3. Педагогика ғылымының жүйесі мен басқа ғылымдармен байланысы.Педагогика ұзақ жылдар бойы ақпарат жинау барысында,педагогикалық ғылымдардың салалы жүйесіне айналды.Қазіргі заманғы ғылыми білім саралауға ,оқытудың бөліну аймағындағы ағымға енеді.Оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіндегі оқыту,тәрбиелеу заңдылықтарын қарастыратын ғылыми базалық пән-жалпы педагогика.Ол ірі төрт бөлімнен тұрады: педагогиканың жалпы негіздері; оқыту теориясы (дидактика); тәрбие теориясы: білім беру жүйесін басқару. Соңғы жылдары бұл бөлімдердің ауқымды кеңеюіне байланысты жеке ғылыми пәндер бөлініп шықты.
Білім және тәрбие алушылардың жас ерекшелігін ескертуге байланысты - жас ерекшелік педагогикасы қалыптасты. Оның құрамына: бүлдіршіндер, мектепке дейінгі,мектеп,жоғары мектеп педагогикасы жатады. Бүлдіршіндер педагогикасы үш жасқа дейінгі балалардың тәрбие мәселелерін қарастырады. Мектепке дейінгі педагогика – мектепке жасына дейінгі балалардың жеке адам ретінде қалыптасу,даму,оларды тәрбиелеу,оқыту заңдылықтарын зерттейді.Мектеп педагогикасы мектеп мектеп оқушыларының білім және тәрбиесі мәселесімен айналысады.Бұл кезең өте күрделі болып табылады. Жоғары мектеп педагогикасының ерекшелігі жоғары білім алуға байланысты оқу-тәрбие үдерісінің заңдылықтарын қарастырады. Сондай-ақ, ересектер педагогикасы немесе ангдрогоика бар.Андрогогика – ересек адамдармен жұмыс істеу туралы ілім.
Педагогикалық пәндер қатарына: әлеуметтік педагогика, салыстырмалы педагогика, арнайы педагогика,салыстырмалы педагогика, пенитенциарлық педагогика, этнопедагогика,педагогика тарихы және т.б. жатады.Ішкі бөлінулері мен байланыстары қатарында педагогика басқа ғылымдармен байланысады. Академик Б.М. Кедровтың жіктеуі бойынша, ол медицина мен техникалық біліммен бірге практикалық ғылым тобына кіреді.
Педагогика ғылымы қоғам және адам өмірінің талабына, ғылыми- техниканың дамуына, зерттеу нысанының логикалық өзгеруіне сай дамып отырады. Осындай өзгерістер педагогика ғылымының алдына жаңа талаптар, шешімдерді қояотырып, өзіндік ішкі мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану қажеттілігін туғызып, педагогика ғылымының өзгеріп, құрамдас бөліктері мен жаңа салаларының пайда болуына әкелңп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |