I-дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар


ІІ-д.ж. соғыс қарсаңындағы Германияның сыртқы саясаты. Берлин-Рим-Токио одағының құрылуы, мақсаты



бет58/90
Дата18.11.2022
өлшемі0.5 Mb.
#465191
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90
I-ä?íèåæ?ç³ë³ê ñî?ûñòàí êåé³íã³ õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð

59. ІІ-д.ж. соғыс қарсаңындағы Германияның сыртқы саясаты. Берлин-Рим-Токио одағының құрылуы, мақсаты.
Әділетсіздік негізінде құрылған Версаль-Вашингтон жүйесі 1929-1933 жылдары дүнижүзілік экономикалық дағдарыс қысымына шыдай алмай ыдырады. Европада ірі копиталисттік мемлекеттер арасындағы қайшылықтар арта түсті. Монополисттік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашисттік күштер әлемді қайта бөлуге бел байлады. 30 жылдар басында соғысты жақтаушы елдердің саны санаулы ғана болды. Соғысты жақтамайтын елдердің орасан көп болуына қарамастан, олардың ой-пікірлері, үміті іске аспай қалды. Әлемдегі тыныштықты бұзып дүниежүзін қайта бөлуді көздеген мемлекеттер қатарына Германия, Италия, Жапония кірді. Дүниежүзін жаңа бөліске салуы көздеген қарулы көтерілісте Жапония І-ші бастады. 1933 жылы 27 наурызда Жапония Ұлттар Лигасынан шығып, жаңа басқыншылық әрекеттерге әзірленді. Қиыр шығыста, соғыс ошағы пайда болды. Германиядағы билік фашистік, ұлтшылдық, социалисттік жұмысшы партиясының ықпалына көшкені, Европа дәл ортасындағы халықаралық қатынастарды күрт шиеленістірді. Партия төрағасы Гитлер өз еңбектерінде сөйлеген сөздерінде Германияның қолын шырмаған Версаль-Вашингтон келісімдерін бұзып, Германияны қайта көтеріп, әлемді қайта бөлісіп, Германия империясын жандандыру пікірін жасырмай, ашық жариялады. Европаны коммунизм қаупінен құтқару деген жалған ұранмен КСРО-ға қарсы соғыс жорығын ұйымдастыруды көздеді. Германияның ең басты міндеті, Версаль шарттарының соғыс баптарын қайта қарап, Германияны қаруландыру дәрежесіне келтіру болды. Басқыншылыққа жол ашып өз әрекеттерін жеңілдету үшін, Германия 1933 жылы 14 қазанда Ұлттар Лигасының мүшелігінен бас тартты. 1936 жылы наурыз айында, Германия әскерлері Реин аймағына басып кірді. 30 жылдар ортаасында Италия, Африка шеңберіндегі отарларды өзгерту талаптары ашық білдіре бастады. Италияның фашисттік дектаторы Муссолини Африка елдерін бағындырып, Жерорта теңізінің, Италияның ішкі теңізіне айналдыруды армандайтын. Әлемді жаңа бөлісудегі мақсаттарды бірдей мемлекет айқындайтын олардың өзара әскери одақ құруды тездетті. Басында фашисттік мемлекет жақындасты. 1936 жылы қазанда Гермария мен Италия арасына «Берлин және Рим» белдігін құру туралы келісімге қол қойылды. 1936 жылы Германия мен Жапония арасында одақ құрылды. 1937 жылы оларға Италия қосылды. Берлин, Токио, Рим одағы құрылды. 1937 жылы наурызда Германия әскерлері Австрияны басып алды. 1939 жылы сәуір, мамыр айларында Англия, Франция, КСРО мемлекеттері Мәскеуде кездесіп басқыншылық бола қалса өзара келісімге қол қойды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаны басып алды. Осылайша ІІ-ші дүниежүзілік соғыс басталды.
Бүкіл ІІ-ші дүниежүзілік соғыс жағдайын үш кезеңге бөлуге болады:
1) 1939 жылдың кыркүйегінен бастап 1942 жылдың аралығын қамтиды. Осы кезеңде соғыс жер шарының ең көп аумағын қамтыды. Осы кезеңде басқыншылар елеулі табыстарға жетті. Герман армиясы Мәскеуге дейін келді.
2) 1942 жылдың маусымынан 1944 жылдың қаңтар айлары. Бұл кезеңде одақтас державалардың антифашисттік коалициясы қалыптасты. Халық жүрегінде фашизм мен медитаризмды жеңу, талқандау сенімі ұялады.
3) 1944 жылдың қаңтарынан 1945 жылдың аралығында. Бұл кезең Герман фашизмімен Жапон империализмінің жеңілуімен аяқталды. ІІ-ші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұрыс қимылдарын шартты түрде былай сипаттауға болады: Францияны, Польшаны және бірқатар Европа елдерін жаулап алу (блиц крик немесе қауырт соғыс) қағидасы бойынша жүзеге асырылды. Кеңестер одағына шабуыл кезінде осы қағида нақты жұмыс жасады. Бірақ нәтижесінде Германия ұзаққа созылған соғыстан қалжырап қалды.
1939 жылдың І-ші қыркүйегінде Герман әскерлері Польшаға кірді. Польша елінің соғысқа дайын еместігі бірден байқалды. 1939 жылдың 3 қыркүйегінде Франция мен Англия үкіметтері Германияға қарсы соғыс жариялады. Немістердің 556 дивизиясы Польша жеріне 3 бағыттан басып кірді. Қала халқымен поляк әскерлері Варшаваны ерлікпен қорғады. 28 қыркүйек күні Варшаваны немістер иеленді. Польша үкіметі Румыния арқылы өтіп Лондонда паналанды. 1940 жылы 10 мамырда неміс әскерлері Бельгия мен Голландия арқылы Францияға басып кіруді жоспарлады. Франция орасан зор жеңіліске ұшырады. 14 маусым күні жауға ұрыссыз беріліп қалды. Францияны тез жеңгеннен кейін, Англияның кезегі келді. 1940 жылы 16 шілдеде Гитлер Англияға қарсы «теңіз арыстаны» жобасын құрды. Англияны әуеден шабуылдай бастады. Англияның әуе күштері жауға күшті қарсылық көрсетті. 1940 жылы жазда Гитлер Англияны келісімшартқа шақырды. Англия үкіметі бұл ұсынысты қабылдамады. Англия АҚШ-тан тегін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек ала бастады. 1940 жылы 27 қыркүйекте Германия, Италия, Жапония «құрыштық пактіге» қол қойды. Батыс Европадағы үш мемлекет Швеция, Швейцария және Исландия бейтараптық саясатты ұстанды. 1941 жылдың жазына қарай Германия Европаның 12 мемлекетін басып алды. Азия кеңістігінде – Қытайда, Үнді Қытайда, Тайланд Бирмада, Индонезия аралдарында Жапонияның қожалығы орнады.
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылғы 1 қыркүйектен 1945 жылғы 2 қыркүйекке дейін созылған, әлем халқының 80 пайызға жуығы (шамамен 1 млрд. 700 млн. кісі) зардабын тартқан сұрапыл соғыс. Соғыс өрті сол кезде әлемдегі 73 мемлекеттің 62-сін (Еуразия және Африка құрлығы) шарпып өткен. Соғысқа қатысқан әскерилердің саны 110 миллионнан асса, сол соғыста 50 миллионнан аса адамның өмірі құрбан болған.
Пост Кеңестік кеңістікте әлі күнге осынау алапат соғыстың негізгі себепкері ретінде фашистік Германияның агрессиялық саясаты ғана негізгі себеп болған көрсетеді. Алайда соғыстың басталуы тереңде жатқанын, Германиямен қатар, өзге ірі мемлекеттердің басшылары да жанама себеп болғанын айта кету керек.
Жаңа заман тарихында алып империялар отарлау саясатын қарқынды жүргізіп, жер шарын өзара бөлісіп алғанын тарихтан жақсы білесіздер. Ал ХІХ ғасырдың ортасынан бастап күшейген Германия мен Жапония отарлайтын ел таппай, өздерін үлкен қазынадан құралақан қалғандай сезінеді. Бұл аталған елдердің агрессиялық саясатын туғызып, соңында Бірінші дүниежүзілік соғыс отын тұтатты. Осынау ғаламдық алапат соғыста Үштік Одақ құрамындағы Германия Антанта елдерінен жеңіліс тауып, Версаль-Вашингтон келісімшартына мәжбүрлі түрде қол қояды.
Келісімшартта Германия өзінің әскери, экономикалық және саяси мүмкіндігін едәуір тежейтін көптеген шектеулерді мойындауға келісім береді.
Біріншіден – Эльзас пен Лоторингияны Францияға, Батыс Пруссияның біраз бөлігін Польшаға, Эйпенді Бельгияға қайтарады. Саар Ұлттар Лигасының бақылауына өтіп, Германияның отар аумақтары АҚШ, Англия және Францияның иелігіне өтеді.
Екіншіден – Германияның құрлықтық әскерінің саны 100 мыңнан аспайтын болып келісіледі.Үшіншіден – Германия жеңімпаз елдерге үлкен көлемде репарация төлеуге міндеттенеді.
Бұл шешімдер түптеп келгенде Германия халқының бойында кек қайтару, өзін қайта мойындату сынды ішкі ыза сезімін қайта лаулатып, уақыт өте келе Екінші дүниежүзілік соғыстың пайда болуына алып келді. Германиядағы Ұлттық социалистік неміс жұмысшылар партиясы қысқа мерзімнің ішінде танымалдыққа ие болып, 1933 жылы билікке Адольф Гитлердің келуіне ықпал етеді. Ол тегі ұлы арийлік неміс халқының тарихта кеткен есесін қайтару жөніндегі жалынды сөздерімен көпшілікті өзінің жанына тез топтастыра білді.
Гитлер таза қанды неміс ұлтының ядросына Германиядан бөлек Австрия, Чехословакия және Польшаның батыс аумағын қосуды ұстанып, осы идеяны іске асыру жолына кіріседі. Оның сыртындағы елдер Үшінші Рейхтің бағынысты аумағы саналды. Бұл Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп, ауыр шектеулерді қабылдаған және осы арқылы еңсесі түскен неміс халқының рухын қайта оятып, жігерлендірген қадам болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына Германияның агрессиялық саясатынан бөлек, сол кезде танымал болған «ымыраластыру саясаты» арқылы гитлерлік Германияның Австрия мен Чехословакияны жаулап алуын мақұлдаған Ұлыбритания Премьер-Министрі Невилл Чемберленнің әрекеті мен «Молотов-Риббентроп пактісіне» құпия қол қойғызған, сол арқылы Польшаны Кеңес Одағы мен фашистік Германия арасында бөлісіп алуға келіскен, екі ел арасында соғыс өртін тұтатпау туралы уағдаласқан Кеңес Одағының жетекшісі Иосиф Сталиннің де кінәсі бар екені туралы айтылады.
Тарихшылар Чемберленнің «ымыраласу саясаты» Гитлер әскерінің еркін қимылдауына, оның әлеуетін арттыруына мүмкіндік бергенін және осы әрекеттің нәтижесінде көптеген мемлекеттердің зардап шеккенін айтады. Сондықтан «ымыраластыру саясаты» тарихтағы ең сәтсіз және қате саясаттың мысалы ретінде аталады.
Сталин де Екінші дүниежүзілік соғыс басталар алдында 1939 жылы 23 тамызда Гитлермен келісіп, Риббентроп-Молотов пактісіне қол қойғызады.
1939 жылғы 23 тамызда КСРО және Германия Сыртқы істер министрлері В. Молотов пен И. фон Риббентроптың пактіге қол қойғаннан кейінгі сәті

Бұл пакті біраз уақыт құпия күйінше сақталады. Құжатқа сәйкес Ресей Польшаның шығыс бөлігіне, Германия батыс бөлігіне иелік ететін болып келіседі. Сонымен қатар, екі держава өздерінің сыртқы «ықпал ету аймақтарын» белгілеп алады. Пактіге сәйкес Ресейге Балтық жағалауы елдері, Шығыс Еуропа тиесілі болса, Германияға Еуропаның өзге өңірлері тиесілі болды. Екі мемлекет Висла, Нарев және Сан өзендерінің бойымен Польшаны өзара бөлісіп алады. Аталған өзеннің бойлары екі держава арасындағы буферлік аймақ болып есептелді.


Бүгінде ресми Кремль «Риббентроп-Молотов пактісі» Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуын кешеуілдету және өз күшін жинақтап мақсатында жасалған келісімшарт екенін, осы арқылы көптеген адам шығынын азайтуға мүмкіндік алғанын айтып, КСРО басшылығының сол кездегі әрекетін ақтап алуға тырысуда.

2019 жылғы 22 қыркүйекте Ресей Федерация Сыртқы істер министрлігінің «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде осы мазмұнда жазылған ресми мәлімдемесі Балтық жағалауы елдерінің ресми наразылығына, тарихшылардың сынына ұшырады. Олар Кеңес әскерінің 1940 жылы Балтық жағалауы елдеріне жасалған шабуылын агрессиялық саясаттың айқын көрінісі ретінде айыптауда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет