Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру. Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.
Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С. И. Архангельский, С. И. Зиновьев, Н. В. Кузьмина, Т. А. Ильина, Н. Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне түрліше анық-тама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.
1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер): түсіндірмелі хабарлау әдісі; репродуктивтік әдіс; проблемалық баяндау әдісі; эвристикалық әдіс.
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М. А. Данилов, Б. П. Есипов.Т. А. Ильина): жаңа білім беру әдісі; біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі; Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі; өзіндік жұмыс істеу әдісі; білімді тексеру әдісі; проблемалық,бағдарламаланған оқыту әдісі.
3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю. К. Бабанский): оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру; оқуға ынталандыру; оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.
4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р. Г. Лемберг): ауызша баяндау әдісі; есеп шығару әдісі; өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В. Оконь): жаңа білімді игеру әдісі; өзіндік білім әдісі; проблемалық әдіс; практикалық әдіс; көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең көп тарағаны - білім берудің тұпнұсқа арқылы оқыту әдістері (И. Т. Огородников,С. И. Перовский, Е. Я. Голант): сөздік немесе ауызша баяндау әдісі; көрнекілік әдістер; тәжірибелік әдістер.
Бұл әдістердің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде өрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді т.с.с.