I. хвқ келісімінің баптарына сәйкес мәртебесі


IV. Төлемдер мен түсімдердің тетігі



бет2/7
Дата22.02.2016
өлшемі263.5 Kb.
#1604
1   2   3   4   5   6   7

IV. Төлемдер мен түсімдердің тетігі





1. Есеп айырысу валюталарын реттеу

Иә

Резиденттердің және резидент еместердің валюталық операциялары бойынша төлемдер мен аударымдар “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” ҚР Заңында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүзеге асырылады.

Резиденттердің және резидент еместер арасындағы төлемдер мен аударымдар валюталық заңнаманың талаптарын сақтау шартымен кез келген валютада жүргізіледі.

a. Ұлттық валютаның пайдаланылуын бақылау

Иә




1. Ағымдағы операциялар мен төлемдер үшін

Жоқ




2. Капиталмен жүргізілетін операциялар үшін

Иә

Резиденттердің және резидент еместер арасындағы операцияларда қолданылатын ұлттық валюта валюталық құндылықтарға жатқызылған. Сондықтан осындай операцияларға валюталық заңнаманың капиталмен жүргізілетін операцияларға қатысты барлық ережелерінің күні қолданылады.

a. Капитал нарығы мен ақша нарығының құралдарымен операциялар

Иә




b. Туынды және басқа құралдармен операциялар

Иә




c. Кредиттік операциялар

Иә



b. Резиденттер арасында шетел валютасын пайдалану

Иә

Мыналарды:

1) тараптардың бірі ретінде ҚҰБ немесе ҚР қаржы министрлігі болатын операцияларды;

2) банктік және өзге операцияларға жатқызылған, лицензияға және ҚР заңдарына сәйкес уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар жүзеге асыруға құқылы болатын валюталық құндылықтармен операцияларды;

3) валюталық операцияларды жүргізу бойынша банктік қызмет көрсетулерді төлеуды, сондай-ақ шетел валютасымен банктік қызмет көрсету шарттары бойынша тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар) төлеуді;

4) резиденттер шетел валютасымен шығарған бағалы қағаздарды және резидент еместер шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операцияларды;

5) ақы төлеу нысаны ретінде аударма аккредитивтерін пайдаланған кезде экспортты (импортты) жүзеге асыруға байланысты комиссия шарттары бойынша төлемдер мен аударымдарды;

6) шетел валютасымен көрсетілген, ақша міндеттемелерін орындау ретінде вексельдерді өткізуді;

7) бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қолма-қол шетел валютасымен қызмет көрсетуге ҚҰБ лицензиясы бар резиденттермен есеп айырысуларды;

8) қызметкерлердің ҚР тысқары іссапарларына байланысты шығыстарды төлеуді;

9) жеке тұлғалардың жеке тұлғаларға, сондай-ақ қайырымдылық қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға өтеусіз ақша аударуды немесе өтеусіз валюта құндылықтарын беруді;

10) жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалардың пайдасына банктік салымдарды енгізуін;



11) ҚР заңдарында көзделген жағдайларда салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операцияларды қоспағанда, резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады.

2. Төлем тетіктері

Жоқ




a. Екі жақты төлем тетіктері

Жоқ




1. Қолданыстағы

Жоқ




2. Қолданылмайтын

Жоқ




b. Аймақтық тетіктер

Жоқ




c. Клирингтік келісімдер

Жоқ




d. Бартерлік келісімдер және ашық шоттар

Жоқ




3. Келісімді жүзеге асыру

Иә

ҚР валюталық бақылауды ҚҰБ, ҚР заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де мемлекеттік органдар және валюталық бақылау агенттері жүзеге асырады.

Уәкілетті банктер және жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ алған лицензияға сәйкес операциялар жүргізу кезінде валюталық заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі міндет жүктелген басқа ұйымдар валюталық бақылау агенттері болып табылады.

ҚҰБ резиденттердің және резидент еместердің валюталық заңнаманың талаптарын сақтауын және уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың валюталық бақылау агенттерінің функцияларын тиісті дәрежеде орындауын бақылауды жүзеге асырады.

ҚР Қаржы министрлігі ҚР Үкіметінің заемдары бойынша мониторингті және бақылауды, кепілдік берілген мемлекеттік заемдарды мақсатты және тиімді пайдалануды бақылауды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингін қамтамасыз етеді.

ҚР Индустрия және сауда министрлігі өзінің құзыреті шегінде тауардың (жұмыстың, қызметтің) экспорты мен импортын және қызметтің өзге түрлерін лицензиялауды, сондай-ақ лицензиаттардың белгіленген біліктілік талаптар мен лицензиялық ережелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады.

ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі банктердің жалпы банктік лицензия шеңберінде шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруын лицензиялауды жүзеге асырады.

ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті кедендік бақылауды және өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асырады.

4. Төлемдер бойынша мерзімі өткен берешек

Жоқ




a. Ресми

Жоқ




b. Жеке

Д.ж.




5. Алтын (монета және/немесе құйма) сатуды бақылау

Жоқ

Құймадағы тазартылған алтын валюталық құндылықтарға жатқызылған.

a. Ел ішіндегі иелік етуді және/немесе сауданы бақылау

Жоқ




b. Сыртқы сауданы бақылау

Жоқ

Тазартылған асыл металдардың экспорты шектелмейді. Тазартылған асыл металдармен сыртқы сауданы басқа тауарларды бақылағандай бақылау жүзеге асырылады.

6. Банкноталарды әкетуді және әкелуді бақылау

Иә




a. Әкету

Иә




1. Ұлттық валютаны

Жоқ

3 мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол ұлттық валютаны әкететін жеке тұлғалар әкететін соманы кеденде декларациядан өткізуі тиіс.

2. Шетел валютасын

Иә

3 мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол ұлттық валютаны әкететін жеке тұлғалар әкететін соманы кеденде декларациядан өткізуі тиіс.

Жеке тұлғалардың 10 мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол ұлттық валютаны әкетуі әкетілетін қаражаттың шығу заңдылығы туралы құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Жеке тұлғалардың ҚР-на 10 мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол ұлттық валютаны әкетуіне кеден органына мыналарды ұсынған кезде рұқсат етіледі:

1) ҚР қолма-қол шетел валютасын әкелуді растайтын кедендік декларацияны – бұрын әкелінген қолма-қол шетел валютасын әкету үшін; және/немесе

2) жеке табыс салығы туралы салық декларациясын (салық төлеушінің данасы) – резиденттердің өзге шығу тегі бар қолма-қол шетел валютасын әкетуі үшін.

b. Әкелу

Жоқ




1. Ұлттық валютаны

Жоқ

Жеке тұлғалардың 3 мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол ұлттық валютаны әкетуі кеден органында міндетті түрде жазбаша декларациядан өткізіледі.

2. Шетел валютасын

Жоқ

Жеке тұлғалардың 3 мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол ұлттық валютаны әкетуі кеден органында міндетті түрде жазбаша декларациядан өткізіледі.

Заңды құжаттарға сілтеме жасау және гиперсілтемелер




«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы

http://213.211.77.60/cont/publish557033_3640.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет