40. Вакциналар, бактериофагтар және адам микрофлорасын қалпына келтіретін препараттар ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Бактериофагтар (бактерия және гр. phagos — жегілер), бактерия жалмаушылары — бактерияларды, т.б. микроорганизмдерді ыдырататын вирустар; бактериялар жасушасын зақымдайтын және олардың еруін тудыратын вирустар .Бактериофагтар көптеген бактериялардан, соның ішінде патоген (ауру қоздырғыш), сапрофит (өлекселермен қоректенетіндер) топтарынан, сәулелі саңырауқұлақтардан, көк-жасыл балдырлардан табылған. Ол адам мен жануарлардың ішек-қарындарында, өсімдіктерде, топырақта, табиғи және ақаба суларда, көңде, т.б. ортада кездеседі. Бактериофагтар топырақтағы микроорганизмдерге зиянды әсер етіп, ондағы пайдалы процестердің (аммонилану, нитрлену, атмосфера азотын тұту) қалыпты жүруіне кесірін тигізеді. Сондай-ақ, Бактериофагтар азотобактердің азот тұтушы қабілетін, патоген бактериялардың улылық және антигендік қасиеттерін өзгерте алады. Ал кейбір Бактериофагтар микробтарды жүйелеу саласында, микробиол. синтездеуде (антибиотиктерді, амин қышқылдарын, сүт өнімдерін, бактериялық тыңайтқыштарды даярлауда, т.б.), сонымен қатар адамдар мен жануарларда кездесетін бірқатар жұқпалы (оба, іріңдеткіш стафилакоктар, тырысқақ, іш сүзегі және анаэроб инфекциялары) ауруларды қоздыратын бактериялардан алдын-ала сақтандыру және емдеу мақсатында қолданылады. Генетика мен молекулялық биологияның теориялық мәселелерін анықтап,шешуде Бактериофагтардың маңызы зор.
Адам Микрофлорасының күрт өзгеруі зиян және пайдалы бактерияларды жоятын антибиотиктермен емделуді қажет етеді. Өз әсерін балансталмаған тамақтану, қоршаған ортаның ластануы, есеңгіреу, иммунитеттің нашарлауы, тіпті кез келген инфекция да ішектегі пайдалы бактериялар санын төмендетеді. Пайдалы бактериаларды пробиотиктер көмегімен қалпына келтіруге болады. Олардың көмегімен ішек жасанды түрде табиғи флораны қалыптастыра бастайтын пайдалы микрофлорамен толтырылады.
Вакцина (лат. vacca -сиыр, vaccіnus- сиырдікі)-микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Достарыңызбен бөлісу: |