Мақсаты: мектепке дейінгі балаларды қазақтың ұлттық көне музыкалық аспаптарымен таныстыра отырып,аспапта ойнай білуге үйрету.
Жаңашылдығы: балалар музыка аспаптарын ойнауды меңгере жүріп,бірте-бірте музыканың нәзік мәнерлігі мен тілін терең ұғып түсінетін болады.
Міндеттері:
Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту.
Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы орындалуы туралы түсінік беру.
Көне заманда ата-бабамыз ұлттық аспаптарды қандай мақсатта қолданғаны жөнінде мағұлматтар беру.
Кіші топтарда ұрмалы және сілкімелі аспаптар: дауылпаз, шылдырмақ,тоқылдақ, қоңырау аспаптарында ойнау қабілетін қалыптастыру.
Ересек және мектепке дейінгі даярлық топтарда ішекті, ұрмалы және үрмелі аспаптардың түрлерін меңгерте отырып,ұлттық аспаптар ансамблін ұйымдастыру.
Балалар берілген ән немесе музыкалық шығарманы жаттап алып,оны техникалық жағынан дұрыс орындап берумен қатар шығарманың мазмұны,композиторы жайында білулері керек.
Музыканы тындау барысында балаларды шығарманың мазмұнымен,композитордың өмірбаяны және шығармашылығымен танытыстырып өту.
Сабақты ойын түрінде өткізе отырып,музыкалық аспаптарды танып айта білуге үйрету.
Қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстырып,өмірге деген қызығушылығын арттыра отырып,аспапта орындау шеберліктерін жетілдіру және танымдық ой-өрісін дамыту.
Музыка жетекшісі аспапты белсене орындауға ат салысады.
Балаларға өздігінен орындайтын шығармалар жүйесін құрастыру.
Балалардың музыкаға деген ынтасын арттырып,есту қабілетін дамыта отырып,алғашқы аспапта ойнауға үйрету.
Шығарманы игерудегі техникалық көрнекі құралдарды пайдалану.
Игерілген шығармалардың ішіндегі балалардың көбірек ұнататынын ойнап, ансамбль әзірлігін эмоциялық тұрғыда бітіру.
Өткен шығарманы қайталап көркемдік техникалық дәрежеге жеткізу.
Аспапта орындау шеберлігін қалыптастыру.
Әр сабақта шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасай отырып,түрлі байқау,фестивальдерге қатысу.Балабақша ішіндегі мерекелік шараларға қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: |