Асан қайғы – қазақ жырауы, көшпенді елдің философы. Ол алғашқы қазақ хандарының айналасында ақылгөй, ықпалды кеңесшісі болды. Туған халқының тұрмыс-тіршілігіне, елі үшін қайғыда болған, малға құт, жауласу мен кектесу жоқ, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» жерді тапқысы келді. Қазақтың кең байтақ даласын, тау-тасын шарлап кезумен болды. Өз отандастарының алдағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күш кешті. Содан ел ауызында оның есіміне «қайғы» деген ат қосақталып, аңызға айналды.Асан қайғының негізгі қайым- қайғысы «халқымның қолын қайтсем бақытқа жеткіземін, ол үшін болашақ заманды білсек» – деген адамның жан азабы болды. Адамдарды жалпыға ортақ игіліктерге, өзара татулық пен қалтқысыз қарым- қатынастарға үндеу, оның негізгі мақсаты болды. Педагогикалық мазмұны бар идеяларын Ақтамберді-жырау, Бұқар-жырау, Шал ақын шығармаларында жақсы аңғаруға болады. Олардың тәлім-тәрбиелік бағдарламасына ортақ идеялары мынадай: атқа мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы – өз Отанын сырттан келген басқыншы жаудан қорғау;азамат, ер жігіт болу үшін әркім өз мінін өзі көріп, соны түзете білу қажет;білім – баға жетпес қазына, дүниедегі жақсылықтың бәрі біілім арқылы келеді;биік адамгершілік, от басының берекесі, денсаулық – бәрі де адамның басты рухани байлығы.
Бұқар–жырау Қалқаманұлы (ХУІІ ғ.)- белгілі қоғам қайраткері, ойшыл, жыршы.Оның толғауларында тәлімдік идеялар көп ұшырасады. Өскелең ұрпаққа ақыл - ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі, шешендік өнер жастар тәрбиесінің басты өлшемдерінің бірі деп есептейді, жас адамның көңіл –күйі белсенділігі, күш – қуаты мол болғандықтан осы шақты шама – шаршынша қимылдап қалудың қажеттігін ескертеді. Жыраудың жақсылық пен жамандық, кәрілік туралы айтқандары, туған жерге, ата мекенге деген патриоттық сезімдерге толы толғауларының тәлімдік мәні өте зор.
Ақтамберді жырау (1675-1768) Қаратау бойында дүниеге келген. Он бес жасынан әскери соғыс - жорықтарға жоңғарларға қарсы күресте ержүректігімен, ақыл – айласымен көзге түскен.
Ақындық дарыны ерте танылып, өзінің жалынды жырларымен халықты жат жұрттық басқыншыларға қарсы күресте жігерлендіре білді. Жоңғарларды түбегейлі талқандап, шығыс аймақтарды қайтарып алғаннан кейін Ақтамберді қазақ руларын босатылған жерлерге орналастыру ісіне белсене ат салысады. Оның толғаулары жастарды ерлікке, батылдыққа шақырады, дала халқының көңіл күйі, мінез – байлығын (жомарттық, қонақжайлылық, жеңіс- қуанышты, ақ көңілділік т.б.) дәл басып, көркем бейнелейді. Жауынгерлер жырау тоқсан үш жасында дүние салды.
Достарыңызбен бөлісу: |