2 Бөлім.Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
Дәріс 1. Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
Жоспары:
Педагогиканың ғылым ретіндегі мәні
Педагогика ғылымының пәні және оның атқаратын қызметі.Негізгі категориялары
Педагогика ғылымның жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы
Негізгі ұғымдар: педагогика,ғылым,тәрбие,білім,оқыту,мақсат,категориялар,принциптер,тұлға,іс-әрекет,қарым-қатынас,даму,қалыптасу,педагогикалық білім беру,болашақ маман т.б
Педагогиканың ғылым ретіндегі мәні
Адам көптеген ғылымдардың ғасырлар бойы зерттеу объектісі болып келеді.Өйткені ғылым адамға қызмет жасайды.Сондай-ақ, адам,қоғам іс-әрекетінің нәтежелілігі ,олардың адамгершілік қарым-қатынасына тікелей байланысты. Адамдардың жақсы өмір сүруіне мемлекет тарапына жағдай жасалу олардың әділеттілік,еріктілік,қайырымдылық құндылықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл үдерістің өзіндік қиыншылығы ,қарама-қайшылығы,көпжақтылығы байқалады.Әрине,дәріс,негезінен,белгілі курстар арқылы немесе «Жоғарыдағы» адамдардың ниеттілуіне байланысты игеріледі.Жалпы әрбір адамның мақсатын өзінің қатысуынсыз іске асыруға болмайды.Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматы жоғарыдағы мақсатты іске асыруға үлес қосуы тиіс.Егер де халық білімді,ақылды, мәдениетті, адамгершілікті,демократиялы,әділетті ,кәсіби бағдарлы болса, соғұрлым қоғам өркениет деңгейіне көтеріледі.Демек,Қазақстанның болашақ иелерін сол тұрғыда тәрбиелеу қажет.
Педагогика ұғымы екі мағына береді:біріншіден,білімнің ғылыми аумағы,ғылым;екіншіден,өнер,қолөнер,педагогикалық іс-әрекет аумағы.Педагогика атауының түп-төркіні гректің «Пайдос» -бала және «аго» - жетектеу деген сөздерінен шыққан. «пайдагогос» сөзін тура мағынасында аударса, «бала жетектеуші» деген ұғымды білдіреді.Яғни,баланы өмірге жетектеу,оқыту,оны тәрбиелеу,жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді.Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып,алып қайтатын құлды педагог деп атаған.Ал мектепте ұстаздық етумен басқа білімдар құлдар айналысқан.
Орыстың ұлы ғалымы Д.И. Менделеев өзінің ғылымның мақсат-мұраты туралы ойын кез келген ғылыми теорияның негізгі және түпкі екі мақсаты бар,ол алдағыны көре білу және пайда келтіру деп түйеді.Бұл ортақ ереже педагогикаға да тән. Оның мақсаты - адамдарға тәрбие білім беру мен оқытып-үйрету заңдарын таңу және осының негізінде педагогикалық тәжірбиеге алға қойылған мақсаттарға жетудің таңдаулы жолдары мен әдістерін көрсету.Теория тікелей білім беру және тәрбие ісімен айналысатын ұстаздарды әр жастағы адамдар топтарын тәрбиелеудің оларға әлеуметтік білім берудің ерекшеліктері туралы кәсіби білімдермен,әр-түрлі жағдайда атқарылатын оқу-тәрбие үдеріссіне болжам жасау,оны сол қалыптасқан жағдайға ыңғайлап жобалап,жүзеге асыру,оның тиімділігін бағалай шеберлігімен қаруландырады. Оқытудың, білім беру мен тәрбиелеудің ең жаңа технологиялары,тиімді әдістемелері де педагогикалық лабораторияларда сараланып,сарапталып дүниеге келеді.
Педагогика – қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық танытуда, рухани байлығына көмек беруді,адамды тәрбиелеуды зерттейтін ғылым.Педагогикалық білім адамды жан-жақты дамытуды тәсілдері мен жолдарын әмбебап тұтасымен зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |