді болып шығады.
Құрылып жатқан есеп берулерге фирмада ауытқу бойынша басқару принциптерін пайдалану кезінде келесі талаптар қойылады:
  • ауытқу болған кезде ғана есеп беру құрылуы тиіс;


  • есеп берудегі мағлұматтар көрсеткіштің ауытқуы үшін шиеленіскен сәт бойынша іріктелуі тиіс;


  • барлық ауытқуларды міндетті түрде бірге көрсеткен жөн, өйткені менеджер олардың арасындағы байланысты ұғып алуы тиіс;


  • есеп беруде нормадан тыс сандық ауытқуды көрсету қажет.


Басқарудың ақпараттық технологиясының негізгі компоненттері 16 суретте көрсетілген.


Кіріс ақпарат операциялық деңгейдің жүйесінен келіп түседі. Шығыс ақпарат шешімді ыңғайлы түрде қабылдау үшін басқарушы есеп берулер түрінде қалыптастырылады. Мәліметтер базасының ішіндегісі сәйкес бағдарламалық жасақтама көмегімен мамандарға келіп түсетін мерзімді және арнайы есеп берулерге өзгертіледі. Көрсетілген ақпаратты алу үшін пайдаланылатын мәліметтер базасы екі элементтен тұруы керек:

Сурет 16. Басқарудың ақпараттық технологиясының негізгі компоненттері
  1. фирмамен жүргізілетін операцияларды бағалау негізінде жинақталған мәліметтерден;


  2. жоспарланатын басқару объектісінің (фирма бөлімшесінің) жағдайын анықтайтын жоспарлардан, стандарттардан, бюджеттерден және басқа да нормативтік құжаттардан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет