Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


Ақпараттық жүйелердегі процесстер



бет10/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

3.3 Ақпараттық жүйелердегі процесстер


Кез келген міндеттегі ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді мына бөліктерге бөлуге болады:

  • ішкі немесе сыртқы көздерден ақпаратты енгізу;


  • кіріс ақпаратты өңдеу және оны ыңғайлы түрде ұсыну;


  • тұтынушыларға ұсыну үшін ақпаратты шығару немесе басқа жүйеге жіберу;


  • кері байланыс — кіріс ақпаратты түзету үшін осы ұйымның адамдарымен өнделген ақпарат.


АЖ келесі қасиеттерімен анықталады:


  • кез келген АЖ талқыға салынуға, жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде құрылуы және басқарылуы мүмкін;


  • АЖ динамикалық және дамушы болады;


  • АЖ-ні құру кезінде жүйелік тәсілді қолдану қажет;


  • АЖ-нің шығыс өнімі ақпарат, оның негізінде шешім қабылданады;


  • АЖ-ні ақпаратты өңдеудің адам –компьютерлік жүйесі ретінде қабылдау керек.


АЖ-нің жұмысын түсіну үшін ең алдымен олар шешетін мәселенің мәнін, сонымен қатар ол енгізілген ұйымдастырушылық процестерін түсініп алу қажет. Мысалы, шешімді қабылдауды қолдау үшін компьютерлік АЖ-нің мүмкіншілігін анықтау кезінде мыналарды ескеру керек:


  • шешіліп жатқан басқарушылық есептердің құрылымдығын;


  • шешім қабылдану керек болатын фирманың басқару иерархиясының деңгейін;


  • шешіліп жатқан есептің бизнестегі функционалдық саласына қатыстылығын;


  • қолданылатын ақпараттық технологияның түрін.


Компьютерлік АЖ-де жұмыс істеу технологиясы компьютерлік емес, саладағы мамандарға түсінікті және кәсіптік қызмет процестерін бақылау мен оларды басқару үшін қолданылуы мүмкін.


3.4 Ақпараттық жүйелердің құрылымы және топтасуы

Қамтамасыз ететін ішкі жүйелердің типтері. Толығырақ автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге тоқталайық. Ішкі жүйе - бір белгі бойынша белгіленген жүйенің бөлігі.

АЖ екі ішкі жүйеден тұрады: функционалдық және қамтамассыз ететін. АЖ-нің функционалдық бөлігі жоспарлаудың нақты міндеттерін шешу, басқарылатын объектілердің қызметін бақылау, есепке алу, реттеу және талдау сияқты ішкі жүйелерді қамтиды.


Аналитикалық зерттеу кезінде кәсіпорын түрінен, оның ерекшелігінен, басқару деңгейінен және басқа да факторларынан байланысты болатын әр түрлі ішкі жүйелерді белгілеуге болады. АЖ-нің функционалдық бөлігі қалыпты қызмет істеу үшін оның құрамына АЖ-нің қамтамассыз ететін бөліктерінің ішкі жүйелері (қамтамассыз ететін ішкі жүйелер деп аталатын) кіреді.

АЖ-нің жалпы құрлымын қолдану саласынан тәуелсіз ішкі жүйенің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда топтасудың құрылымдық белгісі туралы сөз қозғалады, ал ішкі жүйелер қамтамассыз ететін деп аталады. Сөйтіп, кез келген ақпараттық жүйенің құрлымы қамтамассыз ететін ішкі жүйелердің жиынтығымен көрсетілуі мүмкін. Қамтамассыз ететін ішкі жүйелердің арасынан ақпараттық, техникалық, математикалық, бағдарламалық, ұйымдық және құқықтық жасақтамаларды айырады (сур.9).



Сурет 9. Қамтамасыз ететін ішкі жүйе

жиынтығы ретінде ақпараттық жүйенің құрлымы

Ақпараттық жасақтама - автоматтандырылған жүйеде пайдаланатын ақпаратты топтастыру мен кодтау жүйелерінің, құжаттаудың, үйлестірілген жүйелері мен жиымдарының біртұтас жиынтығы.
Ақпараттық жасақтаманың ішкі жүйесінің міндеті басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін айқын ақпаратты өз уақытында беру және қалыптастыру. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің ақпараттық жасақтамасы машинадан тыс және машина ішіндегі ақпараттық жасақтамадан тұрады.


Машинадан тыс АЖ - ол барлық құжатталған мәліметтер мен хабарлар жиынтығы.

Машина ішіндегі АЖ - белгілі бір нышандары бойынша машинаның тасуыштарында топтастырылған барлық мәліметтердің жиынтығы.
Ақпараттық жасақтаманы құру үшін мыналар қажет:

  • ұйымның барлық басқару жүйесінің мақсатын, міндетін, функциясын анық түсіну;


  • талдау үшін ақпараттық ағындар үлгісі түрінде берілген басқарудың әр түрлі деңгейінде пайда болу кезінен бастап оны қолдануға дейін ақпараттың жылжуын анықтау;


  • құжат айналым жүйесін жетілдіру;


  • топтастыру және кодтау жүйелерінің бар болуы мен қолдануы;


  • ақпараттың өзара байланысын көрсететін концептуалды ақпаратты – логикалық модельдердің құру әдіснамасын меңгеру;


  • қазіргі техникалық жасақтаманың бар болуын талап ететін машиналық тасушыда ақпарат массивін құру.




Техникалық жасақтама (ТЖ) - ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу үшін қажет техникалық құралдар кешені, сонымен қатар осы құралдар мен техникалық процестерге тиісті құжаттама.
Техникалық құралдар кешені мынаны құрайды:

  • кез келген модельдегі компьютерлерді;


  • ақпаратты жинау, жинақтау, өндеу, жіберу және шығару құрылғысын;


  • мәліметтерді жіберу мен байланыс сымдар құрылғысын;


  • оргтехника және ақпаратты автоматтық алмалы құрылғысын;


  • эксплуатациялық материалдарды және т.б.


Құжаттамамен алдын ала таңдап алынған техникалық құрал, оларды пайдалануды ұйымдастыру, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процессі мен технологиялық жабдықтауы безендіріледі. Құжаттаманы шартты түрде үш топқа бөледі:




  • жалпы жүйелік - техникалық жасақтама бойынша мемлекеттік және салалық стандарттарды енгізеді;


  • мамандырылған – техникалық жасақтаманың барлық кезендері бойынша әдістеме кешенің қамтиды;


  • нормативті-анықтамалық – техникалық жасақтама бойынша есептеулер жүргізу кезінде қолданылады.

Қазіргі уақытта техникалық жасақтаманы ұйымдастырудың екі негізгі түрі бар: ортақтастырылған және жартылай немесе толық ортақтастырылған.



Математикалық жасақтама (МЖ) – жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады.

Программалық жасақтама (ПЖ)- есептеу техникасын қолдау арқылы ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруға қолдайтын бағдарламалар жиыны.
Математикалық жасақтама құралына мыналар жатады:

  • басқару процесіндегі үлгілеу құралы;


  • басқарудың типтік есептері;


  • математикалық программалау, математикалық статистика әдістері, жаппай қызмет көрсету теориясы және т.б.


Программалық жасақтама құрамына жалпы жүйелік және арнайы бағдарламалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжаттамалар енеді.



Жалпы жүйелік программалық жасақтамаға пайдаланушыларға бағытталған және ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешу үшін қажет бағдарлама кешендері жатады. Олар компьютердің функционалдық мүмкіншілігін кеңейту, бақылау және мәліметтерді өңдеу процесін басқару үшін қажет.

Арнайы программалық жасақтама нақты ақпараттық жүйелерді құру кезінде жасалған программалар жиынтығын ұсынады.
Программалық құралдарды өңдеуге арналған техникалық құжаттама есептің сипатталуын, алгоритмдеуге арналған есептерді, есептің экономикалық-математикалық моделін, бақылау мысалдарды қамту керек.


Ұйымдық жасақтама (ҰЖ) – ақпараттық жүйесін жобалау мен жұмыс істетуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы.
Ұйымдық жасақтама келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • АЖ-і қолданылатын ұйымның бар басқару жүйесін талдайды және автоматтандыруға болатын есептерді анықтайды;


  • АЖ-і жобалауға араналған техникалық тапсырмалар мен оның тиімділігін техникалық-экономикалық түрде нақтылауды қоса отырып, есепті компьютерде шешуге дайындайды;


  • ұйымның құрамы мен құрлымы бойынша басқарушылық шешімдерді, басқару жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған есептерді шешу әдіснамасын жасайды.




Құқықтық жасақтама (ҚЖ) – ақпараттық жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттерінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды. Құқықтық жасақтаманың негізгі мақсаты заңдылықты күшейту.
Құқықтық жасақтаманың құрамына заңдар, жарлықтар, бұйрықтар, мемлекеттік органдардың қаулылары, нұсқаулар мен басқа да министрліктің, ұйымның, ведомстволықтың, жергілікті органдардың нормативті құжаттары кіреді. Құқықтық жасақтамада кез келген ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін реттейтін жалпы бөлімді пен нақты жүйенің жұмыс істеуін реттейтін жергілікті бөлімді белгілеуге болады.
Ақпараттық жүйені өңдеу кезеңдерінің құқықтық жасақтамасы өндіруші мен тапсырыс беруші арасындағы шартпен байланысты нормативті актілерді және шартты қабыл алмау құқығын реттеуді енгізеді.
АЖ-нің жұмыс істеу кезеңдерінің құқықтық жасақтамасы мыналарды енгізеді:

  • ақпараттық жүйе статусын;


  • қызметкерлердің құқығын, міндетін және жауапкершілігін;


  • басқару процесіндегі жеке түрлерінің құқықтық нұсқауларын;


  • ақпаратты құру мен қолдану ретін және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет