I. хвқ келісімінің баптарына сәйкес мәртебесі


X. Елеусіз операциялардан және ағымдағы трансферттерден түсімдер



бет6/7
Дата22.02.2016
өлшемі263.5 Kb.
#1604
1   2   3   4   5   6   7

X. Елеусіз операциялардан және ағымдағы трансферттерден түсімдер





1. Қайтару туралы талаптар

Иә

Қайтару талабы қызмет (жұмыс) экспортынан алынған валюталық түсімге қолданылады. VIII бөлімнің 1-тармағын қараңыз

a. Валюталық түсімді міндетті сату туралы талаптар

Жоқ




2. Қаражатты қолдануды шектеу

Иә

Қызмет (жұмыс) экспортынан алынған валюталық түсім осындай қызмет (жұмыс) нақты орындалған күннен бастап 180 өткеннен кейін рездинеттің уәкілетті банктегі шоттарына ҚҰБ тиісті лицензиясы болған кезде ғана есепке алынады.

Заңды құжаттарға сілтеме жасау және гиперсілтемелер




«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы

http://213.211.77.60/cont/publish557033_3640.pdf,

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” ҚҰБ Басқармасының 29.10.05 ж. № 134 қаулысы



http://213.211.77.60/cont/publish655894_2768.doc



XI. Капиталмен операциялар





A. Капиталмен операцияларды бақылау

Иә




1. Капитал нарығының және ақша нарығының құралдарын бақылау

Иә




a. Капитал нарығының бағалы қағаздарын

Иә

Бағалы қағаздар нарығының Қазақстандық кәсіби қатысушылары арқылы олар алған лицензиялар шегінде жүзеге асырылатын мәмілелер (тікелей инвестицияларға қатыстыларды қоспағанда) ҚҰБ лицензиясын алу не ҚҰБ-де тіркеу талап етілмейді.

1. Пай сипатындағы акциялар және басқа бағалы қағаздар

Иә




  1. Резидент еместердің ішкі нарықтағы сатып алуы

Иә

Егер сатып алу сомасы 300 мың АҚШ долларынан асқан және операция жүргізген резидент банктік ұйым болып табылмаған жағдайда резидент еместердің бағалы қағаздарды сатып алуы ҚҰБ тіркеледі. Тіркеудің талап етілуі брокерлік қызмет көрсету туралы шарт негізінде резиденттік брокерлік компаниялар арқылы жүзеге асырылатын сатып алуларға қолданылмайды.

Резидент еместер резидент банктерден акциялар және пай сипатындағы басқа да бағалы қағаздарды сатып алған кезде, егер сатып алу сомасы 300 мың АҚШ долларынан асқан жағдайда, резидент банктер жүргізілген мәміле туралы оны жасағаннан кейін ҚҰБ-не хабарлауы тиіс.

b. Резидент еместердің ішкі нарықтағы сатуы немесе шығаруы

Иә

Ішкі нарықтағы операциялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберу рәсімінен өтуді талап етеді.

Резиденттердің ішкі нарықта резидент еместердің бағалы қағаздарын сатып алуына резидент еместердің шетелде бағалы қағаздар сатып алуға қойылатын бірыңғай талаптар қолданылады. (төмендегі 1с қараңыз).

c. Резиденттердің шетелде сатып алуы

Иә

Резидент еместердің бағалы қағаздарын сатып алу үшін резиденттерге ҚҰБ лицензиясы талап етіледі. (1) егер сатып алуды банктер, сақтандыру ұйымдары, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асырса; (2) егер акцияларды және пай сипатындағы басқа да бағалы қағаздарды сатып алу нәтижесінде осындай салуды жүзеге асыратын резидентке қатысушылардың жалпы дауыс санының он және одан көп пайызы тиесілі болса (тікелей инвестициялау), ҚҰБ-нің валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы талап етілмейді. Соңғы жағдайда, егер сатып алу сомасы 10 мың АҚШ долларынан асса, жасалған мәмілені ҚҰБ-де тіркеу талап етіледі.

d. Резиденттердің шет елде сатуы немесе шығаруы

Иә

Шет мемлекет аумағындағы ҚР резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруына немесе орналастыруына уәкілетті органның тиісті рұқсаты талап етіледі.

Резидент еместердің резиденттердің бағалы қағаздарын сатып алуы, сондай-ақ резиденттердің бағалы қағаздарына депозитарлық жазбалар шығаруы акциялар не депозитарлық жазбалар сатудың немесе шығарудың көлемі балама 300 мың АҚШ долларынан асқан жағдайларда ҚҰБ-да тіркелуі тиіс.

Егер шығарылымның бастамашылары шығарылымның шарттары жөнінде ҚҰБ-ны хабардар ететін резидент банктер болып табылса, ҚҰБ-да тіркеу талап етілмейді.

2. Облигациялар немесе басқа борыштық бағалы қағаздар

Иә




a. Резидент еместердің ішкі нарықта сатып алуы


Иә

Резиденттердің бағалы қағаздарын резидент еместердің сатып алуы сатып алу сомасы баламадағы 300 мың АҚШ долларынан асқан және резидент банктік ұйым болып табылмаған жағдайда ҚҰБ-да тіркелуі тиіс. Тіркеуді талап ету (1) брокерлік қызмет көрсету туралы шарт негізінде резиденттік брокерлік компаниялар арқылы жүзеге асырылатын сатып алуларға; (2) резиденттердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың жерінде шығарылған бағалы қағаздарын сатып алуға; (3) ҚР шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға қолданылмайды.

Резидент еместер резидент банктердің облигацияларын және басқа борыштық бағалы қағаздарын сатып алған кезде, егер баламадағы 300 мың АҚШ долларынан асқан жағдайда, резидент банктер мәміле жасалып біткен соң бұл жөнінде ҚҰБ-ға хабарлауы тиіс.

b. Резидент еместердің ішкі нарықта сатуы немесе шығаруы

Иә

Ішкі нарықтағы бағалы қағаздармен операциялар бағалы қағаздарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған нарыққа айналысқа жіберу рәсімдерін жүргізуді талап етеді.

Резидент еместердің бағалы қағаздарын резиденттердің ішкі нарықта сатып алуына резидент еместердің шет елдегі бағалы қағаздарын сатып алуға қойылатын талаптар сияқты талаптар қолданылады (төмендегі 2с-ны қараңыз).

c. Резиденттердің шет елде сатып алуы

Иә

Резидент еместердің баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын бағалы қағаздарын сатып алу үшін, осындай сатып алуды банктер, сақтандыру ұйымдары, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда, резиденттерге ҚҰБ-ның лицензиясы қажет.

d. Резиденттердің шет елде сатуы немесе шығаруы

Иә

Шет мемлекет аумағында ҚР резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруына немесе орналастыруына уәкілетті органның тиісті рұқсаты талап етіледі.

Резидент еместердің резиденттердің бағалы қағаздарын сатып алуы,

резиденттердің бағалы қағаздарының, халықаралық капитал нарығында бастапқы орналасуын, оның ішінде резиденттердің бағалы қағаздарына депозитарлық жабалар шығаруды қоса алғанда, осындай бағалы қағаздар сатудың немесе шығарудың көлемі балама 300 мың АҚШ долларынан асқан жағдайларда ҚҰБ-да тіркелуі тиіс.

Егер шығарылымның бастамашылары шығарылымның шарттары жөнінде ҚҰБ-ны хабардар ететін резидент банктер болып табылса, ҚҰБ-да тіркеу талап етілмейді.

b. Ақша нарығының құралдарын

Иә

Ақша нарығының құралдарымен операциялар облигациялармен және басқа борыштық бағалы қағаздармен операциялар тәрізді реттеледі.

1. Резидент еместердің ішкі нарықта сатып алуы

Иә




2. Резидент еместердің ішкі нарықта сатуы немесе шығаруы

Иә




3. Резиденттердің шет елде сатып алуы

Иә




4. Резиденттердің шет елде сатуы немесе шығаруы

Иә




c. Ұжымдық инвестициялаудың бағалы қағаздарын

Иә

Ұжымдық инвестициялау бағалы қағаздарымен операциялар акциялармен және өзге де бағалы қағаздармен операциялар сияқты реттеледі.

1. Резидент еместердің ішкі нарықта сатып алуы

Иә




2. Резидент еместердің ішкі нарықта сатуы немесе шығаруы

Иә




3. Резиденттердің шет елде сатып алуы

Иә




4. Резиденттердің шет елде сатуы немесе шығаруы

Иә




2. Туынды және басқа құралдарды бақылау

Иә

Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілген туынды бағалы қағаздармен мәмілелерді есепке алу және тіркеу сауда-саттық ұйымдастырушысының бағалы қағаздармен биржалық сауда ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Резиденттер және резидент еместер арасындағы туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізу үшін, резиденттер банктер, сақтандыру ұйымдары, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылатын жағдайларды қоспағанда,

резидентгерге ҚҰБ-ның лицензиясы қажет.



Резиденттер және резидент еместер арасында туынды қаржы құралдарымен бағалы қағаздар нарығының қатысушылары қазақстандық кәсіби қатысушылары өздері алған лицензиялар шегінде жүзеге асыратын операциялар, шектеулерсіз жүзеге асырылады.

a. Резидент еместердің ішкі нарықта сатып алуы

Иә



b. Резидент еместердің ішкі нарықта сатуы немесе шығаруы

Иә




c. Резиденттердің шет елде сатып алуы

Иә




d. Резиденттердің шет елде сатуы немесе шығаруы

Иә




3. Кредиттік операцияларды бақылау

Иә




a. Коммерциялық кредиттер

Иә




1. Резиденттерден резидент еместерге

Иә

Баламасы 10 мың АҚШ долларынан жоғары сомадағы және кредиттеу мерзімі 180 күннен асатын коммерциялық кредиттер үшін ҚҰБ лицензиясы талап етіледі.

2. Резидент еместерден резиденттерге

Иә

Баламасы 300 мың АҚШ долларынан жоғары сомадағы және кредиттеу мерзімі 180 күннен асатын коммерциялық кредиттер үшін ҚҰБ-да тіркеу талап етіледі. Егер шарттың бүкіл сомасына мәмілелер паспорты ресімделсе, тіркеуді талап ету тауар жеткізуге байланысты коммерциялық кредиттерге қолданылмайды.

b. Қаржылық кредиттер

Иә




1. Резиденттерден резидент еместерге

Иә

Баламасы 10 мың АҚШ долларынан жоғары сомадағы және кредиттеу мерзімі 180 күннен асатын коммерциялық кредиттер үшін ҚҰБ лицензиясы талап етіледі. Тіркеуді талап ету резидент банктер беретін кредиттерге қолданылмайды.

2. Резидент еместерден резиденттерге

Иә

Баламасы 300 мың АҚШ долларынан жоғары сомадағы және кредиттеу мерзімі 180 күннен асатын коммерциялық кредиттер үшін ҚҰБ-да тіркеу талап етіледі. Тіркеуді талап ету баламасы 300 мың АҚШ долларынан жоғары сомада заем тартқан жағдайда, операция жасағаннан кейін ҚҰБ-ға хабарлауға тиіс резидент банктер беретін кредиттерге қолданылмайды.

c. Кепілдіктер, кепілдемелер және резервтік қаржы тетіктері

Жоқ




1. Резиденттерден резидент еместерге

Жоқ




2. Резидент еместерден резиденттерге

Жоқ




4. Тікелей инвестицияларды бақылау

Иә




a. Шетелдегі тікелей инвестициялар

Иә

Резиденттердің баламасы 10 мың АҚШ долларынан жоғары мөлшердегі тікелей инвестицияларын ҚРҰБ-да тіркеу талап етіледі. Тіркеуді талап ету операциялар жасағаннан кейін бұлар жөнінде ҚҰБ-ға хабарлауға тиіс банктерге қолданылмайды.

b. Елдегі тікелей инвестициялар

Иә

Резидент баламасы 300 мың АҚШ долларынан жоғары сомада тікелей инвестициялар тартқан жағдайларда, ҚҰБ-да тіркеу талап етіледі.

Тіркеуді талап ету операциялар жасағаннан кейін бұлар жөнінде ҚҰБ-ға хабарлауға тиіс банктерге қолданылмайды.

5. Тікелей инвестицияларды жоюды бақылау

Жоқ




6. Жылжымайтын мүлікпен операцияларды бақылау

Иә




a. Резиденттердің шет елде сатып алуы

Иә

Резидент ретіндегі заңды тұлғалардың 10 мың АҚШ долларынан жоғары жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуына байланысты резидент еместердің пайдасына жасайтын аударымдары ҚҰБ-да тіркелуі тиіс.

b. Резидент еместердің ішкі нарықта сатып алуы

Иә

Резидент еместердің баламасының құны 300 мың АҚШ долларынан жоғары жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуына байланысты резидент ретіндегі заңды тұлғалардың пайдасына жасайтын аударымдары ҚҰБ-да тіркелуі тиіс.

c. Резидент еместердің ішкі нарықта сатуы

Иә

Резидент ретіндегі заңды тұлғалардың 10 мың АҚШ долларынан жоғары жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуына байланысты резидент еместердің пайдасына аударымдары ҚҰБ-да тіркелуі тиіс.

7. Жеке капиталмен операцияларды бақылау

Иә




a. Несиелер

Иә




1. Резиденттерден резидент еместерге

Иә

Баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын мөлшердегі, 180 күннен астам мерзімге берілген несиелер ҚҰБ-да тіркелуі тиіс.

2. Резидент еместерден резиденттерге

Иә

Баламасы 300 мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде 180 күннен астам мерзімге алынған несиелер ҚҰБ-да тіркелуі тиіс.

b. Сый, қайырымдылық мұрагерлік және бас тарту өсиеті

Жоқ




1. Резидентден резидент еместерге

Жоқ




2. Резидент еместерден резиденттерге

Жоқ




c. Иммигранттардың шет елде борыштарды реттеуі

Жоқ




d. Активтер аудару

Иә

Валюталық операцияларды бақылауды жүзеге асыруға арналған критерий резиденттік белгі болып табылады.

Заңға сәйкес, резидент ретіндегі жеке тұлғаларға мыналар жатқызылды (1) шет елде тұрақты тұру құқығы берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, ҚР азаматтары, (2) ҚР-да тұрақты тұру құқығы берілген құжаты бар шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар.



1. Эмигранттардың шет елге аударымы

Иә

Растайтын құжаттар ұсынған немесе жазбалар жасаған жағдайда, жеке тұлғалар өз қаражатын шет елге шектеулерсіз аударуға құқылы.

2. Иммигранттардың елге аударымы

Иә

Растайтын құжаттар ұсынған немесе жазбалар жасаған жағдайда, жеке тұлғалар өз қаражатын шет елге шектеулерсіз аударуға құқылы.

e. Құмар ойындардың және сыйлықтардың ұтыстарын аудару

Жоқ




Заңдық құжаттарға сілтемелер және гиперсілтемелер




«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы

http://213.211.77.60/cont/publish557033_3640.pdf,

ҚҰБ Басқармасының 29.10.05 ж. №134 «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» қаулысы

http://213.211.77.60/cont/publish655894_2768.doc


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет