Функционалдық топтар бойынша қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған республикалық бюджет шығыстары
млрд.теңге
Көрсеткіштер атауы
|
2010 жылғы атқар.
|
2011 жыл
|
2010 жылға
(%)
|
2011 жыл-дың бекіт. бюдж. ауытқ.
|
Бекіт.
|
Нақт.
|
Атқар.
|
Қаржы активтерін сатып алу, барлығы:
|
284, 7
|
194,5
|
338,3
|
338,3
|
118,8
|
143,8
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
|
0,8
|
1,2
|
1,2
|
1,2
|
150,0
|
0,0
|
Қорғаныс
|
4,0
|
0,0
|
0,1
|
0,1
|
2,5
|
0,1
|
Білім беру
|
27,3
|
67,4
|
33,9
|
33,9
|
124,2
|
-33,5
|
Денсаулық сақтау
|
3,7
|
0,2
|
1,0
|
1,0
|
27,0
|
0,8
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
|
0,0
|
1,1
|
2,4
|
2,4
|
-
|
1,3
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
|
15,8
|
0,0
|
1,8
|
1,8
|
11,4
|
1,8
|
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану
|
0,0
|
1,4
|
1,4
|
1,4
|
-
|
0,0
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары
|
39,4
|
32,9
|
54,9
|
54,9
|
139,3
|
22,0
|
Көлік және
коммуникация
|
15,5
|
32,9
|
33,5
|
33,5
|
216,1
|
0,6
|
Басқалар
|
177,6
|
57,3
|
207,9
|
207,9
|
117,1
|
150,6
|
2011 жылы республикалық бюджет қаражаты 21 акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға, ұлғайтуға, толықтыруға бөлінген.
2012 жылғы 1 қаңтарға, мемлекеттің қатысуымен құрылған 126 акционерлік қоғам бар, солардың 5-уі 2011 жылы мынадай мақсатта құрылған:
1) техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың жаңа инфрақұрылымын қамтамасыз ету үшін - «Кәсіпқор» АҚ, оның жарғылық капиталы Үкіметтің резерві есебінен қалыптастырылды;
2) жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың өзекті мәселелері бойынша жүйелі әрі салыстырмалы талдауды жүзеге асыру, зерттеулер жүргізу, ұсынымдар әзірлеу үшін - «Жұмыспен қамту проблемалары бойынша ақпараттық-талдамалық орталық» АҚ (РМК-ден АҚ болып қайта құрылды);
3) білім беруді дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және өзекті жобаларды іске асыру, білім беру саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау үшін – «Ақпараттық-талдамалық орталық» АҚ;
4) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін – «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ;
5) тұрақты зерттеулер жүргізу, иесіз мұнай-газ ұңғымаларында, жойылуға жататын мұнай төгінділері мен қамбаларында оқшаулау-жою жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру, бірыңғай ақпараттық база жүргізу, оларды жою жөніндегі жоспарларды әзірлеуге қатысу үшін -
«Казнефтьскважликвид» АҚ.
Сонымен бірге төтенше жағдайлар және қорғаныс министрліктерінің жанынан екі акционерлік қоғам құрылған.
Есеп комитетінің талдау нәтижесі көрсеткендей, Үкімет жаңа акционерлік қоғамдарды құру кезінде жұмыс істеп жатқан квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әлеуетін жеткілікті дәрежеде зерделемейді, толыққанды тәуекелділікке талдау жүргізбеген, нәтижесінде олар бір-бірінің қызметін қайталайды.
Мәселен, Білім және ғылым министрлігі жанынан «Ақпараттық-талдамалық орталық» АҚ құрылған, осы АҚ қызметінің мәні білім беруді дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және өзекті жобаларды жүзеге асыру болып табылатын бірқатар ғылыми-зерттеу ұйымдарының функцияларын атқарады.
Сонымен қатар, 2011 жылы төрт республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – РМК) құрылған: «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты», «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Алатау» республикалық велотрегі», «Сарыарқа Велотрек» РМК.
11-кесте
2010-2011 жылдары қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған бюджет шығыстары
млрд.теңге
Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың бағыты
|
2010 жыл. атқар.
|
2011 жылы
|
2010 жылға
(%)
|
Бекіт.
|
Нақт.
|
Атқар.
|
бекіткен. атқар-ға. ауытқ. (+/-)
|
Қаржы активтерін сатып алу, барлығы:
|
284,7
|
194,5
|
338,3
|
338,3
|
143,8
|
118,8
|
Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу
|
0,7
|
1,2
|
1,2
|
1,2
|
0,0
|
171,4
|
АҚ құру /қалыптастыру/
АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту
|
280,0
|
190,4
|
333,8
|
333,8
|
143,4
|
119,2
|
РМК-нің жарғылық капиталын ұлғайту
|
4,0
|
2,8
|
3,3
|
3,3
|
0,5
|
82,5
|
2011 жылдың қорытындысы бойынша, РМК-нің жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған шығыстар – 3,3 млрд.теңге, соның ішінде «Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» бойынша – 1,1 млрд.теңге, «Фитосанитария» - 0,7 млрд.теңге, «Телекоммуникация саласында техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» - 0,5 млрд.теңге, су шаруашылығы объектілерін пайдаланатын 17 РМК бойынша – 0,7 млрд.теңге және «Резерв» бойынша - 0,2 млрд.теңге болды.
Төменде қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған республикалық бюджет шығыстарының құрылымы функционалдық топтар арасында көрсетілген.
18-диаграмма
Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған республикалық бюджет шығыстарының құрылымы
Қаржы активтерін сатып алу бойынша ең көп шығыстар «Басқалар» функционалдық тобының үлесінде. Бастапқыда көзделген 57,3 млрд.теңге мөлшеріндегі бюджет қаражаты 3,6 есеге ұлғайтылып, 207,9 млрд.теңгені немесе қаржы активтерін сатып алуға арналған жалпы шығыстардың 61,5 %-ын құрады.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оның жарғылық капиталын толықтыруға арналған 146,7 млрд.теңгенің 144,9 млрд.теңгесін бөлген, ол қаржы 4 еншілес ұйымның: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның (41,3 млрд.теңге), «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның (90,9 млрд.теңге), «КЕГОК» АҚ-ның (0,6 млрд.теңге) және «Қазмұнайгаз» АҚ-ның (12,1 млрд.теңге) жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бағытталған.
Бақылау барысында акцияларды шығару бойынша рәсімдердің аяқталмауына байланысты, «Самұрық-Энерго» АҚ-да және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да 2010-2011 жылдары «Балқаш ЖЭС» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген 6,2 млрд.теңгенің қалғаны анықталды. Бұл ретте «Балқаш ЖЭС» АҚ бюджеттен инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген 4,3 млрд.теңге бюджет қаражатын 2009 жылдан бері екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастыру арқылы 184,1 млн.теңге мөлшерінде сыйақы алған [2.32., 259-бет].
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның (бұдан әрі – «ТҚЖБ» АҚ) жарғылық капиталын ұлғайтуға 2011 жылғы сәуірде 57 млрд.теңге аударылған. 2011 жылғы маусым-желтоқсан аралығында «ТҚЖБ» АҚ осы қаржының 2,4 млрд.теңгесін екінші деңгейдегі банктерге, соның ішінде «Банк Центр Кредит» АҚ-ға - 1,6 млрд.теңге, «БТА Банк» АҚ-ға - 0,7 млрд.теңге, «Цеснабанк» АҚ-ға 0,1 млрд.теңге орналастырған, бұл жалпы алғанда бөлінген бүкіл бюджет қаражатының бар болғаны 5%-ын құрайды. Екінші деңгейдегі банктерден депозиттер орналастыруға өтінімдер болмағандықтан, қалған 54,6 млрд.теңге (95%) 2012 жылғы 1 қаңтарға, мемлекеттік бағалы қағаздарға (36,1 млрд.теңге), Ұлттық банкінің депозитіне (18,4 млрд.теңге) орналастырылған. Осылайша, республикалық бюджеттік бағдарламадан күтілген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген.
«Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында «Ядролық технологиялар паркі» АҚ-ның (бұдан әрі – «ЯТП» АҚ) технопаркін құру үшін Индустрия және жаңа технологяилар министрлігі арқылы инновациялық инфрақұрылым объектілерін салуға және реконструкциялауға, технопарктің өндірістік кешендерінің материалдық-техникалық инфрақұрылымын құруға және инновацияларды енгізуге 1,4 млрд.теңге бөлінді.
Бақылау барысында «ЯТП» АҚ-ның бар болғаны 387,0 млн.теңгені немесе бөлінген қаражаттың 28,6%-ын ғана игергені анықталды, нәтижесінде мұнай-газ құбырларын тазарту жөніндегі мобильді технологиялық кешен (құны 373,7 млн.теңге) жасалмаған, «ЯТП» АҚ-ның объектілеріне кіреберіс жолдар мен инженерлік коммуникацияларды салу бойынша 268,7 млн.теңгенің және басқа да жекелеген іс-шаралары іске асырылмаған.
Сонымен қатар, инновацияларды енгізуге және ғылымды көп қажет ететін өндірістерді құруға бағытталған 300,0 млн.теңгенің тек 6,2 млн.теңгесі немесе 2%-ы (стерильдік маскаларды, қалпақтарды және бахилдерді жасау жөніндегі жобаны іске асыруға) игерілген. Нәтижесінде, жоспарланған ғылымды көп қажет ететін үш жоба, соның ішінде белсендендірілген көмір мен энтерсорбенттерді, медициналық заттар мен медициналық қан-тамыр стенттерін шығару жүзеге асырылмаған.
«ЯТП» АҚ-да ақша қаражаты қалдығын салыстырып тексеруге жүргізілген бақылау барысында 50,0 млн.теңгенің жетіспеушілігі анықталып, материалдар құқық қорғау органдарына табыс етілді.
Есеп комитетінің бағалауынша, «ЯТП» АҚ ғылымды көп қажет ететін ядролық технологияларды дамыту мен оларды отандық өнеркәсіптік өндіріске енгізу үшін жағдай жасау жөніндегі міндетті толық көлемінде орындамаған. Сонымен бірге, осы қоғамның қанағаттанарлықсыз қызметі жөнінде 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепте атап көрсетілген, осыған байланысты Есеп комитетінің тиісті қаулысы қабылданды, алайда оның қызметін жақсарту бойынша шара қолданылмаған [2.13., 213-бет].
Шығыстардың «Білім беру» функционалдық тобы бойынша әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияланған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құру мақсатында «Кәсіпқор» холдингі» АҚ құрылды. Алайда, оның жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған 0,6 млрд.теңге қаражат тек 2011 жылғы 20 желтоқсанда ғана аударылған, 2012 жылғы 1 қаңтарға, «Қазкоммерцбанк» АҚ-да, яғни екінші деңгейдегі банкте «Кәсіпқор» холдингі» АҚ-ның есеп айырысу шоттарында жатқан. Нәтижесінде, Астана және Алматы қалаларында әлемдік стандарттарға сай келетін колледждерді құру жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ТЭН, ЖСҚ) әзірленбей қалған.
«Денсаулық сақтау» функционалдық тобы бойынша бастапқы бекітілген бюджетте «Астана медицина университеті» АҚ-ның және «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМҚК-нің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға 150 млн.теңге қарастырылғанымен, нақтыланған бюджетте шығыстар 6,7 есеге ұлғайып, 1,0 млрд.теңгеге жетті, ол қаржы «А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-ның (856,1 млн.теңге) және «Құрмет белгісі» орденді «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның (150,0 млн.теңге) жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бағытталды. Осы акционерлік қоғамдар іске асыруды жоспарлаған жобаларға бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасы бойынша оң қорытынды алғанына қарамастан, 2012 жылғы 1 қаңтарға, бөлінген қаражат толығымен екінші деңгейдегі банктерде олардың есеп айырысу шоттарында жатқан.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша «2011 жылғы VII қысқа Азия ойындарының Ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның (бұдан әрі – Атқарушы дирекция) жарғылық капиталын ұлғайтуға түзетілген бюджетте 1,8 млрд.теңге қарастырылған, сол қаржыны Б. Шолақ атындағы Спорт сарайының жасанды мұз айдыны мен паркингі бар жапсарлас салынған ғимараты бойынша орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарын төлеуге жұмсау жоспарланған.
Атқарушы дирекция 1,7 млрд.теңгені тапсырыс беруші – «Спорт-мәдени кешені» ЖШС-ға мердігерлік ұйымның орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарына ақы төлеуге аударған. Алайда, объектідегі жұмыстар аяқталмаған және ол пайдалануға қабылданбаған.
Сонымен қатар, Б.Шолақ атындағы Спорт сарайының ғимаратындағы орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 4,1 млрд.теңге болғанына қарамастан, тапсырыс беруші – «Спорттық мәдени кешен» ЖШС мердігердің шотына 8,5 млрд.теңге аударған, сөйтіп, 2011 жылғы 1 сәуірге 4,4 млрд.теңге мөлшерінде дебиторлық берешек пайда болған.
«БайКос» ЖШС-ның орындаған бағалауына сәйкес Атқарушы дирекция «Спорттық мәдени кешен» ЖШС-ның Б. Шолақ атындағы Спорт сарайындағы қатысу үлесін 4,0 млрд.теңгеге сатып алған, бұл 398,4 млн.теңге тұратын жер учаскесін қоса алғандағы, оның баланстық құнынан 10 есе асады.
2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарын өткізу үшін салынып және жаңартылып жатқан спорт ғимараттарына қойылатын бірыңғай техникалық талаптар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сай келмегендіктен, көптеген қосымша ескерілмеген жұмыстар мен түзетулер туындаған, бұл өз кезегінде 57,5 млрд.теңге бюджет қаражатының жоспардан тыс жұмсалуына алып келді. Мәселен, Астана қаласындағы велотректің құны қосымша жұмыстар мен түзетулерден кейін 11,9 млрд.теңгеден 19,9 млрд.теңгеге дейін, яғни екі есеге ұлғайған. Конькимен жүгіру стадионы құрылысының бастапқы құны 11,4 млрд.теңге деп белгіленіп, ол екі жылда салынады деп қарастырылған болатын, алайда «Сембол» компаниясының филиалы оның құрылысын 5 жылдан астам уақыт бойы жүргізген, сөйтіп объектінің құны 20,3 млрд.теңгеге дейін қымбаттаған. [2.1., 190-бет].
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша бастапқыда жоспарланған қаражат 1,7 есеге ұлғайып, 54,9 млрд.теңгені құрады.
Негізгі себебі агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның жарғылық капиталын 22 млрд.теңгеге ұлғайтып 50,9 млрд.теңгеге дейін жеткізген, ол қаржы еншілес компаниялар арасында бөлінген.
Бұл ретте, 2012 жылғы 1 қаңтарға, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдары 20,3 млрд.теңгені немесе бөлінген бюджет қаражатының 39,9%-ын, соның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 7,1 млрд.теңгені, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ – 6,0 млрд.теңгені, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ – 6,0 млрд.теңгені, «ҚазАгроӨнім» АҚ –0,7 млрд.теңгені, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ – 0,5 млрд.теңгені игермеген.
«Көлік және коммуникация» функционалдық тобы бойынша республикалық бюджеттен 33,4 млрд.теңге бөлінді, соның ішінде Ұлттық ғарыш агенттігіне мақсатты ғарыш жүйелерін, технологияларды құру және оларды пайдалану, құрастыру-сынақ кешенін салу үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға – 26,9 млрд.теңге, сондай-ақ «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ-ға 6,5 млрд.теңге бөлінген.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ға бөлінген қаражаттың 8,8 млрд.теңгесі немесе 32,8 %-ы, 2012 жылғы 1 қаңтарға, екінші деңгейдегі банктерде есеп айырысу шоттарында жатқан.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері бойынша қаржы активтерін сатып алуға қарастырылған және бөлінген 338,3 млрд.теңге қаражаттың, 2012 жылғы 1 қаңтарға, барлығы түгел игерілген деп есептеледі. Алайда, он акционерлік қоғамның қызметіне іріктеліп жасалған талдаудың нәтижесінде анықталып отырғандай, оларға жарғылық капиталдарын қалыптастыруға, ұлғайтуға, толықтыруға 145,4 млрд.теңге бөлініп, соның тек 40%-ы ғана игерілген.
2.3. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІН БАҒАЛАУ
2011 жылғы республикалық бюджет тапшылығы 602,4 млрд.теңге мөлшерінде бекітіліп, қарашада 127,9 млрд.теңгеге ұлғайтылып нақтыланып, 730,4 млрд.теңгені құрады. Бұл ретте бюджет тапшылығының мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге өскен.
Есепті кезеңнің соңында бюджет тапшылығы іс жүзінде 575,9 млрд.теңге мөлшерінде қалыптасты, бұл бекітілген мөлшерден – 26,6 млрд.теңгеге, нақтыланған мөлшерден 154,5 млрд.теңгеге кем.
Бюджет тапшылығын жабу үшін бастапқыда 877,9 мрд.теңге мөлшерінде қарыздар тарту қарастырылған болатын, кейіннен нақтылау кезінде олар 912,3 млрд.теңгеге ұлғайтылып, соның 807,1 млрд.теңгесі – ішкі мемлекеттік қарыздардың есебінен және 105,2 млрд.теңгесі сыртқы қарыздардың есебінен қамтамасыз етілетін болды. Іс жүзінде, жылдың аяғында тартылған қарыздардың жалпы сомасы 779,9 млрд.теңгені құрады, бұл нақтыланған мөлшерден 132,4 млрд.теңгеге төмен. Сонымен қатар, бюджет тапшылығын жабу үшін бюджет қаражатының 71,1 млрд.теңге қалдығы пайдаланылды.
12-кесте
Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері
млрд.тенге
Атауы
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
атқар.
|
бек.
|
нақт.
|
түзет.
|
атқ.
|
бек.
|
нақт.
|
түзет.
|
атқ.
|
V. Бюджет тапшылығы (профициті)
|
-510,9
|
-721,0
|
-803,6
|
-803,6
|
-554,8
|
-602,5
|
-730,4
|
-730,4
|
-576,0
|
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)
|
510,9
|
721,0
|
803,6
|
803,6
|
554,8
|
602,5
|
730,4
|
730,4
|
576,0
|
Қарыз түсімдері
|
809,4
|
1 030,5
|
1 037,8
|
1 037,8
|
882,2
|
877,9
|
911,5
|
912,3
|
779,9
|
Қарыздарды өтеу
|
249,0
|
309,5
|
290,2
|
290,2
|
290,1
|
275,5
|
274,5
|
275,3
|
275,1
|
Бюджет қаражатының пайдаланылған қалдығы
|
-49,4
|
0,0
|
56,0
|
56,0
|
-37,3
|
0,0
|
93,4
|
93,4
|
71,1
|
Соңғы жылдары бюджет тапшылығын нақтылап, оның бірнеше мәрте түзетілгеніне қарамастан, оның іс жүзіндегі көлемі жоспарланған мөлшерден айтарлықтай ауытқып бара жатқандығы байқалады. Есеп комитетінің бағалауынша, Үкімет бюджетті қалыптастыру және атқару кезінде бюджет тапшылығының мөлшері мен оның қаржыландыру көздерін анықтауға мүмкіндік беретін ішкі резервтерді жеткілікті дәрежеде зерделемейді және ескермейді. Атап айтқанда, бюджетті қалыптастыру сатысында бюджеттің кіріс базасын ұлғайтудың әлеуетті мүмкіндіктері ескерілмеген.
Сонымен бір мезгілде, мемлекеттік қарыз алудың өсуіне алып келетін тапшылық көлемінің ұлғаюына байланысты мемлекеттің қаржы институттары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерді өздерінің активтерін басқару үшін мемлекеттің қаржы құралдарын пайдалануға бағыттайды.
Ішкі нарықтағы қарыздарға қызмет көрсетуді көбінесе екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыруда, банктерге шаруашылық субъектілеріне қысқа мерзімді және орта мерзімді кредиттерді беруге қарағанда, қаржы нарығының аталған сегменті әлдеқайда тартымды болып табылады. Бұл, өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы қор және кредит нарықтарының дамуына ықпал етеді.
Қарыздар құрылымында ішкі қарыздарды тарту басым болып отыр, жылдың соңында олардың үлесі қарыздардың жалпы көлемінің 86,5%-ын құрады. Бұл ретте бекітілген бюджет бойынша ішкі қарыздарды 807,1 млрд.теңгеге мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару есебінен қамтамасыз ету қарастырылған. Іс жүзінде алынған қарыздардың көлемі 674,3 млрд.теңгені құрады, бұл түзетілген мөлшерден 83,5%-ға кем.
2010 жылмен салыстырғанда, Үкіметтің тапшылықты жабуға арналған ішкі борышы 411,4 млрд.теңгеге (24,6%-ға) ұлғайып, 2 080,5 млрд.теңгені құрады. 2011 жылы Үкіметтің ішкі қарыздары бойынша сыйақы төлемдері, 2010 жылмен салыстырғанда 24,7 млрд.теңгеге өсіп, 112,7 млрд.теңгені, соның ішінде хеджирлеу мәмілелері бойынша шығыстар 2,2 млрд.теңгені құраған.
2011 жылға арналған сыртқы қарыздар көлемі – 166,3 млрд.теңге, соның ішінде халықаралық ұйымдардан кредиттер – 165,5 млрд.теңге, шетел мемлекеттерінен кредиттер 0,8 млрд.теңге мөлшерінде бекітілді.
Республикалық бюджетті нақтылау кезінде халықаралық қаржы ұйымдарының кредиттерін 62,4 млрд.теңгеге азайтып, шетел мемлекеттерінен кредиттерді 1,3 млрд.теңгеге ұлғайтудың есебінен сырттан қарыз алудың көлемі 61,1 млрд.теңгеге немесе 36,9%-ға азайтылды.
Жылдың соңында тартылған сыртқы қарыздардың жалпы сомасы – 105,6 млрд.теңгені немесе олардың нақтыланған көлемінің 100,4%-ын және бекітілген мөлшерінің 63,5%-ын құрады.
Жалпы алғанда, бюджет тапшылығын сырттан қарыз алудың есебінен қаржыландыру, негізінен, халықаралық ұйымдардан – 103,5 млрд.теңге, соның ішінде Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінен – 68,9 млрд.теңге, Азия Даму банкінен – 20,8 млрд.теңге, Ислам Даму банкінен – 8,3 млрд.теңге, Еуропа Қайта Құру және Даму банкінен – 5,5 млрд.теңге кредит алу арқылы қамтамасыз етілді.
Есепті кезеңнің соңында үкіметтік борыш 2010 жылмен салыстырғанда 23,4%-ға өсіп, 2,7 трлн. теңгені құрады.
Үкіметтік қарыздар көлемінің ұлғаюы оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың бір мезгілде өсуіне ықпал етті. Нәтижесінде, 2011 жылы олар 120,8 млрд.теңгені құрады, бұл бұрынғы жылға қарағанда 21,6%-ға көп.
Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Үкімет Бюджет кодексінде бюджет шығыстарының мұнай түсімдеріне деген тәуелділігін бағалауды көздейтін мұнайға қатысты емес тапшылықты талдау бөлігіндегі берілген мүмкіндіктерді толық дәрежесінде пайдаланбай отыр. Бұл ретте ұзақ мерзімді кезеңде мұнайға қатысты тапшылықты экономиканың мұнайға қатысты емес секторын мақсатты түрде дамыту есебінен азайтып отыру қажет.
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сай, мұнайға қатысты емес тапшылықты қысқарту мақсатында одан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт түрінде қаражат алу көзделген.
13-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |