І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Педагогикалық зерттеулердің әдістері



бет62/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Педагогикалық зерттеулердің әдістері

Жалпы алғанда педагогикалық, зерттеудің үш кезеңі бар: теориялық, эмпирикалық, әдіснамалық.
Теориялық зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеу әдістерінің бірі де теориялық зерттеу әдістері болып табылады. Бұл әдіс зерттеушіге алғашқы мәліметтерді жинақтау мен талдауға көмектеседі.
Теориялық зерттеу әдістері:
1) зерттеу мақсатына сай ғылыми әдебиет көздерін жинақтау зерттеудің бастапқы құрамды бөлігін анықтайды. Ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі де осыдан бастау алады. Зерттеу жұмысымен айналашушылар ғылымның өзі қарастырып отырған салада қандай мәселелер зерттелгенін анықтау мақсатында, зерттеу мәселесінің бұрын және қазіргі кездегі зерттелу деңгейін оған қатысты барлық мәліметтерді сараптап, алынған тақырып бойынша әдебиеттермен танысуы керек.
2) талдау және синтез. Талдау әдісінің эмпирикалық мәліметтерді механикалық тұрғыдан бөлу; элементтердің тұтас құрамдағы өзара қатынас формаларын анықтау; білім құрылымының мәнін ашу; зерттеу нысанасының сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау қарапайым сипатта болуы мүмкін және бұл талдауда элементтердің бір-біріне, тұтас сипатта бастапқы жұйеге қатынасы айқындалмайды. Талдау кезінде зерттеу нәтижелері бағдарламалар, жоспарлар, кестелер, жүйелер түрінде жинақталады, мұндай уақытта алшақтату тәртібі қолданылады, яғни күрделі пікір айтылған соң тиянақты жинақталған сөйлеу әрекеті іске асырылады.
3) абстракциялау (дерексіздендіру). Оның екі түрі бар: талдау барысында қорытындыға келу және жеке бөлу. Талдау барысында қорытындыға келу көптеген бірдей заттар мен құбылыстардың жалпы, қөзқарас белгілерін анықтауды білдіреді. Жекеге бөлу – белгілі бір құбылысты зерттеу және талдау үшін зерттеушінің өзіне қажетті қасиеттерді бөліп алып қарастыру үдерісі. Дәріптеушілік – абстракцилаудың (дерексіздендірудің) бір түрі және ол ғылыми танымның жек әдіс-тәсілі ретінде қарастырылалады. Дәріпеушілік үрдісі кезінде зерттеуші ойлау арқылы заттың барлық шынайы қасеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін болмайтын жаңа түсінік, белгі ендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет