І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Микроағзалардың өсіп дамуында температураның ықпал етуін (психрофилдер, мезофилдер, термофилдер) көрсетіңіз



бет69/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Санитар сессия ответы толык еместт

48. Микроағзалардың өсіп дамуында температураның ықпал етуін (психрофилдер, мезофилдер, термофилдер) көрсетіңіз.
Физикалық факторлардың ішінде температураның микроорганизмдер үшін маңызы зор.Бірақ микроорганизмдер өсімдіктер мен жануарларға қарағанда температураның құбылуына төзімді келеді. әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктессі бар: оптималь - ең тіршілікке қолайлытемпература;
Минималь – бұл тіршілікке қажетті температураның ең төменгі шегі; макисаль - микроорганизмдер тіршілік ететін температураның жоғарғы шегі. Бұдан жоғарыласа, тіршілік ете алмайды. Жалпы микроорганизмдердің температураға қатысын зерттегенде оларды үш топқа бөлуге болады:
1.Психрофилдер.
2.Мезофилдер.
3. Термофилдер.
Психрофилдер. (гректің психрос –сусыз деген сөзіненшыққан). Салқын сүйгіш бактериялар. Бұларға кейбір топырақ және теңіз бактериялары, сонымен бірге балық және су өсімдіктеріне ауру қоздырғыш микроорганизмдер жатады. Көптеген психрофилдер мезофилдер үшін қолайлы температураларда өсе береді. Бұл топтағы микроорганизмдердің кейбір өкілдері төменгі температурада өсуге бейімделген. 25оС және одан да жоғары температура тіршілігн жояды. Бұларды облигат психрофилдер деп атайды. Психрофилдер 5оС немесе одан да төмен температурада өсуге бейімделген.
Мезофилдер (гректің мезос – орташа, аралық деген сөзінен шыққан). Микроорганизмдердің басым көпшілігі осы топқа жатады. Олардың ішінде ауру қоздырғыштары да бар. Адам мен жылы қанды жануарларда солардың дене температурасы деңгейінде жақсы өніп-өседі.37-40градус
Термофилдер (гректің термо-жылы деген сөзінен шыққан). Жоғарғы температурада тіршілік етуге бейімделген, жылу сүйгіш микроорганизмдер. Олар үшін ең төменгі температура 35-40 оС.+55-+120градус ,Термофиль микроорганизмдердің жоғары температурада тіршілік етуі олардың клетка мембранасында болатын липидтердің құрамының ерекшеліктеріне және белоктары мен ферменнерінің температураға өте шыдамдылығына байланысты.


49. Микроорганизмдердің ауа, топырақ, су қоймаларында таралуы және рөлін көрсетіңіз.
Топырақ барлық микроорганизмдер тіршілік ететін ортасы болып табылады. Топырақтан микроорганизмдер тіршілігі үшін қажет барлық қоректік заттармен, ылғалмен, оттегімен және оларды тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғайды. Топырақ микрофлорасы формиравания және өзін –өзі тазалау процесіне және табиғаттағы заттардың айналымына активті қатысады
Топырақтың тұрақты мекендеушілеріне әр түрлі шірітуші, сора түсгіш, аэробты бактериялар және анаэробты бактериялар және де термтофильді бактериялар, пигментті, коккты формалар. Сапрофитті коктардан көбінде микрококтар көп кездеседі. Топырақта нитрифицирлеуші, денитрифицирлеуші, азотфиксациялаушы бактериялар, сұр және темір түсті бактериялар, клетчатканы таратушы бактериялар, актономициттер, зең саңырауқұлақтары, ащытқылар, протозойлық организмдер, микроскопиялық балдырлар кездеседі. Кейбір түрлері адам организміне түскен жағдайда улы болып табылады.Анаэробты жағдайда тотыққан қарапайым қосылыстарды қалдықтарыминералдануға дейін ыдырайды, ол кезде газ тәрізді заттар және азық-түлік түріндегі органикалық қышқылдар түзіледі.Топырақ микрофлорасын екіге бөлінеді: автохтонналық ол гумосовые заттарды тікелей топырақтан алады, және сапрофитті немесе зимогендік оларға органикалық заттар топыраққа сырттан түседі. Автохтонналық түріне келесі туыстар жатады: Bacillus, Bacterium, Mycobakterium, Bactoderma, Clostridium, Pseudomonas,соныменқатар саңырауқұлақтардан Penicillium, Aspergillus. Зимогендік түріне спора түзбейтін, түрінің қай туысқа жататыны қиын анықталатын бактериялар жатады.
Ауа микрофлорасының көзіне топырақ жабындысы, өсімдіктер менжануар әлемі жатады. Ауа микроорганимздерге қолайлы орта емес, себебі ауада бірқалыпты температура, қоректік заттар жоқ, ылғал жоқ, сонымен қатар микроорганизмдерді өлтіретін күн энергиясы бар және т.б. Ауа микрофлорасы топырақ микрофлорасы мен су микрофлорасына қарағанда өміршең емес, Ауа микрофлорасы құрамы қоршаған ортаны ластаушыларға жатады, бірінше ауаның шаңы топыраққа енуін айта аламыз.Ауа микробына сапрофиті бактерия түрлерін жатқызамыз, олар топырақ микробтары арқылы пайда болады. Табиғи жағдайда ауада 1200 түрлі бактериялар мен актиномициттер кездеседі, сонымен қатар 40 мыңдай саңырауқұлақ , папоротник түрлері кездеседі.Атмосферның беткі жағында зең саңырауқұлақтары болады. Ауадан жиі келесідей микроорганизмдер бөлінеді: Bac. Subtilis, M.flavus, Bac.megatherium, Bac.mycoides, Sarcina alba, Micrococcus candicans, Staphylococcus aureus, St. citreus, Torulo alba, Penicillium, Aspergillis, Mucor, Actinomyces және т.б.Ауа микрофлорасы жердің географиялық ерекшелектеріне, уақыт мерзіміне, метеорологиялық жағдайына, санитарлық жағдайына байланысты өзгереді.Микроорганизмдер ауада тамшы немесе шаң түрінде микробты аэрозоль түрінде кездеседі.Бір жасушалы микроорганизмдер мұхиттарда, арктика мұзында, тауларда кездеседі.Ауада микроорганизмдер жергілікті жерлерде және өңдіретін жерлерде көп болады, себебі үнемі қозғалыс кезінде микроорганимздер жоғары жаққа көтеріледі.Патогенді микроорганизмдер топыраққа адамдар немесе жануарлардан, әртүрлі қалдықтардан түседі. Олар құрғағаннан кейін шаң мен ауаға көтеріледі.
Топырақтағы сияқты суда микроорганизмдер өмір сүретін орта болып табылады, микроорганизмдер суда да өмір сүреді, көбейеді, көміртек,азот, темірдің және т.б. процесстеріне қатысады. Көбінесе микроорганизмдер суға топырақтан түседі, кейбіреулері ауадан шаң арқылы түседі. Су қоймаларыныңмикрофлорасы табиғи жағдайда биологиялық балансқа кіреді. Микроорганизмдер судағы органикалық заттардың минирилизациясына маңызды рөл атқарады,сондықтан ол табиғаттағы зат алмасуға аса маңызды. Автохтонды (өзі тіршілік ететін, бірінші уақыттан тіршілік ететін микрофлора, табиғи тіршілік ететін ортасы су болып табылады) бактериялардың мөлшері 1 см3суда бір мыңнан бірнеше мыңға дейін болады. Бактериялар көбінесе водоемның төменгі жағындағы иланың беткі жағында көптеп кездеседі. Аллохтонды бактериялар суға жер асты суларынан түседі.Әруақытта болатын су бактерияларына: Azotobacter, Nitrobacter, Microccus roseus, Pseudomonos flurescens, Bact. Aquatalis, Proteus vulgaris, Spirillumжәне т.б жатады. Сапрофиттен басқа суда инфекционды ауру туғызатын бактериялар болады.Судағы патогенді микрофлоралардың көзі болып ауру адамдар менжануарлардан жұғатын инфекцияларды айтамыз, бұлар арқылы суға патогенді және патогенді емес микроорганизмдер түседі. Судан көбінесе су инфекциясы және лас судан болатын аурулар: холера, брюной тиф, дизентерия, лептоспироз, полиомиелит, гепатит, Ку лихородка және т.б. аурулар жатады. Санитарлық микроорганизмдердің көрсеткіші ретінде суды зерттегенде адамның менжануарлардың жақсымикрофлорасын алады, оларға: ішек таяқшалары, энтерекокктар, клостридиялар, протейлар және т.б жатады. Олардың мөлшері көбейген сайын олардың ішіндегі патогенді микроорганизмдерде көп, оларға: сальмонеллалар, холера,дизентерия, гепатитқоздырғыштары және т.б жатады. Нақты қоздырғыштар санын анықтау қиын, сондыктан судың санитарлық бағасын ішек таяқшаларының мөлшеріне байланысты береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет