Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


Ақпараттық жүйелердің даму кезеңдері



бет9/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

3.2 Ақпараттық жүйелердің даму кезеңдері


Ақпараттық жүйелердің даму тарихы және оларды әртүрлі кезеңдерде қолдану мақсаттары төменгі кестеде ұсынылған.
Алғашқы ақпараттық жүйелер 50-ші жылдарда пайда болды. Осы жылдары олар төлем ақы есептерін есептеу үшін қолданылды да, электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналарында жүзеге асырылды. Бұл қағаз құжаттарын дайындауда уақыт пен шығынды үнемдеуге әкелді.

60-шы жж. ақпараттық жүйелерге қатынастың өзгеруінің белгісі. Олар арқылы алынған ақпараттар көптеген параметр бойынша мерзімді есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін ұйымдарға тек төлем ақыны есептеуге және есептерді өндеуге ғана емес, көптеген функцияны қамтамасыз ете алатын кең міндеті бар компьютерлік құрылғы қажет болды.


70-ші — 80-ші жж. басында АЖ-лер шешімді қабылдау процесін қолдайтын және жеделдететін басқарулық бақылау құралы ретінде кең қолданыла бастады.

80-ші жж. соңында АЖ-лерді қолдану концепциясы тағы да өзгерді. Олар ақпараттың стратегиялық көзі болып және ұйымның кез келген бағдарының барлық деңгейінде қолданылды. Бұл кезеңдегі ақпараттық жүйелер өз уақытында қажет ақпаратты бере отырып, ұйымдарға өз қызметінде табысқа жетуге, жаңа тауарлар мен қызмет көрсетуді құруға, жаңа өтім нарығын табуға, төмен бағамен өнімді шығаруды, ұйымдастыруға және т.с.с. мүмкіндік берді.


Кесте 1. Ақпараттық жүйелерді қолдануда тәсілдің өзгеруі


Уақыт аралығы


Ақпаратты қолдану концепциясы


Ақпараттық жүйелер түрі


Қолдану мақсаты


1950-1960 жж.


Есептеу құжаттардың қағаз ағыны


Электромеханикалық бухгалтерлік машиналарда есептеу құжаттарды өңдеудің ақп-тық жүйелері


Құжаттарды өндеу жылдамдығын көтеру


Кесте 1. Жалғасы


1960-1970 жж.


Есеп беруді дайындауда негізгі көмек


Өндірістік ақпарат үшін басқарулық ақпараттық жүйелер


Есеп беруді дайындау процесін тездету


1970-1980 жж.


Іске асырудың басқарулық бақылауы


Шешімді қабылдаудың қолдау жүйесі


Басқарудың жоғарғы буыны үшін жүйелер


Ең ұтымды шешімді өндеу


1980-2000 жж.


Ақпарат –бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ететін cтратегиялық ресурс


Стратегиялық ақпараттық жүйелер


Автоматтандырылған кеңселер


Фирманың аман қалуы және көркемдеуі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет