І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Заманауи санитарлы-микробиологияның алдында қандай атқаратын міндеттері бар тізімдеңіз



бет16/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Санитар сессия ответы толык еместт

20. Заманауи санитарлы-микробиологияның алдында қандай атқаратын міндеттері бар тізімдеңіз.
Заманауи санитарлық микробиология қоршаған орта нысандарында санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер мен басқа да микроорганизмдерді анықтау және идентификациялау жұмыстарында микробиологиялық зертхананың балау әдістерін пайдаланады.
Қоршаған орта объектілерінің жалпы микробтармен ластану дәрежесі мен санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің саны көбейген сайын ондағы патогендердің де болу ықтималдығы да жоғарылай түседі. Осыған байланысты қоршаған орта объектілерінің микробтармен жалпы ластану дәрежесі және санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің рұқсат етілген деңгейі анықталады.
Микробтармен жалпы ластануының рұқсат етілген деңгейі судың (м.ж/мл), ауаның (м.ж/м3) және тағамдық өнімдердің (м.ж/г) санитарлық жағдайларына қарай баға беруде қолданылады.
Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштер бойынша тағамдық шикізаттар мен тағам өнімдерінің қауіпсіздігін белгілеуде рұқсат етілмейтін микроорганизмдердің болуы тиіс емес көлемі (мөлшері) анықталады. Басқа жағдайларда 1 г (мл) өнімдегі колония түзуші бірлік (КТБ/г, мл) мөлшерінің нормативі көрсетіледі.
Әдетте, зерттеуге алынған үлгілердің санитарлық-микробиологиялық сипаттамасын анықтау үшін кешенді тесттер бір уақытта қолданылады: жалпы микробтармен ластануын анықтау (микробтардың жалпы саны); санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау және оларды титрлеу.
Жалпы микробтармен ластануы немесе зерттеу үлгілеріндегі микробтардың саны 1 мл сұйықтықтағы немесе 1 г қатты заттағы микроорганизмдердің жалпы санымен анықталады.
Микробтардың санын анықтау жанама әдіс болып табылады және зерттеуге алынған үлгілерде патогенді микроорганизмдердің барын немесе жоқ екендігін болжауға мүмкіндік береді. Үлгінің микробтармен ластануын анықтайтын екі әдіс бар. Оның біріншісі микробтарды тікелей санау әдісі, ал екіншісі зерттеуге алынған сынамалардың түрлі сұйылтымдарын қоректік орталарға себу әдісі.


21. Микробиологиялық зерттеудің принциптері мен әдістері туралы жазыңыз.
Санитарлы- микробиологиялық зерттеулердің нəтижесіне əртүрлі факторлар əсер етуі мүмкін, сондықтан келесідей шарттарды орындау қажет: үлгілерді дұрыс алу; жүргізілетін анализдердің қайталану жиілігі; зерттеудің тек ғана стандартты жəне унифицирленген əдістерін қолдану; тестерді (тікелей жəне жанама) кешенді түрде қолдану; объектілерді бағалауды алынған нəтижелерді жинақтай отырып жүргізу (органолептикалық, химиялық, физикалық жəне басқада əдістер арқылы алынған нəтижелерді ескеру).Шартты-потогенді микроорганизмдер. Олардың саны олар дамып көбейе алатын өнімдерде кездеседі. Демек, кейбір сүт өнімдерінде сарғыш стафилококтың, тағамдық интоксикация қоздырғышы ретінде болуы байқалады. Мұндай өнімдерге ірімшік, сүзбе жатады.
«Микробиологиялық төзімділік» түсінігі потенциалды мүмкіндіктерін бұзылмай сақтау дегенді білдіреді. Өнімнің микробиологиялық төзімділік көрсеткіштері тобына екі көрсеткіштер жатады: микроскопиялық саңырауқұлақтардың санын және дрожжилардың болуын анықтайды. Бұл микроорганизмдер кең температуралық диапазонда дамуға кабілетті және тағам өнімдерін ұзақ уақыт сақтау кезінде бұзылуының себебі болып табылады. Сондықтан бұл көрсеткіштер сақтау мерзімін және сақтау режимін, сонымен қатар өсімдіктектес және өсімдік шикізаты қосылған жануартектес өнімдерді орнықтылау үшін міндетті түрде анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет