І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Өсімдік, жануар, адамның вирустық инфекцияларын көрсетіңіз



бет65/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Санитар сессия ответы толык еместт

41. Өсімдік, жануар, адамның вирустық инфекцияларын көрсетіңіз.
Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік (син.: ауру қоздырғыштық) дәрежесіне қарай барлық микробтарды үш топқа бөледі:Патогенді,шартты патогенді,сапрофиттер
Патогенділер (грек: pathos азап шегу, зиян шегу; genis - туылу) – бұл адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Сапрофиттер(грек: sapros – шіріген, phyton - өсімдік) немесе патогенсіздер – бұл өсімдіктердің және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар. Шартты-патогенділер (син. : потенциалды патогенділер немесе оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары) – бұл макроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына түскенде (пассивті енгенде) ауру туғызушылық әсер ететін микробтар. Олар патогенді микробтар мен сапрофиттердің аралық жағдайында орын алады. Жасушаішілік паразиттік тіршілік ету қабілеттілігіне қарай осындай микробтарды үш топқа бөлуге болады:Облигатты-нағыз,Факультативті-салысьыырмалы,жасушадан тыс-облигатты


42. Вирустардың құрылысы, жіктелуі, репродуциясы және маңызын көрсетіңіз.
Вирус(лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың биологиясы, теориялық және практикалық зерттеу арқылы анықталады. Вирустар репродукциясы - вирустардың адам, жануар, құс, өсімдік және бактериялар ішінде немесе тірі торшалардың ішінде өсіп жетілуі. Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де, бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді. Сондықтан көбею деген "репродукция" сөзімен көрсетіледі. Вирустар репродукциясы - күрделі, көп қырлы процесс, бірнеше сатылардан тұрады.
ВИРУСТАРДЫҢ РЕПРОДУКЦИЯСЫ
Жасуша бетіндегі вирустық адсорбция
Ішке енуі
Вириондардың шешінуі
Вириондардың компоненттік синтезі
Вириондардың құрастырылуы
Варионның жасушадан шығуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет