I бөлім. 2011 жылы республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары


Трансферттердің 2009-2011 жылдардағы серпіні



бет10/13
Дата12.06.2016
өлшемі3.66 Mb.
#129818
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Трансферттердің 2009-2011 жылдардағы серпіні

млрд.теңге

2011 жылы республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 808,2 млрд.теңге бөлінген. Оның 776,2 млрд.теңгесі немесе 96%-ы игерілді.

Үкіметтің резервінен бөлінген трансферттерді (34,7 млрд.теңге) ескере отырып, өңірлердің бюджеттеріне 842,9 млрд.теңге аударылған.

21-диаграмма

Бөлінген трансферттердің көлемін облыстар бойынша бөлу

млрд.теңге

Есепті кезеңде 16 өңірдің 7-уінде жергілікті бюджеттердегі трансферттердің үлесі 70%-дан асады, бұл олардың республикалық бюджетке жыл сайынғы қаржылық тәуелділігінің сақталып келе жатқандығын көрсетеді. Орташа алғанда, жергілікті бюджеттер кірісінің жалпы көлемінде трансферттердің үлес салмағы 61%-ды құрайды.

Есеп комитеті трансферттердің шын мәнісінде жергілікті бюджеттердің кірісін толықтыратын негізгі көз болып табылатынын бұдан бұрын бірнеше мәрте атап көрсеткен еді және осы жөнінде тиісті ұсыныстар берген болатын.

Ағымдағы нысаналы трансферттер өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және шығыстардың бағыттарына сәйкес кепілдендірілген мемлекеттік қызметтер арқылы бірдей фискалдық мүмкіндіктер жасауға арналған.

2011 жылы 40 республикалық бюджеттік бағдарлама аясында 201,9 млрд.теңге ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, ал 2010 жылы 60 бюджеттік бағдарлама бойынша 265,3 млрд.теңге бөлінген болатын.

Ағымдағы нысаналы трансферттер көлемінің төмендеуі жекелеген бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың алынып тасталуы және жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің қолданылып жатқан жаңа әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес, бұрын республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын тұрақты сипаттағы шығындарды жергілікті бюджеттердің шығыстарына беру есебінен орын алды.

Осы әдістеме мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:

1) өңірлердің экономикалық дамуын ынталандыру;

2) салық салынатын базаны кеңейту және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдерінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешудегі дербестігін арттыру;

3) өңірдегі бюджеттік қызметтерді алушылардың санын және қандай да бір өңірдің өзіндік ерекшелігіне (климаттық ерекшеліктері, халықтың тығыздығы және т.б.) қарай шығыстардың өзгеруіне ықпал ететін факторларды есепке алуды жетілдіру.

Осы әдістемені қолданудың нәтижесінде 2011 жылы жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарына енгізілген 2010 жылғы республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттері 2011-2013 жылдарға арналған субвенциялар мен алып қоюларды есептеу кезінде 91,8 млрд.теңге болып, бұрынғы жылмен салыстырғанда 28,8%-ға өскен. Мәселен, білім беру саласындағы шығындар – 36,3 %-ға, денсаулық сақтауда – 31,7%-ға, ауыл шаруашылығында – 34,9 %-ға, халыққа «бір терезе» приципі бойынша қызмет көрсетуде – 18,4 %-ға ұлғайған.

2010 жылы ағымдағы нысаналы трансферттер ретінде қаржыландырылған республикалық бюджет шығыстарының бір бөлігі 2011 жылы жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарына субвенция болып енгізілген, осыны қоса алғанда, 2011 жылы бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2010 жылмен салыстырғанда төмендемеген, қайта 4%-ға өскен.

14-кесте

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдаланудың салыстырмалы кестесі

млн.теңге


Атауы

2010

2011

2011ж. бөлін-ген АНТ көлемі-нің 2010ж-мен салыст-дағы ара-қаты-насы , 8-б./5-б.*100, %

2011ж.ЖБ шығындарына берілген АНТ көлемі-нің 2010ж-мен салыст-дағы ара-қаты-насы,

9-б./

6-б.*100, %

Субвенциялар-ды есептеудің бұрын қолданыста болған әдістемесі бойынша АНТ көлемі

Субвенцияларды есептеудің жаңа әдістемесі кезінде

Субвенцияларды есептеудің жаңа әдістемесі кезінде

ББ саны

АНТ сомасы

ЖБ шығын-дарына беріл-генді қоспағанда, АНТ

ЖБ шығын-дарына берілген АНТ сомасы

ББ саны

АНТ сомасы

ЖБ шығын-дарына берілген АНТ сомасы

Барлығы

60

265 308

194 028

71 280

40

201 894

91 830

104

129

соның ішінде, жекелеген әкімшілер бойынша

Білім және

ғылым министрлігі



9

49154

34678

14476

9

47329

19 735

136

136

Денсаулық сақтау

министрлігі



7

55 555

39742

15 813

4

62 568

20 826

157

132

Ауыл шаруашылығы министрлігі

14

55 712

32381

23 331

10

41 535

31 474

128

135

Сонымен, жаңа әдістеменің енгізілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар бұрын нысаналы сипатқа ие болған республикалық бюджет қаражатының бір бөлігін бақылаудан шығара отырып, өздерінің қалауы бойынша басқа мақсаттарға пайдалануға мүмкіндік алды.

Жаңа әдістемені қолдану оның алдына қойылған мақсатты шешуге күмән келтіреді, бұған қоса өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі проблемасы сақталады. Бұл ретте мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі үшін маңызды болып саналатын мынадай мәселелерді шешу жергілікті атқарушы органдардың билігіне берілген:

ауыл шаруашылығында – көктемгі дала және астық жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға; жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы бөлімшелерін ұстауға; ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға; ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға қаражат бөлу;

әлеуметтік салада – арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну; медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақ нормаларын ұлғайту; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдерін және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларды арттыру; жаңадан енгізіліп жатқан әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстау.

Денсаулық сақтау мен білім беруге жұмсалған ағымдағы шығыстар бойынша өңірлік теңсіздік бұрынғыдай сақталып отыр.

Егер, 2011 жылы бір тұрғынға шаққанда денсаулық сақтауға кеткен жергілікті бюджеттің ағымдағы шығыстары бойынша республикалық орташа көрсеткіш жылына 14,5 мың теңгені құраған болса, жекелеген облыстарда осы көрсеткіш 11,5 мың теңгеден 18,7 мың теңгеге дейінгі аралықта болды. Сол сияқты, бір тұрғынға шаққанда білім беруге кеткен орташа ағымдағы шығыстар жылына 39,5 мың теңгені құрады, ал жекелеген облыстарда аталған көрсеткіш 27,0 мың теңгеден 53,0 мың теңгеге дейінгі аралықта болды.

22-диаграмма

Өңірлердің 1 тұрғынға шаққанда жергілікті бюджетінің ағымдағы шығыстары

мың теңге



Субвенциялар көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге өсіп, 789,9 млрд.теңгені құрады. Қазіргі уақытта, Атырау мен Маңғыстау облыстарын және Алматы қаласын қоспағанда, республиканың 13 өңірі субвенциялық болып табылады. Бұл ретте 2011 жылы субвенциялық өңірлер тізбесіне Астана қаласы енгізілген (23-диаграмманы қараңыз).

23 -диаграмма

Субвенциялардың өңірлер бойынша бөлінуі

Есепті жылы ағымдағы нысаналы трансферттер шеңберінде 27,4 млрд.теңге субсидиялар бөлінді, олар мына іс-шараларға бағытталды:

1) жалақыны ішінара субсидиялауға - 1,3 млрд.теңге және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының іс-шаралары аясында көшіп-қону шығындарын субсидиялауға –15,8 млн.теңге;

2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында жобаларды іске асырып жатқан кәсіпкерлік субъектілері үшін екінші деңгейдегі банктерде кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға – 3,0 млрд.теңге;

3) ауыл шаруашылығын субсидиялауға – 23,2 млрд.теңге.

Субсидиялардың негізгі көлемі ауыл шаруашылығының үлесінде және 2010 жылмен салыстырғанда мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға қаржыландырудың көлемін ұлғайтудың есебінен 5,4 млрд.теңгеге өскен. Сонымен қатар, тауарлық балық шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру субсидияланды. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС әзірлеген технологиялық карта бойынша суарылатын жерлерді мелиорациялық жақсартуға 491,0 млн.теңге бөлінген.



24 –диаграмма

Ағымдағы нысаналы трансферттердің өңірлер бойынша бөлінуі

млрд.теңге

2011 жылы 30 республикалық бюджеттік бағдарлама аясында 606,3 млрд.теңге нысаналы даму трансферттері бөлінді, солардың негізгі үлесі Астана (36,3 %) және Алматы ( 14,6 %) қалаларына, 5%-дан астамы - Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарына бағытталды.



25-диаграмма

Нысаналы даму трансферттерінің өңірлер бойынша бөлінуі

млрд.теңге

Нысаналы даму трансферттері көбінесе көлік инфрақұрылымын, жылу-энергетикалық жүйені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты нығайтуға, соның ішінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға және жайластыруға, қалалар мен елді мекендерді абаттандыруға бөлінді.



26-диаграмма

Нысаналы даму трансферттерінің шығыстар бағыттары бойынша құрылымы

Ең көп үлесті мына салаларды дамытуға бағытталған жобалар алып жатыр: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 29 %, өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар – 19%, көлік және коммуникация – 17%, 2011 жылы іске асырылған бүкіл бюджеттік инвестициялық жобалардың жалпы көлемінің 65%-ы соларда шоғырланған. Білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен және мәдениет саласындағы жобалардың әрқайсысына 8%-дан келеді.

Есеп комитетінің бақылау-талдау жұмыстарының нәтижелері көрсетіп отырғандай, 2011 жылы бөлінген нысаналы трансферттердің елеулі көлемі қаржы тәртібін, бюджет және өзге де заңнаманы бұза отырып пайдаланылуда.

Олардағы негізгі кемшілік қаржының игерілмеуі болып табылады, оның сомасы 2010 жылмен салыстырғанда 13,1 млрд.теңгеге ұлғайып, 38,7 млрд.теңгені құрады, ондағы ағымдағы трансферттер – 9,5 млрд.теңге және даму трансферттері 29,2 млрд.теңге болды. Игерілмеген қаражат жергілікті бюджеттердің бос қалдықтары түрінде қалуда, ал бастапқыда олар белгілі бір мақсаттарға, яғни экономиканы дамытуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттің стратегиялық міндеттерін іске асыруға жоспарланған болатын.

Сонымен қатар, өңірлерде инвестициялық жобаларды іске асыру тетігінің жетілдірілмегендігі жағдайды ушықтырып отыр.

Жобаларды іске асырудың қорытындысын шығарған кезде, әдетте, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олардың алдына қойылған міндеттердің толық орындалғаны туралы есеп беріп жатады, ал бұл сәтте нысаналы трансфертер жергілікті деңгейде іске асырылған кезде мерзімдері сақталмай, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмей, тиімсіз пайдаланылуда.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында игерілмеген қаражаттың ең үлкен көлемі мыналардың үлесінде: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі – 15,3 млрд.теңге, білім және ғылым, экономикалық даму және сауда министрліктерінің әрқайсысы бойынша - 4,5 млрд.теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі – 4,0 млрд.теңге.

Есеп комитетінің бағалауынша, нысаналы трансферттер көлемін сапасыз жоспарлау, яғни көп жағдайда қажетті негіздемелердің анықтығына талдау жасалмастан әрі есептеулерге жан-жақты тексеру жүргізілместен, уәкілетті органдардың қажетті қорытындылары мен сараптамаларынсыз трансферттердің бөлінуі, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы анықталған бұзушылықтардың негізгі себептеріне жатады.

Мәселен, республикалық бюджеттен Атырау облысының дамуына арналған трансферттер көлемін айқындау кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті бюджетке облыстың әлеуметтік дамуына жасаған нақты аударымдары есепке алынбаған, 2009-2011 жылдары олар жалпы 1,8 млрд.теңгені құраған.

Сонымен қатар, жекелеген салаларда жобалардың іске асырылуына талдау жасалмаған.

Мәселен, Атырау облысында 19 объектінің құрылысы бекітілген ЖСҚ-сыз басталған, жалпы 6,6 млрд.теңгенің құрылыс жұмыстары уәкілетті органдардың рұқсатынсыз орындалған. Құны 96,7 млн.теңгені құрайтын технологиялық және авторлық қадағалау мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілместен жүзеге асырылған.

Мердігерлік шарттарға ЖСҚ-ны әзірлеуге және оған мемлекеттік сараптаманы жүргізуге 87,8 млн.теңгеге қайтадан ақы төлеу негізсіз енгізілген [2.19., 231-бет].

Төменде нысаналы трансферттерді экономика салалары бойынша пайдалану кезінде анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар келтірілген.

Мәдениетті дамытуға арналған нысаналы трансферттер

2011 жылы мәдениетті дамытуға 3 республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы 51,3 млрд.теңге болатын нысаналы трансферттер, соның ішінде 47,8 млрд.теңге – даму трансферттері, Үкіметтің резервінен 3,6 млрд.теңге бөлінген.

Мәдениетті дамытуға арналған нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде бюджет заңнамасын, «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарды бұзу фактілері анықталды.

2011 жылы Алматы қаласының құрылыс басқармасы жер асты паркингі құрылысы барысын техникалық және авторлық қадағалау бойынша көрсетілген қызметтері үшін 2,0 млн.теңгеге түпкілікті есеп айырысуды негізсіз алдын ала жасаған. Бұл ретте жер асты паркингінің құрылысы аяқталмаған.

Қарағанды қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайын және академиялық музыкалық комедия театрын, Теміртау қаласының мәдениет үйін, Қарағанды облысы Осакаровка ауданының мәдениет үйі мен мәдениет және демалыс паркін күрделі жөндеу кезінде авторлық қадағалау жүзеге асырылмаған. Сметалық құжаттаманы бюджеттік бағдарлама әкімшісі бекітпеген. Аталған объектілер бойынша жобалаушылармен келіспестен 33,9 млн.теңгеге жұмыстардың бір түрлері басқаларымен ауыстырылған.

Теміртау қаласындағы мәдениет үйінің орындалған жөндеу жұмыстарының актілеріне ЖСҚ-ны және оның мемлекеттік сараптамасын әзірлеуге жалпы құны 3,7 млн.теңге төлемдер негізсіз енгізілген.

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігі Теміртау қаласының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу кезінде 115,9 млн.теңгеге қосымша жұмыс түрлері бойынша мемлекеттік сатып алудың рәсімдерін сақтамаған [2.11., 209-бет].

Денсаулық сақтауға арналған нысаналы трансферттер

Есепті жылы 6 республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен жалпы 109,1 млрд.теңге нысаналы трансферттер, соның ішінде 46,5 млрд.теңге – даму трансферттері және 62,6 млрд.теңге ағымдағы трансферттер бөлінген.

Мердігерлік ұйым – «TAMIZ INVEST GROUP» АҚ Астана қаласының Оңтүстік-шығыс шағын ауданындағы амбулаторлық-емхана кешені құрылысын бірнеше жыл бойы жүргізбеген. 2011 жылғы 1 қаңтарға, 2008 жылдан бері мердігердің 312,4 млн.теңге мөлшерінде дебиторлық берешегі бар. 2010 жылы онымен арадағы шарт бұзылып, құрылысты аяқтау үшін 2011 жылы «ВЭН» ЖШС-мен шарт жасалып, оған 352,1 млн.теңге мөлшерінде аванс аударылған. 2011 жылғы 1 шілдеге, объектінің құрылысы жүргізілмеген және Астана қаласының құрылыс басқармасы ол бойынша тиісті шаралар қабылдамаған [2.21., 236-бет].

Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы облыстық қан орталығының құрылысы кезінде бұрынғы мердігер – «Пелестрой» ЖШС-ның 1 434,8 млн.теңгеге орындалмаған жұмыс көлемдері бола тұрып, «Кумаров и Компания» ЖШС-мен қалдық сомасын 513,2 млн.теңгеге асыра отырып 1 948,0 млн.теңгеге шарт жасасқан [2.18., 229-бет].



Білім беруге арналған даму трансферттері

2011 жылы 11 республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде білімді дамытуға 98,7 млрд.теңге нысаналы трансферттер бөлінген, соның 49,8 млрд.теңгесі – даму трансферттері, 47,3 млрд.теңгесі – ағымдағы трансферттер, 1,6 млрд.теңгесі – Үкімет резервінен.

Жергілікті атқарушы органдар бөлінген қаражаттың 4,5 млрд.теңгесін немесе 4,6 %-ын игерген.

Атап айтқанда, білім объектілерін салуға, реконструкциялауға және сейсмикалық күшейтуге бөлінген 49,8 млрд.теңге нысаналы трансферттердің 2,2 млрд.теңгесі игерілмеген, соның ішінде Қызылорда облысы бойынша – 632,3 млн.теңге немесе 13,0 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 516,5 млн.теңге немесе 32,1% және басқалары.

Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақыны ұлғайтуға бөлінген 1,1 млрд.теңге нысаналы трансферттер талап етілмегендіктен игерілмеген, бұл бөлінген қаражат көлемінің 22,6%-ын құрайды.

Бақылау іс-шаралары барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің уәкілетті органдармен және республикалық бюджеттік комиссиямен уақтылы келіспестен, республикалық бюджет трансферттерін өз беттерінше түзетуге жол бергені анықталды.

Мәселен, Астана қаласының құрылыс басқармасының бастамасы бойынша Астана қаласы бюджеттік комиссиясының 2010 жылғы 20 желтоқсандағы отырысында 1200 орынға арналған орта мектеп құрылысының ЖСҚ-сын түзету жөнінде шешім қабылданған, ол мектеп 2010 жылғы 27 тамызда пайдалануға қабылданған болатын. Нәтижесінде, мердігерлік ұйымның, яғни «ВЭН» ЖШС-ның алдында аталған объектіні салудың құнын төлеу міндеттемелері орындалса да, Астана қаласының құрылыс басқармасы құрылыс құнын 414,5 млн.теңгеге ұлғайта отырып түзеткен [2.21., 236-бет].

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға арналған нысаналы трансферттер

Өңірлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға бөлінген нысаналы трансферттердің - 2,3 млрд.теңгесі немесе бөлінген көлемнің 4,4%-ы, соның ішінде Астана қаласы бойынша - 1,5 млрд.теңге (23,6%) игерілмеген.

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға бөлінген қаражаттың 8,2 млрд.теңгесі немесе бөлінген көлемнің 33,3%-ы игерілмей қалған. Соның ішінде, Павлодар облысы бойынша 641,4 млн.теңге немесе бөлінген көлемнің 18,4 %-ы, Астана қаласы бойынша - 653,8 млн.теңге немесе 25,2%-ы игерілмеген.

Коммуналдық шаруашылықты дамытуға бағытталған нысаналы трансферттердің 1,2 млрд.теңгесі немесе бөлінген көлемнің 4,2 %-ы, соның ішінде Астана қаласы бойынша – 932,5 млн.теңге немесе 5,3%-ы игерілмеген.



Агроөнеркәсіптік кешенді және қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамытуға арналған нысаналы трансферттер

2011 жылы қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 13,5 млрд.теңге нысаналы трансферттер бөлінді.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі республикалық бюджеттен объектілерді салуға және реконструкциялауға бөлінген нысаналы трансферттердің игерілу тиімділігін қамтамасыз ету саласындағы жүйелі проблемаларды шешуге жеткілікті назар аудармай отыр. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзу өңірлердегі қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі қазіргі проблемалардың шешілу сапасына теріс әсер етуде.

Есепті кезеңде республика бойынша қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға бөлінген нысаналы трансферттердің 1,6 млрд.теңгесі игерілмеген. Мысалы, Маңғыстау облысы бойынша 1,1 млрд.теңге толығымен игерілмеген, соның ішінде жұмыс жобасын түзету аяқталмағандықтан, «Ақтау қаласында №2 КОС-2 кәріз тазарту құрылыстарын салу» (құны 792,8 млн.теңге) және «Жаңаөзен қаласының қазіргі кәріз тазарту құрылыстарын реконструкциялау және жаңғырту» (құны 319,1 млн.теңге) жобалары бойынша [2.3., 195-бет].

Есепті жылы 13 республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға жалпы 77,1 млрд.теңге нысаналы трансферттер, соның ішінде 35,6 млрд.теңге – даму трансферттері және 41,5 млрд.теңге ағымдағы трансферттер бөлінді.

«Жайық Балық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған Атырау облысының бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 2 млрд.теңге тиімсіз пайдаланылған.

Бақылаудың қорытындысы бойынша, «Жайық Балық» КМК-нің мемлекеттік монополия субъектісі мәртебесін алмағаны анықталды. Осыған байланысты, ол өндірістік қызметті жүзеге асырмаған, құны 206,1 млн.теңге болатын негізгі құралдарын бұрынғы меншік иесіне жалға берген. «Жайық Балық» КМК үшін 3,5 млрд.теңгеге сатып алынатын жабдықтар өндіріс құрылыстары салынып, жаңартылғаннан кейін ғана өнеркәсіптік пайдалануға берілуі мүмкін. Бұл ретте жүзу құрал-жабдықтарын сатып алу қажетті жұмыс тәжірибесі жоқ делдалдар арқылы жүзеге асырылып, олардың құны өндіруші зауыттың бағасынан 1,1 млрд.теңгеге асып кеткен [2.19., 231-бет].

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген ауылдық тұрғындардың үлесі аса төмен деңгейде қалып отыр.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 2011 жылы республикалық бюджеттен сумен жабдықтау объектілерін салуға және реконструкциялауға бөлінген 74,3 млн.теңге нысаналы трансферттерді 2010 жылы әзірленген ЖСҚ-ға үшін жұмсалған шығындарды өтеуге пайдаланған. Бұл ретте Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жобалау ұйымы алдында кредиторлық берешегінің бар екендігі тіркелмеген.

Нормативтік құқықтық актілер уақтылы қабылданбағандықтан, ауылшаруашылық малдарын идентификациялау жобасы іске асырылмаған. Ауыл шаруашылығы министрлігіне 090 «Ауылшаруашылық малдарын идентификациялауды ұйымдастыру мен жүргізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 3,1 млрд.теңгенің 2,1 млрд.теңгесі немесе 65,6 %-ы игерілмеген. Бұған:

1) Ауылшаруашылық малдарын идентификациялау және ауылшаруашылық малдарын идентификациялауды ұйымдастыру мен жүргізуге ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі;

2) жергілікті атқарушы органдар мен Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы келісімдердің кешіктіріліп қол қойылуы;

3) жануарларды идентификациялау жөніндегі талаптардың өзгеруіне байланысты мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың кеш өткізілуі;

4) жануарларды идентификациялауға арналған ұйымдастыру техникасы үшін нөмір белгілерінің Министрліктен кеш түсуі себеп болған.

Осының салдарынан, Қазақстанның өңірлерінде бөлінген қаражаттың 52%-нан 95%-ына дейін игерілмеген (Ақмола облысы - 94,1 млн.теңге, Алматы – 519,5 млн.теңге, Оңтүстік Қазақстан – 440,2 млн.теңге, Шығыс Қазақстан - 200,0 млн.теңге, Павлодар – 84,3 млн.теңге, Қызылорда – 95,5 млн.теңге және басқалары).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет