І. Физика физика тұрмыста сынып



бет5/31
Дата03.09.2022
өлшемі252.85 Kb.
#460156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
ФАКУЛЬТАТИВ КУРС БАГДАРЛАМА

Барлығы

34

17

17









БОЛАШАҚ АБИТУРИЕНТТІҢ МЕКТЕБІ
10 - 11 сынып

Галиева Н.Л.


Көкпекті орта мектебі, Көкпекті ауданы.




Түсінік хат

Элективті курстың бағдарламасы ҚР «Білім туралы» заңы талабына сәйкес 10-11 сынып оқушыларына физика пәнін базалық деңгейде меңгеруге, физика пәнінен ҰБТ тапсыратын оқушыларға арналып құрылған.


Курс бағдарламасы физика пәнінен орта білім беру мектеп оқушылары мақсатын ескеріп, білім стандарты негізіне сәйкес құрылды.


«Болашақ абитурентің мектебі» курсы 68 сағатқа есептелген (аптасына 1 сағаттан 10-11 сыныпта).


Физика пәнінен ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларды дайындау талаптары күшейгендіктен қосымша курсты өткізу өте қажет.


Курс бағдарламасы 10-сынып бойынша тапсырмаларды шешу мынадай бөлімдерге бөлінген: «Кинематика», «Динамика», «Сақталу заңы», «Тербеліс және толқындар», «Сұйықтық және газ», «Молекулярлық-кинетикалық таорияның негізі», «Термодинамиканың негізі», «Электростатика», «Электр тоғының тұрақтылығы», «Магниттік өріс».


Курс бағдарламасы 11-сынып бойынша тапсырмаларды шешу мынадай бөлімдерге бөлінген: «Кинематика», «Динамика», «Сақталу заңы», «Молекулярлық-


12


кинетикалық теорияның негізі», «Термодинамиканың негізі», «Электростатика», «Электр тоғының тұрақтылығы», «Магнит өрісі», «Электромагниттік тербеліс», «Алмасу тоғы», «Электромагниттік толқын», «Толқын оптикасы», «СТО элементтері», «Жарық кванты», «Атомдық физика», «Атомдық физиканың ядросы».

Бағдарлама оқушылардың физика пәнінен терең білім алып, ЖОО-да таңдаған мамандығы бойынша кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік беретіндей етіп құрылған. Бағдарлама оқушылардың әр түрлі қиын тапсырмаларды шешу тәжірибесін қалыптастыруға негізделген. Жүйелі есептерді шешу - оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, шыдамдылыққа, мақсатқа жетуге, еңбекке тәрбиелейді.


Курс түрі - бағдарлық-танымдық, 10-сыныпта – 34 сағатқа, 11-сыныпта – 34 сағатқа негізделген.




Курстың мақсаты: ҰБТ талабына сәйкес физика пәнінен емтиханға дайындық;

-физика пәнінен есептерді шешу арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыру;


-курс негізінде білім-білік дағдыларын қалыптастыру;
-оқушылардың оқуға деген құзыреттілігін қалыптастыру.
Курстың міндеті:

-оқушылардың физика пәнінен білімдерін тереңдетіп, тапсырманы дұрыс шешуге үйрету;


-тестік тапсырмаларды шешу техникасын қалыптастыру;


-оқушылардың графиктік, сапалық және экспериментальдық тапсырмаларды шешу дағдысын қалыптастыру;


-өзіне деген сенімі мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; -физика пәнінен ҰБТ-ға дайындау.




Сабақтың формасы: лекция, семинар, әңгімелеу, ұстаз бен оқушылардың белсенді диалогі, есептерді шешу жолдарын тыңғылықты түсіндіру, әр түрлі қиын тапсырмаларды шешу үшін жеке, топтық жұмыс түрлерін жүргізу.


Күтілетін нәтиже: курсты өту арқылы оқушылар базалық және деңгейі жоғары тапсырмаларды шешуге үйренеді, тестік жұмысты шешу жолын біледі. Нәтижеге жетуге, оқу жүйесін жоспарлауға, тестті шешуде уақытты тиімді пайдалануға үйренеді.

Нәтижеге жету формасы:


-Сабақтың басы мен соңындағы тестілеу жұмыстары; -Мектепішілік және аудандық олипиада нәтижесі; -Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарға қатысу; -Қортынды аттестаттауда физика пәнін таңдау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет