І. Физика физика тұрмыста сынып


Барлығы 34



бет8/31
Дата03.09.2022
өлшемі252.85 Kb.
#460156
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
ФАКУЛЬТАТИВ КУРС БАГДАРЛАМА

Барлығы







34

18


ФИЗИКА ТАРАУЛАРЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСЕТІН КҮРДЕЛІЛІГІ ЖОҒАРЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ



  1. сынып

Игібаев К.Қ.


№5 Күршім орта мектебі, Күршім ауданы.


Түсінік хат

Факультативтік курстың бағдарламасы Қазақстан Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


Бағдарлама курсында пәннің білім мазмұнындағы бірізділік, тұтастық, жүйелілік, түсініктілік және сабақтастық сияқты принциптер басшылыққа алынған. Мұнда оқушылар физиканың негізгі заңдарымен танысуда, табиғат құбылыстарын зерттеуде меңгерген білім және білігін күнделікті өмірде пайдалану іскерліктерін жетілдіреді, физика тараулары бойынша соңғы бес жылда ҰБТ-да келген қиындығы күрделі есептерді шешеді.


Бағдарламада оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген. Бағдарлама аптасына 1,5 сағаттан барлығы 51 сағатқа арналған. Бағдарлама курсы оқытылғанда оқушылардың шығармашылық, коммуникативтік қабілеттері және абстрактілі ойлауы, сыни болжауы мен талдау дағдылары дамытылады. Физикалық эксперимент, зертханалық және сарамандық жұмыс жасағанда оқушылардың зерттеушілік қабілеті дамытылып, өмірлік және тәжірибелік мәні бар ІI және ІІI деңгейдегі есептерді шешуде игерген білім мен білігін шебер пайдалану, танымдық қызығушылығын арттыру жолдары жүзеге асырылады. Алған білімі негізінде экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге атсалысу дағдылары үйлестіріліп, шәкірттердің адами қасиеттерінің жетілдірілуіне мүмкіндік беріледі. Оқу және зерттеу жұмыстарына жауапкершілікпен қарау, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тәрбиеленеді.




Курстың мақсаты:
-іргелі физикалық теориялар, заңдар мен заңдылықтар, ұғымдардың біртұтас жүйесі
негізінде қоршаған әлемнің шынайы физикалық бейнесін жеткізу арқылы

оқушылардың терең ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;


-өмірдегі әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін физикадағы біртұтас
білім жүйесін шәкірттерге шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйрету, сын
тұрғысынан ойлау іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

-оқыту процесіндегі іс-әрекеттің түпкі нәтижесі ретінде білімді меңгерушілердің түрлі сынақтарда, аралық және ұлттық бірынғай тестілеуде жағымды көрсеткіштерге қол жеткізу.


Осы мақсаттарға жету үшін факультативтік курс алдына қойылатын міндеттер:


-табиғаттағы болып жататын физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыдан дұрыс түсіну үшін жүргізілетін оқу және эксперименттік зерттеулер жүргізуге қажетті дағдыларды қалыптастыру, оларды жобалау, орындау, қорытынды жасау, іскерліктерін жетілдіру;


19
-оқушыны бүгінде жедел қарқынмен дамып отырған компьютер мүмкіндіктерін өз


қажетіне бейімдеп, пайдалану дағдыларын жетілдіру;
-зертханалық және сарамандық жұмыстарды орындағанда жүйелілік, үйлесімділік,
түсініктілік, біртұтастық принциптерді жүзеге асыру;
-негізгі игерген білімдерін логикалық, графиктік, сұлбалық есептерді шешкенде
шығармашылықпен қолдана білу қабілеттерін дамыту;

-игерген білім және білігін қоғамдағы өмірлік жағдаяттарда шешуде тиімді


пайдалануға дағдыландыру;

-қоршаған ортаны қорғауға, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік және мәдени қызметтерге белсене қатысуға тәрбиелеу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет