сыбызғы,сазсырнай, сырнай, мүйіз сырнай,керней, үскірік,уілдек.
баян,аккордион, шаңқобыз.
рояль, пианино.
дабыл,дауылпаз, тайтұяқ, сақпан, тоқылдақ,мүйіз, шаңдауыл.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым музыкалық аспаптарды (даңғыра, дабыл, асатаяк, тұяқтас, шаңқобыз, сақпан, тоқылдақ, қоңырау, үшбүрыш және т.б.) қолдану, балалардың сол сабаққа деген ынтасын, сүйіспеншілігін, белсенділігін, жауапкершілігін арттырады, олардың музыкалық қабілетін дамытуға, шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Шығармашылық әрекет кезінде музыканы сергек қабылдау, бірігіп орындау (ансамбль) сезімі және дағдысы дамиды. Балалар үшін сабақта қолданылатын музыкалық аспаптар көлемі, салмағы жағынан ыңғайлы, құрылысы қарапайым, әрі мықты болуы керек. Аспаптарды ойнаудан бұрын жетекші балаларға олардың құрылысы , шығу тарихы, дыбыстық бояуы (тембрі) туралы біраз мағлұматтар бере отырып, оны сабақта пайдаланудың тиімділігін, мақсатын және қолдану тәсілдерін әңгімелейді.
Аспапта ойнау кезінде балалардың тұрып ойнау, немесе отырып ойнау қалпын қадағалау қажет. Аспаптарды меңгерудің ең алғашқы қадамы ретінде балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді. Әр музыкалық аспаптың сипатына сай оның ырғақтық өрнектерді келтіру ерекшеліктерін ескеру керек.
Кіші топ балаларына шылдырмақ, сақпан,тоқылдақ,дауылпаз аспаптарында шағын әуендерді ойнатуға болады Мұғалім сабақта орындалатын жаттығудың балалардың меңгеруіне жеңіл әрі түсінікті болуын қадағалайды.
Ырғақ (ритм)-қозғалыс элементерін пайдаланумен дыбыстың динамикасы, ансамблдің сипаты жөнінде алғашқы түсініктер береді.Бұл ұрып ойнайтын аспаптарды үйренудің алдында біраз балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |