I. хвқ келісімінің баптарына сәйкес мәртебесі


XII. Қаржы секторына қатысты арнайы ережелер



бет7/7
Дата22.02.2016
өлшемі263.5 Kb.
#1604
1   2   3   4   5   6   7


XII. Қаржы секторына қатысты арнайы ережелер


1. Коммерциялық банктерге және басқа кредиттік мекемелерге қатысты арнайы ережелер

Иә

Резидент банктердің шет елге инвестициялары меншікті және ішкі активтерге тартылған қаражатты орналастыру нормативімен шектеледі.
Банктерге кәсіпкерлік қызмет ретінде банктік қызметке қатысы жоқ және ҚР «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңмен тікелей көзделмеген операциялар мен мәмәлелерді жүзеге асыруға тыйым салынады.
Банктің:

1) қаржылық ұйымардың;

2) акциялары қызметін ҚР аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне ең жоғарғы листинг категориясы бойынша кіргізілген қаржылық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың;

3) кредиттік бюролардың, ломбардтардың, секьюритизация туралы ҚР заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржылық компаниялардың, бағалы қағаздарды орналастыру мақсатында құрылған ҚР резиденті емес арнайы ұйымдардың, лизингтік ұйымдардың, сондай-ақ қызметінің айрықша бір түрі банктің, банктердің қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың операциялық қызметін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке иелік ету және басқару болып табылатын ұйымдардың;

4) кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе осы ұйымдардың жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде, заңды тұлғалардың;

5) банк қауымдастықтарының (одақтарының);

6) ҚР резиденттері ретіндегі акционерлік инвестициялық қорлардың;

7) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесіндегі ҚР резидент еместері ретіндегі заңды тұлғалардың акцияларын және жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сатып алуын қоспағанда, банктерге заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін және акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
«Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңында заңды тұлғаның мыналарға: (1) сатып алу құнының банктің меншікті капиталына ; (2) банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жиынтық құнының банктің меншік капиталына; (3) сатып алынған акциялар санының заңды тұлға орналастырған акциялардың жалпы санына қатысына байланысты жарғылық капиталға қатысуы (акциялар сатып алуы бойынша) жөніндегі лимиттер белгіленген.
Банктерге:

бағалы қағаздары ең жоғарғы және одан кейінгі листинг санаты бойынша өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне кіргізілген заңды тұлғалардың облигацияларымен;

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржылық ұйымдардың облигацияларымен;

рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингісі бар шетелдік эмитенттердің облигацияларымен мәмілелерді қоспағанда, кәсіпкерлік қызмет ретінде өзге бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, банктер бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

1) брокерлік – ҚР және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не уәкілетті органның шешімі бойынша бұларсыз-ақ, тізбесін және негізгі активтерін сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен;

2) дилерлік - ҚР және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не уәкілетті органның шешімі бойынша бұларсыз-ақ, сондай-ақ тізбесін және негізгі активтерін сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен, «Банктер және ҚР-дағы банктік қызмет туралы» ҚР Заңының 8-бабымен белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен;

3) кастодиандық;

4) трансфер-агенттік.

Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе үйлесімді бірнеше түрін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.

a. Шет елден заем алу

Жоқ




b. Шет елде шоттар жүргізу

Жоқ




c. Резидент еместерді кредиттеу (қаржылық немесе коммерциялық кредиттер)

Жоқ




d. Ел ішінде шетел валютасымен кредиттеу

Жоқ

Уәкілетті банктердің шетел валютасымен резиденттер ретіндегі заңды тұлғаларға және резидент еместерге тек қана қолма-қол ашалай емес нысанда кредиттер беруге құқығы бар.

e. Елде шығарылған, шетел валютасымен деноминирленген бағалы қағаздарды сатып алу

Иә

Банктерге сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздар тізбесі банктік заңнамада айқындалған.

f. Шетел валютасындағы депозиттік шоттарды дифференциациясын ескеріп есепке алу

Жоқ




1. Міндетті резервтер

Жоқ




2. Өтімді активтерге қойылатын талаптар

Жоқ




3. Пайыздық ставкаларды бақылау

Жоқ




4. Кредиттік бақылау

Жоқ




g. Резидент еместердің депозиттік шоттарын дифференциациялап есепке алу

Жоқ




1. Міндетті резервтер

Жоқ




2. Өтімді активтерге қойылатын талаптар

Жоқ




3. Пайыздық ставкаларды бақылау

Жоқ




4. Кредиттік бақылау

Жоқ




h. Инвестицияларды реттеу

Иә




Банктердің шет елдегі инвестициялары

Жоқ




2. Резидент еместердің банктерге инвестициялары

Иә

Резидент емес банк уәкілетті органның келісімінсіз өзінің өкілдігін ашуға құқылы.

Резидент емес банктерге филиалдар ашуға тыйым салынады.

Рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған жағдайда, резидент емес заңды тұлғалардың банктік холдинг немесе банктің ірі қатысушысының мәртебесін сатып алу жөнінде уәкілетті органның келісімін алуына болады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес айқындалады.

Негізгі рейтингтік агенттіктердің белгілі бір рейтингісі бар резидент емес банктер еншілес банкке қатысты негізгі банк бола алады. Негізгі рейтингтік агенттіктердің тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтингті уәкілетті орган белгілейді.

Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін жеке тұлғалар, тікелей немесе жанама түрде резидент банктердің дауыс беруші акцияларына ие бола және (немесе) пайдалана, және (немесе) басқара алмайды.

Көрсетілген шектеу рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингісінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін банктерге қолданылмайды.

Банк құрылтайшысы болып табылатын резидент емес тұлғада тиісті мемлекеттің уәкілетті органының осы тұлғаға ҚР резидент банкінің акцияларына иелік етуге рұқсат бергені жөніндегі жазбаша хабарламасы (ҚР резидент емес банктері – банктерді қадағалау органы үшін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (ҚР резидент емес банктері – банктерді қадағалау органы үшін) көрсетілген құрылтайшының заңнамасы бойынша талап етілмейтіні жөніндегі өтініші болуы тиіс.

i. Ашық валюта позициясына лимиттер

Иә




1. Резиденттердің активтері және пассивтері бойынша

Иә

Валюта позициясының лимиттері мынадай мөлшерде белгіленген:

1) Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес дербес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осы деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валюталары және банктің меншік капиталы шамасының 15 пайызынан аспайтын мөлшердегі «Еуро» валютасы бойынша ашық валюта позициясының (ұзақ және қысқа) лимиті;

2) Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес дербес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осы деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валюталары және банктің меншік капиталы шамасының 5 пайызынан аспайтын мөлшердегі ашық валюта позициясының (ұзақ және қысқа) лимиті;

3) валютаның нетто-позициясының банктің меншік капиталы шамасының 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі лимиті.



2. Резидент еместердің активтері және пассивтері бойынша

Жоқ




2. Институционалды инвесторларға қатысты арнайы ережелер







а. Сақтандыру компаниялары

Иә

ҚР-да резидент емес сақтандыру ұйымының филиалдарын, сондай-ақ ҚР резиденті емес сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктерін құруға тыйым салынады.

Оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлға не жарғылық капиталында тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы заңды тұлғалар қатысатын заңды тұлға ҚР сақтандыру ұйымының құрылтайшысы бола алмайды.

1. Резидент еместердің бағалы қағаздар шығаруына шектеулер (ең үлкен)

Жоқ




2. Инвестициялар портфеліне шет елдегі шектеулер (ең жоғарғы)

Иә

Сақтандыру ұйымдарының шет мемлекеттердің бағалы қағаздарына, резидент еместердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына және халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздарына инвестицияларының жиынтық мөлшері сақтандыру ұйымының активтері сомасының отыз пайызынан (30%) аспауы тиіс.

Уәкілетті орган осы қағаздар үшін халықаралық қаржылық ұйымдардың тізбесін және "Standard&Poor's", "Fitch" және "Moody's Investors Service" рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласына сәйкес рейтингтік бағаға қойылатын талаптарды белгілейді.

3. Инвестициялар портфеліне елдегі шектеулер (ең төменгі)

Иә

Сақтандыру ұйымы басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарды қоса алғанда, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарына сақтандыру ұйымының активтері сомасының кем дегенде 15%-ын орналастыруы тиіс.

4. Активтердің/пассивтердің валюталық құрылымының сәйкестік нормативтері


Жоқ




b. Зейнетақы қорлары







1. Резидент еместердің бағалы қағаздар шығаруына шектеулер (ең үлкен)







2. Инвестициялар портфеліне шет елдегі шектеулер (ең жоғарғы)

Иә

Активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (жинақтаушы зейнетақы қоры) әрбір жеке Қордың инвестициялық басқаруда тұрған зейнетақы активтерін шет мемлекеттердің бағалы қағаздарына, шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына, халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздарына, шетелдік инвестициялық қорлардың пайларына зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің көп дегенде 40%-ын орналастыра алады.

Уәкілетті орган осы қағаздар үшін кредиттік рейтингтің ("Standard&Poor's", "Fitch" және "Moody's Investors Service" рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) халықаралық шкаласына сәйкес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингтік бағаға, сондай-ақ осы қағаздарды портфельде үлестік бөлуге қойылатын талаптарды белгілейді.

3. Инвестициялар портфеліне елдегі шектеулер (ең төменгі)




Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйым және/немесе жинақтаушы зейнетақы қоры ҚР жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ мемлекеттің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздарды және ҚҰБ салымдарын қоспағанда, зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің кем дегенде 25%-ын ҚР мемлекеттік емес бағалы қағаздарына (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарды қоса алғанда) орналастыруы тиіс.

4. Активтердің/пассивтердің валюталық құрылымының сәйкестік нормативтері

Д.ж.




с. Инвестициялық фирмалар және бірлескен инвестициялық қорлар







1. Резидент еместердің бағалы қағаздар шығаруына шектеулер (ең үлкен)







2. Инвестициялар портфеліне шет елдегі шектеулер (ең жоғарғы)







3. Инвестициялар портфеліне елдегі шектеулер (ең төменгі)







4. Активтердің/пассивтердің валюталық құрылымының сәйкестік нормативтері







Заңдық құжаттарға сілтемелер және гиперсілтемелер




«Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР 31.08.95 ж. № 2444 Заңы

«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР 18.12.00 ж. № 126-II Заңы

20.06.97ж. № 136-I «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР 02.07.03 г. №461-II Заңы


2005 жылғы өзгерістер.


I. ХВҚ мәртебесі







II. Валюталық реттеу шаралары







III. Валюталық режим







IV. Төлем және аударым тетіктері

18.12.05

2005 ж. 13 маусымдағы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы күшіне енгізілді.

V. Резиденттердің шоттары







VI. Резидент еместердің шоттары







VII. Импорт және импорт бойынша төлемдер







VIII. Экспорт және экспорттан түсімдер




01.01.05 ж. бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес экспортқа шығарылатын шикі мұнайға, газ конденсатына төленетін рента салығының төлеушілері тек жер қойнауын пайдаланушылар ғана емес, сонымен қатар шикі мұнайды, газ конденсатын экспортқа шығаратын кез келген заңды және жеке тұлғалар (өнімді бөлу туралы жасалған келісім-шарттар шеңберінде өз мұнайын экспортқа шығаратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда) болып табылады.

IX. Елеусіз операциялар және ағымдағы трансферттер бойынша төлемдер







X. Елеусіз операциялардан және ағымдағы трансферттерден түсімдер







XI. Капиталмен операциялар





XII. Қаржы секторына қатысты арнайы ережелер

08.07.05

23.12.05



Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңдарына өзгерістер енгізілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет