Саяси жарнама және бұқарамен байланыс
Жарнама ісіндегі саяси жарнама көбінесе сайлау қарсаңында депутаттыққа, президенттікке кандидат тұлғалардың үндеу сөздері және солар туралы портреттік жарияланымдары жатады. Мысалы, «Егемен Қазақстан» газетінің бір санында: «Республика Парламентіне сайлауға бекінген Ғалымжанның таңдаған мамандығының өзі еліміздің заң шығарушы органында қызмет жасауына толық мүмкіндік беретіндей. Оның бұған дейінгі қызметі барысында жинаған тәжірибесі де мол. Ғалымжан Сұраған депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсетін сөйлеу округінің сайлаушыларын алдына қойған мақсаты жолында табандылықпен тер төгетін, қиындықтардан қаймықпайтын Ғалымжан үшін дауыс беруге шақырамын. Осындай таңдау жасағандар қателеспейді» делінген.
Саяси жарнама – сайлау алдындағы науқанды жариялаудың анағұрлым қызулы дауын туғызатын жайт. Саяси жарнаманы берудің бірнеше жолы бар: біріншіден, телеарна арқылы, яғни эфирге шығу арқылы сайлау алдындағы өзінің үгіт-насихатын жасайтын кандидат халыққа үн қата алады. Екіншіден, плакат, афиша түріндегі жарнама саяси тұлғаларды өзін танытуына зор мүмкіндік береді. Үшіншіден, радио арқылы сұхбат беру немесе тікелей халық сұрағына жауап беру тәсілі бар. Төртінші, баспасөз арқылы халыққа өзін жария ету мүмкіндігі беріледі. Ең қымбат жарнама тележарнама болғандықтан эфир уақытының ұзақ-қысқалығын қаражат мәселесі шешеді.
Телеарна саласындағы саясат Комиссиясының 1991 жылғы мәжілісінде ақысы төленетін саяси жарнаманың алуан түрлі жайттары қаралды. Осы мәселе туралы елеулі қайшылықтар АҚШ тарапынан енген комиссия мүшелері арасында шиеленіс туғызды. Ақылы саяси жарнаманы пайдалану құқына шектеу қою туралы АҚШ конституциясында бар. Ақы төленетін жарнамаға тыйым салудың қандайына болсын қарсы шыққан Америка үкіметі мен ақпарат компаниялары өкілдері бұл ұсынысты қабылдатпай тастады. Бұл ақпарат компаниялары еркіндігін және кандидаттардың сөз еркіндігі құқын шектейтінін айқындайды. Ақылы саяси жарнаманы жақтайтындар да бар. Өйткені ол кандидаттың халыққа тікелей үн қатуына жол ашады. Сондай-ақ ол кіріс көзінің өрісін кеңейтеді.
Осындай түрлі себептерге байланысты – демократия жолына түскен мемлекеттерде кандидаттарға мемлекетті жүйемен сайысқа түсуге жағдай туғызу үшін және кандидаттардың сайлау науқанын аса ірі соманың қажетінсіз жүргізуге мүмкіндік жасау қажеттігіне байланысты теледидар саласындағы саясат Комиссиясы мынадай қорытындыға келді: Теледидар жүйесі кандидаттар арасында эфир уақытын тегін бөліп берсе, оған қосымша ретінде эфир уақытын сатып алуға, оны өз еркінше пайдалануға рұқсат берілуі тиіс. Ел арасындағы саяси жарнамаға теріс көзқарастың басты себебі, халықтың саясаттан хабарсыз және саясатқа сенбейтіндігінде болса керек.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағында «Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін орын белгілейді және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлық тормен жарақтандырады» делінген.
Заң бойынша «Үгіттік баспа материялдар барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылады. Кандидаттар үгіттік баспа материалдарын тиісті обьект иесінің рұқсатымен өзге де орындарда іліп қоюға құқылы» делінген.
Кез келген фирма немесе саяси тұлға үшін жарнама берудің қолайлы әрі қымбат түрі – эфирлік жарнама. Эфирлік жарнаманың басты алғы шарттарына мыналар жатады.
1. Саяси тұлға өзін жарнамалай отырып, халыққа жағымды әсер етуді көздейді.
2. Эфирлік уақытты тиімді пайдалану.
3. Эфирлік безендіру мен жарнама мәтінін байланыстыра жасау.
4. ҚР заңына бағына отырып, ҚР-ның мемлекетін құрметтеу.
5. Өзін насихаттай отырып, өзге кандидаттардың азаматтық құқығын сақтау.
Эфирлік саяси жарнаманың саяси тұлғалар үшін қолайлы болғанымен, саяси жарнамаға көп елдерде рұқсат етілмеген. Осы себептерге байланысты демократия жолына түсе бастаған елдерде кандидаттарға мемлекеттік жүйемен тайталасқа түсуге жағдай туғызу үшін, кандидаттардың сайлау науқанын аса ірі сома жинамай-ақ, журналистерге мүмкіндік жасау, теледидар саласындағы саясат комиссиясы мынадай қортындыға келді: Егер телехабар жүйесі кандидаттар арсында эфир уақытын тегін бөліп берсе, оған қосымша ретінде эфир уақытын сатып алуға, оны өз еркінше пайдалануға рұқсат етілсін»,- делінген.
Саяси жарнама феномені – қоғамдық өмірде маңызды орын алатын саяси институттар технологиясы. Ол - саяси процестер қызметінің дамуына және көпшілік санасына ықпал ететін саяси коммуникациялық, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары желісінің жетілуіне, жағымды имиджді қалыптастыруға тырысатын саяси тұлға немесе партиялар қызметінің біліктілігін арттыруға көмектесетін берден-бір құрал. Осы орайда саяси тактикаға негізделген технологияларды пайдалану және оны халық санасына дәл жеткізе алу тәсілінің қажеттігі тәжірибелі әрі әлуетті қызметті талап ететіні сөзсіз.
Саяси маркетингтік немесе коммуникация құралдары арқылы білгілі бір әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді жүзеге асыру, жарнама жасау, оны нақты объектіге немесе аудиторияға бағыттау саяси мақсатқа жету тәсілі.
Сайлау – қазіргі саясаттың маңызды бөлігі. Ол билік және басқару органдарының қалыптасуын, азаматтардың саяси еріктері сайлау жүйесінің ережелері арқылы іске асуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ол – азаматтар мен билік арасындағы ең маңызды арақатынас арналарының бірі. Сайлау нәтижесінде билік басындағылар өз іс-әрекеттері қаншалықты халыққа жағымды не жағымсыз екенін көре алады.
Сайлау жүйесі дегеніміз - өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібін айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Қазіргі кезде халықтың сайлау белсенділігнің өзгергіштігін сарапшылар былай түсіндіреді: сайлаушылардың сайлау аралығында енжарлықтары, селқостықтары сайлау кезінде ғана белсенділікке ұштасады. Олардың пікірінше, саяси өмірге әлуметтік топтардың көп араласу қоғамдық барлық саласында трасформациялық процестерге әкеледі. Сондықтан қазақстандақтардың саяси мәдениетін жетілдіру шараларын іске асыру керек.
Бүгінгі таңда Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайындағы саяси институттар құрылымдарының өркениетті ақпараттық технологияларды қолдану мен жүзеге асыру: саяси маркетинг және саяси коммуникация құралдары мен саяси жарнама тәсілдерін меңгеруі позитивті имиджді қалыптастырушы саяси кандидат пен партия үшін маңызды құрал болып табылады.
Жалпы, жарнама жасау біздің қоғамдық-ғылыми өмірімізге немесе экономикалық қатынастар жағдайында қолданысқа енуі өткен ғасырдың 30- жылдарында белгілі болды. Бірақ саяси жарнама жасау бұдан да ертерек, сайлау алдындағы тартысты ұйымдастыру кезінде пайдаланылған. Мәселен, АҚШ-та 1796 және 1800 жылдары республикандықтар мен демократтар өкілдері президенттік қызметке үміткер кандидаттарға жалпы талап қою және мәселелерді талқылауға салу жолымен саяси жарнама тәсілін пайдаланса, 1820 жылдың соңында Мартин Ван Буян оңтүстікте демократтардың сайлау алдындағы тартыста Джексонды қолдау науқаның жүзеге асыруға, өз кандидатурасын презденттік сайлауға ұсынуда табысты нәтижеге қол жеткізеді.
Демек, саяси жарнама электораттар шешімін өзгертуге тікелей немесе жанама ықпал ететін коммуникацияның ерекше түрі екен. Оның басты міндеті - ұсынылған тауар немесе саяси қызмет қарым-қатынасы жөнінде жағымды бейнені қалыптастыру.
Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси технология рөлінің атқарушы, ақпараттар өнімін қысқа әрі нақты етіп жеткізуі каналдарының дамуы көпшілік санасына ықпал етуші факторға айналады. Осы құралдар негізінде саясат субъектісі немесе объектісі жөнінде қалыптастырушы фактор саяси жарнама.
Саяси жарнама - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы саяси тұлға немесе партия жөніндегі белгілі бір имиджді қалыптастыратын коммуникациялық және маркетингтік қатынастар жүйесінің элементі.
Жарнаманың саяси иделеогиямен байланыстылығы халық пен тікелей қатынас орнатады. Бұл жөнінде американдық зерттеуші Джонкарло Буззи: «Жарнамалық хабарлама белгілі бір идеологияға қызмет ету арқылы пікірлер мен мінез-құлықты үйлестіруге тырысады», - дейді. Яғни жарнама - үгіт-насихаттың ерекше формасы. Ол үнемі дамып, өзгеріп отыруды талап етеді. Саяси жарнаманың бірінші кезектегі міндеті - саяси күштің, партияның және оның лидері мен өкілдерінің талғамға сай имиджін қалыптастыру.
Саяси жарнама жасаумен айналысатын институттар агенттіктері 70-жылдарда АҚШ-та пайда бола бастады, ал 80-жылдары оның саны күрт өсті. Саяси жарнама сайлау агенттіктері қызметінің дамуы 50-жылдардағы саяси жарнама тәсілін түбірінен өзгертті. Ол кезде қайталауға, ақпарат, вербальды хабарлар беруге негізделіп жасалса, 60 жылдардағы саяси жарнама тікелей эмоцияға бағытталған. Саяси сайлау болмаған жерде саяси жарнама да болмайды. Ал сайлау болған жерде саяси жарнаманы жасау мен дамыту үшін мүмкіндік бар. Сайлау процесі кезіндегі саяси жарнама қызметі - күрделі саяси бағдарламаларды қарапайым баламалар арқылы оңайлатып жеткізетін тәсіл. Осы қолайлылықты туғызу арқылы ол саяси күрес үшін тиімді құралға айналды. Саяси жарнама саяси бәсекелестіктер жағдайына функционалданады. Ол өзінің жеке объектісін (лидер, партия) басқалардан бөліп алады. Сондықтан біз оны әлеуметке бағытталған идеологиялық қызмет деп атауымызға болады.
Саяси жарнама қызметіне қарай әртүрлі болады, соның бірі – институтционалды жарнама. Институтционалды жарнама партиялар мен қозғалыстардың әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық маңызы бар қызметін жүзеге асыруға бағытталған жарнама болып табылады. Институтционалды жарнама саяси партияның «адамдардың қызығушылығы мен алғысына бөлейтін қандай да бір әлеуметтік және экономикалық жобалауға демеушілік жасауын, оның бір қоғамдық қордың құрылтайшысы болуы, халыққа танымал фестивальдардың, қайырымдылық концерттердің ұйымдастырушысы болуы, меценат рөлін атқаруы мүмкін шараларды жүзеге асыруды жарнамалайды».
Саяси жарнаманың плакат, буклет, листовкалар және басқалардан да маңызды құралдың бірі – телеарна. Оның партиялық күресті жүзеге асырудағы маңызды рөлі өзара тығыз байланыстағы екі факторға негізделеді.
Бірінші фактор – телеарналардың көпшілік санасына ықпал ету ерекшелігі. Телекөрермендердің экраннан барлық құбылысты бақылауы, оның нақты жағдайды көрермен ретінде емес, оқиғаға қатысушы ретінде сезінуін туғызды. Сөйлеушінің көрермендермен тікелей байланысуы олардың сөйлеушіге деген сенімі мен ықыласын бекіте түседі, бірақ телеарна оның барлық әлсіз жақтарын аша алады. Сондықтан телеарналарда сөйлеу жан-жақты дайындықты талап етеді.
Екінші фактор – саясаткерді жеке даралау процесі. Көп жағдайда бұл телеарна ерекшелігіне байланысты. Ол кандидаттың ертеңгі күні сайлаушының назарын аударатын қабілеттілігін, тіптен оның сыртқы ерекшеліктерін, рөлін бірнеше мәрте күшейте алады, саны мен бірге оның өзі мүше партиясының рөлін төмендеуге ықпал жасай алады. Телеарналардың саяси жарнама жасаудағы рөлінің маңыздылығы әрбір саяси имидж жасаушы партия немесе кандидаттың нақты бейнесін көрерермендерге жеткізе алуында.
Біріншіден, телеарна көрермендерге саяси партия немесе кандидаттың жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін, оның бағдарламалық мақсаттарын, образын халыққа жағымды факторлар негізінде көрсете отырып, позитивті имиджді қалыптастырса, екіншіден, ол бәсекелестер күресі нәтижесінен қарсыласының имиджін бұрмалап жеткізу және теріс пікр қалыптастыру үшін де ұтымды тәсілді жүзеге асыра алдады. Яғни бұл жағдай көрерменге арнайы субъектінің екі жағын өзінің қатысуымен емес, арнайы имиджмейкерлер арқылы жасалған бейнені «мәжбүр» мойындауына итермелейді. Телеарналардан кейінгі келесі маңызды фактор - саяси күрес технологиясын тұтасымен өзгертетін және саяси жарнаманың негізін құрайтын компьютерлік технология. Компьютерге енгізілген ақпараттық мәліметтер көпшілік сайланушылардың негізгі субъектіден күтетін мақсаттары мен көңіл-күйін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге кандидаттың имиджін анықталған көңіл-күй мен кандидаттан күтілетін талаптарға сәйкес «түзетуге» мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ компьютер басқа мақсаттарды «тікелей почта» жарнамасы түрінде жүзеге асыра алады. Сайлаулар тәрбиесінен белгілі болғандай алдымен электрораттардың әртүрлі топтары тыңдалып алынып, оларға кандидаттың үндеуі мен «жеке» қолы қойылған «арнайы» хаттары жазылып жіберіледі.
Бұл тәсіл «қарапайым» адамдар үшін «назар аудару» болып табылады, оның өзінің белгілі бір жауапкершілікті сезінуіне әсер етеді.
Сонымен, саяси жарнама үшін жағымды имиджді қалыптастыру -сайланушылар сенімі мен ықыласын жаулап алудың белгілі бір объектісі немесе субъектісі жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыруы.
Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны - сайлау. Оның сипаты үкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер етері сөзсіз.
Сайлаудың негізгі құрамдас бөліктері төмендегідей:
- берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында алып қарағанда, сайлаудың саяси – ұйымдастырылуы бейнеленеді;
- сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастыру жағын көрсетеді.
Сайлаушылардың берген дауысын санау тәсілі мен депутаттық мандатты беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған шетелдерде абсолютті көпшілікті мажоритарлық жүйе (Франция), пропоционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Франция) аралас жүйе түрінде қолданылады.
Мажоритарлық жүйе бойынша белгіленген дауыстың басым бөлігіне не болған үміткерлер сайланған болып есептелінеді. Басым көпшілік салыстырмалы әлде абсолютті немесе біліктілікті болуына орай өз ішіндегі тағы түрлерге бөлінеді.
Сайлаудың бір мандаты округтер бойынша өткізілуі, нәтижеге жету үшін сайланушылардың шағын бөлігі болуын белгілейді. Егер мұндай шек белгіленбесе сайлау заңсыз деп саналады. Ал дауыс берген сайланушылардың басым көпшілігі қолданған үміткерлер (егер бір дауыс болған жағдайда) сайланған болып есептелуі мажоритарлық жүйенің негізі ерекшеліктерін құрайды. Аталған жүйенің оңды сипаты оның Парламентке тірек боларлық тұрақты үкімет қалыптастыру қабілеті болып табылады.
Негізгі саяси процесс сайлау комиссияларының ішкі ұйымдастырушылық формасында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында өткен сайлау процесінің сипатына ой жүгірте отырып, бір негізгі басты кемшіліктерге тоқталамыз:
1. Әртүрлі саладағы кандидаттардың жаппай (саяси тәжірибесі бары да, жоғы да) түрлі қолдаулар (материалдық және қоғамдық ұйымдар) көмегімен сайлауға қатысуы;
2. Халықтық мүддеден жеке мүдденің жоғары тұруы;
3. Үгіт-насихат жүргізу шеңберінің тарлығы (туыс-туған, таныс жора-жолдас немесе белгілі бір мекеме аумағында);
4. Өзі сайлауға түскен аумақтың әлеуметтік-экономикалық мақсат-мүдделері жөніндегі ақпараттану деңгейінің, саяси тәжірибесі мен біліктілігінің төмендігі;
5. Саяси жарнама жасау тәсіліндегі «сауатсыздық» пен имиджінің қалыптасуы және т.б.
Осы сайлау процесіне қатысушылардың жұмыс механизмдерін қорытындылай келе, жалпы қалыптасқан жағдайдан халық санасын жаулап алудың (манипуляция) әлеуметтік-психологиялық тәсілінің стихиялық көрініске ие болғанын көреміз.
Саяси жарнамалардың сезімдік сипатқа ие болуы электорат санасына ықпалды әрекет етуіне бағытталған. Жарнама жасау техникасы әлеуметтік ортамен, психологиялық және жас ерекшеліктеріне, сондай-ақ халықтың санасына, қарапайым халықтың ойына қонымды тілде жасалуы тиіс. ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында өмір сүрген француз ғалымы, әлеуметтік психология ғылымының өкілі Густав Ле Бон өзінің «Халық психологиясы» атты кітабында: «Идеялар мінез-құлыққа ықпал ете алмайды, егер олар сезімге әсер ететін тілге аударылмаса», - дейді.
Қорытындылай келе, респонденттердің басым көпшілігі сайлау институты арқылы мемлекет органдарының қалыптасуына өз үлестерін қоса алатындарына көздері жететінін және олардың көпшілігінің сайлау институтына сенімдерінің мол екенін көреміз. Бірақ халық арасында зерттеу нәтижесі бойынша, респонденттердің 35,3 % - і сайлау институтына сенімсіздік көрсеткен. Адамзаттың үштен бір бөлігінен астамы күнделікті тіршілікте саясаттан тыс қалып қана қоймай, 4-5 жылда бір болатын сайлау кезінде өз азаматтық борышын өтеуден бас тартуы қоғамтанушыларды селқос қалдырмауы керек.
Жоғарыда сарапшылардың адамдар неғұрлым саяси өмірге ат салысуы қажет деген пікірін айтып кеткенбіз. Әлеуметтанушылардың тілімен айтсақ, саяси әлеуметтану үрдісін жетілдіру керек. Бұл мәселені шешуде тек отбасы, оқытушылар мен ғалымдар ғана емес, мемлекеттік органдар мен саяси партиялар, бірлестіктер, қозғалыстардың , БАҚ-тың рөлі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |