І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет59/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Тәрбиенің зор күшін көптеген прогрессивті педагогтар мойындаған. Мысалы, ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге нәр береді, бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады деп тұжырымдаған. Белгілі педагог А.С.Макаренко педагогикалық теория мен тәжірибеде «қиын», тіпті «тәрбиесі қиын» балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген болатын.
Тәрбие – белгілі бір мақсатқа негізделе отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі. Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен арақатынасын қарастырады. Қазіргі жағдайларда адамның ұзақ та арнайы ұйымдастырылған білім-тәрбиесіз өмірге араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана – жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш.
Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешіліктерінің бірі – оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигі К.Д.Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: «Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды».
Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, қоршаған орта және тәрбие болып табылады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының арақатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.
4. Адам дамуы жеке тұлғаның әлеуметтену үдерісі ретінде.
Тәрбиелеу барысында жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы ерекше мәнге ие. Жеке тұлғаның даму қалыптасу мәселелері әр түрлі аспектіде қарастырылады. Ерте кездегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық, соынмен қатар әлеуметтік факторлар да әсер ететіндігіне мән берген. Жеке тұға мәселесі көптеген (Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дисервег, К.Д.Ушинский, В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский. З.Фрейд, Д.Дьюи, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский, Э.И.Моносзон, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов, т.б.) әр саладағы ғалымдардың зерттеулерінен орын алған.
Психология ғылымында «жеке тұлға» деген ұғымға әр түрлі түсініктер береді, олардың ойын қорытар болсақ: жеке тұлға дегеніміз – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Сонымен, тұлға дегеніміз – өзіндік сана қалыптастыру барысында – қарым-қаынас, іс-әрекет жасаудағы адамның әлеуметтік мәні.
Демек, жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, оның маңызды белгілері ретінде саналылық, жауапкершілік, еркіндік, қадір-қасиет, т.б. көрініс береді. Жеке тұлға ұғымын анықтау барысында «адам», «индивид» деген ұғымдардың айқындалуы қажеттілік болып табылады. Адам – бет-бейнесімен, келбетімен, саналы іс-әрекетімен, сөйлеу қабілетімен сипатталатын тірі организм. Яғни ол биологиялық мәнге ие болады. Ал «индивид» латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы – «жекелік». Бұл сөздің ұғым ретіндегі сипаты адамзат тұқымының қасиеттерінің ескерілмеген көрінісін берсе керек. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категогриялардың мәні де осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптаатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы қоғам қолдауы мен әлеуметтік қажеттілікке байланысты іске асырылады. Әрбір адам өзінің өмір салты, құндылық бағыттарына сай іс-әрекеттерін бағдарлап отырады. Осыған орай, адамдардың тұрмыс-тіршілігі өзгермелі болады және қоғамнан өз орнын белгілейді. Яғни жеке тұлға тұрақты қасиеттер жиытығымен ерекшеленеді.
Жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеумен қатар әлеуметтендіру деген термин бар. Өйткені жеке тұлғаның өзі, оның сана-сезімі құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибені, мәдениетті меңгеру үдерісінде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтенуде тәрбиемен қатаралдын ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толыққұқылы мүшесі болуы байқалады.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі, қоршаған ортамен байланыс орнатып, адамдармен қарым-қатына жасауы – күрделі мәселелердің бірі. Өркениетке ұмтылу барысында елдің орнықты дамуының қамтамасыз етілуі үшін қоғамдағы адамдардың рухани-имандылық дамуын басты кезекті міндет және жауапкершілік ретінде қабылдау қажет.
Жеке тұлғаға байланысты философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелік жүйелердің негізін құрайды.
Қоғамның даму үдерісі барысында тәрбиенің мазмұны өзгереді, педагогика тәрбие субъектісі ретінде адамды қалыптастырады, ал тәрбиелеудің ықпалы оның жетілуіне бағытталған. Бұл тәрбиелеу феноменіне негізгі анықтама береді, яғни педагог – тәрбиелеушілердің қайта көркею қызметі, тәрбиеленушілердің нәтижелі іс-әрекет жасауына игі әсер етуші. Ақыл-ойының өзгеруіне, дүниеге көзқарасына, психологиялық, мәнділік бағыты, жеке білімі және амалдары, сапа өсуінің себепшісі болады және топ арасындағы тәрбиелеу жүйесін кең ауқымда қолдану.
Әлемдік әлеуметтік-тарихи тәжірибе тәрбиелеудің негізгі мақсатын анықтауға мүмкіндік береді, яғни жеке адамның жан-жақты дамуы мен үйлесімділігі, қазіргі қоғамда әлеуметтік және кәсіптік қызмет талаптарына дайындалу, жеке адам даярлау қабілеті және оның құндылығын қалыптастыру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет