Сабақтың типтері мен құрылымы:
Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортақ бір белгіні табу үшін оларды «жіктеу» керек.
Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н. Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырады. Мазмұнына қарай топтпстырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының тәсілдері бойыеша экскурсия – сабақ, кино – сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді.
Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іо-әрекетінің сипатына қарай кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау, аралас сабақтар деп бөлінген.
Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар:
Аралас сабақ
Жаңа материалды оқу
Жаңа іскерлікті қалыптастыру
Білім, іскерліктерді тәжәрибеде қолдану
Жинақтау жәнеи жүйелеу
Білім, іскерлікті тәжәрибеде қолдану
Білім, іскерліктітерді бақылау және түзету.
Сабақтың құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар.
Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Мысалы, сабақтың мақсаты білім жәнеиіскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім , іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі.
Сонымен сабақтың кешенді, қатаң құрылымы жоқ. Аралас сабақтың құрылымы басқа сабақтардың құрылымына негіз болады.
Бұл сабақ қазіргі мектептерде кең тараған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, бірінші сабақтардан құралған, сондықтан оны аралас сабақ дейді. Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі болады.үмысалды, озат мұғалімдер оқушыларға білімдерді өздік жұмыстар арқылы меңгертеді.
Жаңа материалды оқытуды оны бірінші рет бекіту, қолдану жиі ұйымдастырылады. Материалды бекітумен қатар бұрын өтілген тақырыптарды тексеріп, білімдерді қалыпты емес ждағдайларда қолдандырып дағдыландырған жақсы. Сабақтың элементтерін оылай біріктіру онв оқушыларға қызықты етеді.
Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр элементке бөлінген уақытқа мұқият қарау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |