І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі.Негізгі категорияларыПедагогика-



бет53/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

2.Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі.Негізгі категорияларыПедагогика-адамзат қоғамының даму тарихымен бірге өмір сүріп, дамып келе жатқан ,адамдардың тәрбие, оқыту,білім беру деп аталатын саналы әрекетін зерттейтін ғылым.Тәрбие, оқыту және білім беру ісінде қоғам мен оның мүшесі болып табылатын жеке адам өзара мүдделес,мұраттас.Әрбір ата-ана дүние есігін енді ғана ашқан нәрестесін өзінің үлкен, саналы ғұмырының жалғасы,бүгіннің ертеңге жалғастырушы деп біледі,ал қоғам,дәлірек айтқанда,оның саяси құрылымы реттеушісі саналатын мемлекет,сол жас тәрбиелі, тағылымды,білімдар және парасатты адамзат болып өсуін өзінің қуаттылығының,мызғымас беріктігінің,өркениеттілігің кепілі деп санайды. Осы ортақ мүдде, мақсат бірлігі, сан ғасырлық, тәжірбие, бұл саладағы алғашқы зерттеулер, тұжырымдар,қоғамдық құрылыстардың өзгеруі кезінде болмай қоймайтын санқырлы,алуан салалы жүйелік өзгерістер педагогиканың биік мәртебелі,іргелі ғылым ретінде қалыптасуына негіз қалады.
Білім беру тәрбиенің және оқытып үйретудің нәтижесі. Тура мағынасында білім беру оқып үйренген пәндер туралы нақты, түпкілікті түсініктерді, бейнелерді қалыптастыру және олар арқылы тәрбиелеу болып табылады. Білім беру – бұл оқушылар алып, меңгеретін білімдердің, қабілеттердің және дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы, ХІХ ғасырда білім алу адамның қалыптасуы ретінде түсінілді. Қвзіргі кезде адамзат баласы жинақтап, зерделеген білім негіздері ұшан-теңіз, адам қаншама ұзақ уақыт оқып-үйренсе де, осыншалық білімнің бәрін бірдей игере алмас еді.
Белгілі бір деңгейде жүйелі білім алған, сонымен қатар қандай да бір нәрсенің себебі мен салдарын ашып көрсете отырып, жүйелі ойлай алатын адамды білімді адам деп атау қабылданған. Білімділіктің басты шарты – алған білімнің, ойлау қабілетінің қисындылығы. Бұл жүйеліліктер адам логикасының зерделеу жолымен білім жүйесінің осал буындарын өз бетімен қалпына келтіруге қабілетті болған кезде толық көрінеді.
Біз көптеген адамдардың керемет есте сақтау қабілетіне, аса көп білетініне тәнті боламыз. Адамдардың көп оқитынын, энциклопедиялық хабардарлығын көбіне білімдарлыққа саямыз. Бұл шындыққа сай келмейді, өйткені құбылыстың себеп-салдар байланыстарын аша алатын, өз пікірі, ұстанымы бар адам ғана білімдарлық деңгейіне жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет