І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Санитарлық микробиологиялық зерттеудің принцптері жайлы түсіндіріп айтып беріңіз



бет24/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
Санитар сессия ответы толык еместт

33. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің принцптері жайлы түсіндіріп айтып беріңіз.
I-сынаманы дұрыс(стерильді) күйде алу - санитарлық-микробиологиялық зерттеулердегі барлық жағдайлар нормативті құжаттарға сай жүргізіледі. Сынаманы алған кездегі қателік дүрыс емес және қайтымсыз қортынды сараптамаларға әкеліп соғады. Сынаманы тасымалдау кезінде зерттелетін объектідегі бастапқы микрофлораның көбейіп кетпеуін және тіршілігін жоймау үшін жағдай жасау қажет. Сондықтан да, сынаманы алғаннан кейін 2 сағат ішінде зерттеуді өткізу қажет, бірақ осы уақыт ішінде оны жеткізу мүмкін болмаса, онда сынаманы контейнер тоңазтқышта +4–10ºс сақтау және тасымалдау уақытты 6 сағатқа дейін. Әр сынама құжатпен қоса зертханаға жіберіледі: құжатта зерттелетін материалдың аты, сынаманың номері, алу уақыты, алған жері, объектінің сипаттамасы, сынаманы алған маманның аты-жөні, қолы жазылады.
II - сараптамаларды әр жерден жекелеп жүргізу (серийность проводимых анализов).Объектіде әр түрлі микроорганизмдер бар. Сондықтан да зертелетін объектіден сынаманы әр учаскілерден (аймақтан) алады, мүмкіншілкке қарай сынаманың санын көп мөлшерде алады және объекті жайлы толық сипат беруге мүмкіндік береді. Зертханаға жеткізілген сынаманы араластырып, керекті материалды дәл өлшеп алады да әрі қарай зерттеу жүргізіледі.
III- сынаманың алуын қайталау — салыстырмалы нәтижесін алу үшін қажет. зерттелетін материалдар тұрақсыз яғни өзгеріп тұрады (су, ауа және т.б.), онда уақыт бойынша және кеңістікте микрофлораның ауысуы өте жоғары. Патогенді микроорганизмдер қоршаған ортаға аздаған мөлшерде түседі және таралуы бір келкі емес. Сондықтан да сынаманы қайтадан алу қоршаған орта
объектілерінде биологиялық контаминацияны нақты анықтауға көмектеседі.
IV - бекітілген тиісті нұсқауларды, стандартты және жүйелі зерттеу әдістерін қолдану. Контаминация бойынша субстратты салыстыруға мүмкіндік береді.
V - басқа да гигиеналық көрсеткіштер (органолептикалық, химиялық, физикалық және т. б.) есебімен қоса, санитарлы-микробиологиялық тестілерді қолданып, зерттелген объектілердің сараптамаларының қорытынды жиынтығына бағалауды жүргізу.
VI - тест кешендерін қолдану. тура және жанама әдістерді қолдану арқасында бірдей мәлімет мүмкіндігін алу.
VII - зерттелетін объектілердің жағдайы туралы нақты қорытынды жасап және тұжырымын негіздеу санитарлы қызметегі дәрігерлер жауапты. Тағам өнімдерін, су қоймаларындағы суды қолдануға, өндірістің санитарлық талаптарға сай емес себептеріне байланысты жабылуы экономикалық шығынға әкеліп соғады. Осындай шешімдер қабылдау үшін санитарлы дәргігер жауапты. Алынған нәтижелерді әділ бағалау және қортынды жасау үшін дәрігерлер стантарттарды қолданады, қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет