Жаттығу жұмысы:
Орындалатын шығарма:
О ош
Естияр және ересек топтарында қоңырау,үшбұрыш,асатаяқ, тайтұяқ, дабыл,дауылпаз аспапатарында әуені көңілді, жеңіл, өлшем ; шығармаларды ойнатуға болады.Балалар аспапатардың дыбысын ажырата
отырып аспапта қалай ойнау керек екендігін меңгере алады, ойнау шеберліктері арта түседі.Шығарманың ырғағын, жылдамдығын өздерінше анықтай біледі.
Жаттығу жұмысы:
Орындалатын шығарма:
Мектепалды даярлық топтарында балалар аспаптарды еркін меңгере алады. Орындалу шеберліктері(техникасы) арта түседі. Күрделі шығармаларды халық әндері және қазақ композиторларының шығармаларын еркін түсініп ойнай білу қаблеттері қалыптасады.Аспапты дұрыс ұстап оң және сол қол қойылымдарының қолдану ережелерін сақтай біледі.Қолдың музыкалық аспаптарға икемділігін қалыптастыра алады.
Топтағы балалардың барлығының белсенді жұмыс атқаруына арналған жаттығу ретінде Д.Нүрпейсованың күйі "Тойбастар" шығармасына жүгінуге болады. Жетекші күйді домбырада ойнаса, балалар асатаяқта, тайтұяқта, шаңқобызда күй желісіне қосылады.Топтағы ұлдар тобы домбырада тарту қимылдарын жасаса, қыздар тобы би қимылдарын өрнектеп, шығарманың көркемдігін одан әрі жетілдіреді. Мұндай тәсіл балаларды шығармашылық белсенділікке баулиды.
Ж аттығу жұмысы:
О рындалатын шығарма:
Сонымен, сабақ өткен сайын балалардың аспапты меңгеруі шыңдала түседі. Бірақ, жетекші балалармен жұмыс кезінде олардың әрқайсысының музыкалық қабілетін ескергені жөн. Кейде бір бала сабақ сайын бір ғана аспапта ойнайды. Ол дұрыс. Себебі, бала сол аспапта ойнаған сайын оның қыр-сырын терең түсініп, техникалық ойнау шеберлігін тереңдете түседі.
Барлық музыкалық шығармаларды аспаптарға лайықтауға болады, тек ол шығарманың орындалу сипаты қандай, мазмұны нені бейнелейді, композитордың айтайын деген ойы не деген сұрақтарға жауап іздеп табу керек.Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдыққа, адамгершілікке баулыса, ол өзінің тәрбиелік міндетін атқарды деген сөз. Балалар, әдетте, өздерінінің қолдарына ұстап, ойнап отырған аспаптары туралы, тыңдау үшін орындалған музыкалық шығарма туралы әңгіме басталса-ақ болғаны елең етіп үлкен ынтамен тыңдауға кіріседі. Ендеше, балалар сабақта тек ән айтып, аспаптарда ойнап қана қоймай, музыка әлемінің сырын ашып сұхбаттасуға дайын. Сондықтан, сыр сандықты ашып, саз маржанын шашу үшін үлкен ізденгіштік қабілет керек.
Достарыңызбен бөлісу: |